«КӘсіпкерлік қҰҚЫҚ» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пайдаланатын әдебиеттер жинағы



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131904
1   2   3   4   5   6   7

Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



7-тақырып. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру

Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту.Мемлекеттік меншікті жекешелендіруге байланысты мәліметтермен таныстыру. Адамгершілік,құқықтық және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.

1. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу ұғымдары. Бұл әрекеттің орындалуын қамтамасыз ететін заңдар.

2. Жекешелендіру жүзеге асыратын органдар жүйесі. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

3. Жекешелендірудің мақсаты мен кезеңдері. Кәсіпорынды жекешелендірудің тәсілдері.


Жекешелендіру дегеніміз- мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.

Жекешелендірудегі мақсат- мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану.

Мемлекет қарамағынан алудың басты мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне төрешілдік басшылықты жою арқылы экономиканың тиімділігіне жету,оған тәуелсіз басшылық орнату,қаржы жағынан бағынышты болмау,шұғыл дербестік беру.Өнім өндірушілердің бәсекелестігіне жол бермейтін,мемлекеттік үстемдікті сақтауға жағдай жасайтын шектеулерді жоятын, экономиканы қайта реттеу шаралары мемлекеттің қарамағынан алудың құрамды бөлігі болып табылады.

Жекешелендіру дегеніміз – кең мағынасында алғанда, мемлекеттің экономикаға араласу процесін тұқырту, тікелей өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына кең өріс ашу,жеке секторларды дамыту саясатын жүргізу.Осы тұрғыдан түсіндіргенде жекешелендіру экономиканы смемлекет қарамағынан алу дегенге келіп саяды.Тар және кең ұғымды алатын болсақ, жекешелендіру мемлекеттік мүліктің қожайының ауысуы,мемлекеттің қолындағы және шаруашылық мақсатқа пайдаланып жүрген мүліктерді жеке адамдарға немесе олардың бірлестіктеріне сату деген ұғымды білдіреді.

Жекешелендірудің негізгі мақсаты – бір орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне қажетті жағдайлар жасау болып табылады.Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді шешу қажет болады:


  • көптеген мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді шағын және жаппай жекешелендіру арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды рынокқа сәйкес қалыптастыруды жеделдету;

  • шаруашылық жүргізуші субьект ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

  • бәсекелестік ортаны құру және өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз етеді;

  • шағын және орта бизнесті дамыту;

  • ірі және бірегей шаруашылық обьектілерін қайта құруды дербес жобалау арқылы іске асыру;

  • жеке бизнестің артықшылығын және шетелдік инвесторларды тарту арқылы ұйымдастыру,шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру;

  • құнды қағаздар рыногі ретінде инвестициялық құрылымдаржүйелерін нығайту және дамыту.

Республикалық бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін өрістетуді қарастырады.

Бұл бағыттар төмендегіше болады:


  • Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жоба арқылы жекешелендіру;

  • Орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

  • Шағын кәсіпорындар – сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсетуді аукциондар және конкурстар арқылы шағын жекешелендіру.

Жеке жобалау арқылы жекешелендіру – экономика түрін анықтайтын және Қазақстанның ішкі рыногіндағы монополия жайғасымын қорғайтын ірі кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекше тетігін қамтиды.Ол халық шаруашылығының

шешуші салалары ьазалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымдарын жасау, оларды басқарудың жекеше және мемлекеттік қатысуының арақатынасын анықтау,жобаны әзірлеу сатысынан бастап отандық және шетелдік инвесторларын қатыстыруға мүмкіндік береді.

Жеке жобаларды шешу мына төмендегі әдістермен жүзеге асырыла бастады:


  • келісілген жағдайда белгілі инвесторларға сату;

  • аукциондар немесе конкурстар арқылы сату;

  • нығайту үшін өзара шарт жасау;

  • акцияларды ашық сату.

