«Жарнама» - қатысушылар 2 топқа бөлініп, бірер минуттан кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топтың жағымды қасиеттерін тану.
Жаттығу 2. «Театр: бәрі қатысатын пьеса» - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ – сценаристер, екінші топ – режиссерлер, үшінші топ – актерлер, төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.
Жаттығу 3. «Миссис Мамбл» қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей «Кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі « жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын» деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.
Жаттығу 4. «Не істегенімізді тап» - қатысушылар белгілі бір іс – әрекетті көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс – әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топты біріктіру .
Жаттығу 5. «Имитатор» - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды эмоциялық ,жағынан ашу.
Жаттығу 6. «Психологиялық көмек» - қатысушыларға «мені мынау үшін жақсы көрмеуі мүмкін ....» сөйлемін аяқтау беріледі. Ал көршісі «бәрібір сен жақсысың, өйткені ......». Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушылардың төмен өз бағалауын көтеру.
Жаттығу 7. «Қоңырау» - қатысушылар бір – біріне тығыз тұрып, шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал басқалары оны тербетеді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне деген сенімділікті арттыру.
Жаттығу 8. «Мен саған сыйлаймын» - қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.
Жаттығу 9. «Менің жетістіктерім»- әрбір қатысушы берілген қағазға соңғы уақыттары өзі қол жеткізген табыстары туралы жазады. Парақшалар ілінеді. Қатысушылар барлығын оқып шығады. Соңында рефлексия жүргізу қажет: Сіздің жетістіктеріңізге деген өзгелердің көзқарасы мен пікірі сіз үшін қызықты болды ма?
Жаттығудың мақсаты: Қатысушылардың жеке жетістіктерін бағалай білу.
Жаттығу 10. «Бой ұзындығы бойынша тұру»- Тренердің командасынан кейін қатысушылар көздерін жұмып, бойлары бойынша қатарға тұрулары қажет. Жаттығудың мақсаты: Ұжымда нәтижелі жұмы істеу, өз әрекеттері мен өзгелердің әрекеттерін талдау.
Пайдаланылған әдебиттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 ж. 27-шілде
2. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
3. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас. Оқу құралы. Авт: Н.В.Мирза, Р.Б.Маженова
4. Қарым-қатынас психологиясы. Оқу құралы. АвтТұрдалиева Ш.Т.
5. «Абайдың қара сөздері»
6. ru.wikipedia.org
7. trenerskaya.ru
Коммуникация — это та область, развиваться в которой можно бесконечно. И помочь в этом развитии могут эффективные упражнения.
В сети сейчас можно найти большое количество упражнений на коммуникативные навыки. Но многие из них слишком «заезжены» или малоинтересны. Для тех, кто ценит качество, эксперты профессионального портала TRENERSKAYA.RU сделали подборку из 6 ярких и качественных упражнений на развитие коммуникативных навыков, которые есть в свободном доступе.
Достарыңызбен бөлісу: |