Жалпы жекешелендіру – мемлекеттің ьекіткен тізіміне сәйкес өндіріс орындарын алдын ала акционерлеуді қарастыру.Осымен қатарлас чектік кітапшалар,жекешелендіру-инвестициялық купондар шығарылды,олар республиканың барлық азаматтарына берілді.Жалпы жекешелндіру республика халқының кең ауқымды топтары үшін мүлік құқықтарын іске асыру мүмкіндігін туғызды,құнды қағаздармен жұмыс істеу тәжірибесі де қолға алына бастады.Жалпы жекешелендіру оған қатысушыларды ерікті таңдауын, бәсекелестігінің жариялығын,жылдамдығын және басқару процесінің қарапайымдылығын қамтамасыз етті.Акционерлеу және жалпы жекешелендіру негізінен жеңіл тамақ және құрылыс материалдары өнеркәсіптерінде жүргізілді.Жалпы жекешелендірудің бірінші кезеңі 1995 ж қыркүйек айының аяғында басталды.

Шағын жекешелендіру – меншіктелушілердің кең көлемдегі топтарының пайда болуының негізін қалыптастырып,тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жол ашты.Ол бәсекелестік аукциондарда нақтылы ақша қаражаттарына және пәтер үй купондарына сауда,тұрмыстық қызмет көрсету обьектілерін және қоймаларды сатып алуға арналды.Кіші жекешелендіру барысының артықшылығы – жаңадан мыңдаған жұмыс орындары ашылды.Сонымен қатар, жаңа меншік иелерінің өздері жұмыс уақыттарын ұзартып,көптеген жағдайларда тауарларды жеткізіп тұру, қоймаларды кеңейтудің арзан көздерін табуға мүмкіндік береді.

Жекешелендірудің субьектілері болып табылатындар:

  • сатушы – жекешелендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган;

  • сатып алушы – жеке тұлғалар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе жекешелендіру процесінде мүлікті пайдаланылатын шетелдік заңды тұлғалар.

Жекешелендірудің обьектілері мемлекеттік мына төмендегі мүлік түрлері болып табылады:

  • мемлекеттік кәсіпорын және мүлік кешені ретіндегі мекемелер;

  • өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер және мүліктік кешені ретіндегі өндіріс құрылымының бірлігі;

  • кәсіпорынның мүліктері;

  • акциялар және шаруашылық серіктестіктердің жарғылы қорныдағы үлестері

Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



8-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет реттеп отыратыны жайлы мәліметтерді көрсету. Адамгершілік,құқықтық және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Тақырыпқа байланысты талданатын сұрақтар:

1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен тәсілдері.

2. Экономикалық қызметтің кезеңдері және оларға қойылатын талаптар. Мемлекеттің экономикалық ролі.

3. Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу. Салық заңдардың жүйесі, оның құрамы. Салық түрлері


2. Экономикалық қызметтің кезеңдері және оларға қойылатын талаптар. Мемлекеттің экономикалық ролі.

  1. « Экономика» термині сонау Ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос»- үй, шаруашылық, « номос»-заң. Яғни шаруашылықты жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана білудің, ұлғайтудың тәсілдері.

  2. Экономика-материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен байланысты ілім.

  3. Экономика-өндірістен жайша көрініп қоймайды, ол қоғамдық өндірістен шығады. Яғни, адамдар бір-бірлерімен сол өндірісте қатынасқа түседі.

Кез келген әлеуметтік түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субьектісі-мемлекет, ал обьектісі-халық.

Экономиканы реттеудің екі әдісі белгілі: біріншісі-рыноктық тетіктер-тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі-әкімшілік-әміршілік, директивалық әдіс. Бірінші әдіс бойынша өндірістің өсіп дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар рыноктық тетіктер экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.

Екінші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі-тұрақты жеке табыстың көзі.

Орталық өзіне жүктелген міндетті сенімді түрде атқаруы үшін, мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістерін анықтау қажет. Ең алдымен маңызды екі форманы ажырата білу керек.

Олар: мемлекеттің өндірс құрал-жабдықтарын сатып алуды заңдастыруы мен өндірістік кәсіпорындарды басқаруға тікелей араласуы және экономикалық саясаттыңәр қилы шаралары арқылы жанама араласуы.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті-мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу, табиғатты қоршаған ортанның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет.



  1. Тікелей мемлекеттік басқару-жекелеген салаларды, обьектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.Оған: әскери-қорғаныс, энергетикалық, қорықтар, ұлттық маңызы бармәдени-тарихи обьектілер, демалыс, емдеу сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтар, су ресурстары т.б. мемлекеттік маңызы бар обьектілер жатады.

Салықтық реттеу-салық салу, оның түрлерін, ставкаларын белгілеу,салық жеңілдіктерін беру немесе босату.

Ақша –несие қатынастары арқылы реттеу-салық жүйесін қоса алғанда мемлекеттің фискалдық саясаты деп аталады және осы саясат арқылы ақша айналымына әсер етеді.

Бюджеттік реттеу-мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әр түрлі бағыттар бойынша жұмсайды, реттейді. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс бюджетке қосымша төлем белгілейді, сөйтіп ақша айналымы мен қор жинауды қалыптастырады.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.

Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.



  1. Мемлекеттің заң шығарушылық функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу механизмін жасап шығаруды қалыптастырады.

Қалыпты жұмыс істейтін рыноктық шаруашылық құқықтық реттеу жұмыстарына мыналар жатады:

- монополияға қарсы заңдар;

- меншік туралы заңдар;


    • шарттар мен келісімдер, міндеттемелер туралы заңдар;

    • тұтынушыны қорғау меноның алдындағы жауапкершілік туралы заңдар;

    • салық салу заңдар;

    • еңбек және халықтың кедей топтарын әлеуметтік қорғау туралы заңдар;

    • табиғатты қорғау туралы заңдар.

Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



9-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет құқықтарын бұзғандық үшін заң алдындағы жауаптылық және кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың заңдылығы мен құқықтық тәртібі

Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Заңды жауапкершілік жайлы білімдерін молайту. Құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.

.Тақырыпқа байланысты талданатын сұрақтар:


1. Экономика саласындағы құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылық ұғымы, оның мәні мен қызметтері.

2. Экономика саласындағы құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылық түрлері.

3. Шаруашылық құқық бұзушылық ұғымы, оның құрамы, құқық бұзушылық түрлерін жіктеу.

4. Құқық бұзушылық себептері. Азаматтық – құқық жауаптылық. Әкімшілік жауаптылық. Қаржылық - құқықтық жауаптылық әкімшілік жауаптылықтың бір түрі ретінде. Қылмыстық жауаптылық.



Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Осы тарауға енген қылмыстардың топтық обьектісі-экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің әртүрлі саласында көрініс табады.

Қылмыстың тікелей обьектісі-экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша тікелей обьектіге қол сұғуға мүмкін.

Көптеге экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі-оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (206-бап); қымбат металдар мен табиғи асыл тастар немесе інжу-маржан (210-бап); тауарлық белгі (199-бап); осы топқа жатқан қылмыстардың обьективті жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамын міндетті белгісі-қоғамға қаупті іс-әрекеттердің істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабанданы істеу тәсілдері (209-бап); салық төлеуден жалтару (221,222-баптар); кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап).

Көптеген қылмыстардың обьективтік жағының белгісі- қоғамға қаупті зардаптың-зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру-едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген, (Мысалы 189,190,193-баптар).

Обьективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істеген қылмыс құрамы жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады (іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қаупті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы 189-бап).

Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ақ арнаулы субьекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрі:


  1. заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау -189бап

  2. Заңсыз кәсіпкерлік-190 бап

  3. Заңсыз банктік қызмет-191 бап

  4. Жалған кәсіпкерлік-192бап

  5. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру -193бап

  6. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану-194бап

  7. Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару -195бап

  8. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу-196бап

  9. Көпшілік сауда –саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу-197бап

  10. Көрінеу жалған жарнама беру-198бап

  11. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану-199бап

  12. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету-200бап

  13. Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу-201 бап

  14. Бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу-202бап

  15. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу-203бап

  16. Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру-204бап

  17. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу-205бап

  18. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу -206бап

  19. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу-207бап

  20. Акциздік алым маркаларын қолдан дайындау және пайдалану-208 бап

  21. Экономикалық контрабанда-209бап

  22. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау-213 бап

  23. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару-214бап

  24. Банкроттықжағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер -215бап

  25. Әдейі банкроттық-216бап

  26. Жалған банкроттық-217бап

  27. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу-218бап

  28. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру-219бап

  29. Банктың ақша қаражатын заңсыз пайдалану-220бап

  30. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы-221бап

  31. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару-222бап

  32. Тұтынушыларды алдау-223бап

  33. Заңсыз сыйақы алу-224бап

  34. Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу-225бап

  35. Мәміле жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүр ету-226бап

  36. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭВМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату-227бап

Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



10-тақырып. Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту.

Құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.



Тақырыпқа байланысты талданатын сұрақтар:

1. Экономикалық дауларды шешу тәсілдері мен нысандары.

2. Кәсіпкердің мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін сот қорғауы

3. Нотариаттық қорғау. Нотариат туралы заң. Құқықтар мен заңды мүдделерін нотариаттық қорғаудың сот қорғауынан ерекшелігі мен айырмашылығы.



Нотариат ҚР нотариаттық қызмет ҚР «Нотариат туралы» (14.07.1997 ж.) заңы бойынша жүзеге асырылады. Нотариустар нотариалдық әректтер жасау арқылы жеке жәнен заңды түлғалардың құқықтары мен бостандықытарын, заңды мүдделерін қорғайды.Нотариус төмендегідей қызмет атқарады: 1)мәмлелерді заңдастырады; 2) шаруашылық құжаттарды заңдастырады;

3)мұрагерлікке қалған мүлікті қорғайды; 4) мүлікке мұрагерлік құқық беретін құжаттарды береді; 5) ортақ мүліктеі әркімнің ү.лесі туралы куәлік береді;

6) мүлікті иелену мен пайдалану құқығынан айырады және иелену мен пайдалану құқығын қайтарады; 7) құжаттардың көшірмелерін заңдастырады; 8) құжаттарды басқа тілге аударғанда оның көшірмеснің заңды екенін куәландырады; 9) құжаттарды сақтайды; т.б. нотариаттық әректтер жасайды. ҚР әділет министрлігі ҚР « Әділет органдары туралы» (18.03.2002 ж.)

Заңында әділет органдары өз құзреті шеңберінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік кызмет атқарушы лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалай отырып жеке азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады. әділет министрлігі сонымен қатар ел өмірінде экономикалық, саяси,әлеуметтік салаларда заңдылықты нығайтып, заңдық жобаларды жасау,заңдардың тиімділігін арттыру, құқықтық және криминалистикалық экспертизалар жасауды қамтамасыз етумен айналысады.



Салық және кеден органдары ҚР Президентінің 22 қаңтар 2001жылы шыққан «Құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес бұғанға дейінгі мемлекеттік салық полициясы комитетінің орныныа үкімет құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасныңі қаржы полициясы болып құрылды. Бұл органға экнономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықпен күресу жүктелді. Қаржы полициясының департаменті қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тауып, жедел іздестіру, анықтау және алдын-ала тексеру жұмыстарын жүргізуге құқылы. Департамент өз мүлкі, символдары, мөрі, банкте есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады. 2003 жылғы 23 желтоқасндағы ҚР президентінің жарлығы бойынша Қаржы департаменті ҚР экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік болып өзгертілді. Агенттікке ІСМ министрлігінің

Тоғызыншы бөлімшесінің қызметі, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа байланыстықылмыстарды анықтау, жедел іздестіру, алдын-ала тергеу жұмыстары жүктелді. Агенттіктің құзреті мен мақсат- міндеттері

ҚР үкімет інің 29 қаңтар 2004 жылы шыққан ережеде нақтыланған. Агенттіктің мақсаты: 1) салықтар, т. б. мемлекетке төленетін төлемдерді төлемеумен байланысты қылмыстық істерді анықтау, тексеру; 2) мемлекетке шығын әкелген тағы да басқа экономикалық қылмыстарды анықтау және тексеру; 3) Экономикалық қылмыстармен күресу бағытындағы мемлекеттік бағдармамаларды жасауға қатысу; 4) Халқаралық деңгейде экономикалық қылмыстармен күрес жүргізу; Агенттіктің қызметі: 1) елдегі кримогендік жағдайға, экономикалық қылмыстарды туғызатын жағдайларды анықтап, оған талдау жасау; 2)салық полициясы органдарының жұмысының негізгі бағыттарын анықтау; 3) Өте күрделі салықтық және экономикалық қымыстарды тексеру; т.б. Кеден ісі ҚР кедендік шекара арқылы елдің территориясына келетін товарлвр мен транпорттан кедендік кедендік салық мөшерін белгілеу, салықты жинау, кедендік құжаттарды беріп кедендік бақылауды жүзеге асыру. Кеден ісі «ҚР Кеден ісі туралы» ҚР заңымен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет