«КӘсіпкерлік қҰҚЫҚ» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Кәсіпкерлік құқық объектілері дегеніміз-



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131904
1   2   3   4   5   6   7

Кәсіпкерлік құқық объектілері дегеніміз- азаматтық құқықтар мен міндеттердің мүлік,зат,мүліктік құқықтар, игіліктер,және мүліктік емес өзі-ік құқықтар мен игіліктер.

Кәсіпкерлік құқық объектілерінің түрлері:

  1. Зат (мүлік)соның ішінде ақша.

  2. Жұмыстар.

  3. Қызметтер.

  4. Басқа да мүлік,соның ішінде мүліктік құқықтар.

  5. Информация.

  6. Интелектуалдық объективтендірілген нәтижелері.

  7. Материалдық емес игіліктер.

Оларға материалдық құндылығы болмайтын немесе ақшалай бағалауға жатпайтын адамның жеке басына қатысты құқықтар мен міндеттер, игіліктер.

Адамның есіміне деген құқықтағы,келбетіне деген құқықтағы азамат өмірі, денсаулығы,іскерлік беделі,қадір-қасиеті, ар-ожданы. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық.Азаматтық отбасы және жеке өмірінің құпиялығы. Азаматтық құқық объектілері азаматтық айналымға қатысуына қарай айналымнан алынған объектілер,айналымда шектеулі объектілер,еркін айналымдағы объектілер болып 3-ке бөлінеді.



  1. Азаматтық айналымнан алынған объектілер.

Есірткі,радиоактивтік,психотропиялық заттар,ядролық қару.

  1. Айналымда шектеулі объектілер,белгілі бір лицензия негізінде, яғни құзіретті мемлекеттік орган рұқсатымен ғана азаматтық айналымда болатын заттар, мүліктер. Олардың айналымда болуы заң актілерімен белгіленеді. Мысалы: от шашатын қару-жарақ,

  2. Еркін айналымдағы объектілер.

Олармен ешқандай мәмлеге отыру қажеті жоқ.

  1. Мүліктер азаматтық құқықта мәмілелер негізінде, мұрагерлік негізінде, құқық

ауысушылық негізінде құқықтық мәртебеге ие болады.


  1. Зат дегеніміз- азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болатын қоршаған

Ортаның материалдық құбылыстары яғни объектілері.

Заттардың жіктелуі:

  1. Қозғалмайтын заттар: жер учаскелері,ресурстары,жануар және өсімдік дүниесі.

Қозғалмайтын мүлік жермен тығыз байланысты болуы тиіс және оны орнынан ауыстырған кезде келетін шығын оның өз құнынан асып кетеді.

Ғимараттар,үйлер,тұрғын үйлер,әуе және су кемелері,космос объектілері. 1.Кәсіпорын біртұтас мүліктік кешен реттерде қозғалмайтын мүлік жатқызылады.

Себебі кәсіпорын құрамына негізгі қорлар (жер учаскелері,ғимараттар,шикі зат,дайын өнім.)

2.Айналымдағы құралдар,қаражаты,мүліктік талап ету құқықтары,құрал-жабдықтар,басқа да қозғалатын мүліктер.

3.Ерекше құқықтық фирманың атауы,тауар белгісі,қызмет көрсету белгісі.

2. Қозғалатын мүлік дегеніміз- қозғалмайтын мүліктің қатарына жатқызылмаған кез-келген мүлік.Қозғалатын мүліктер бөлінетін және бөлінбейтін.

Бөлінбейтін зат дегеніміз- бөлген кезде өзінің негізгі мақсаты мен функциясын жоятын зат.



Жай және күрделі зат.

    1. Жай зат деп бір ғана пәннен немесе объектіден тұратын зат және осы күйінде қызметін атқаратын зат.(Нан кесетін тақтай).

    2. Күрделі зат бірнеше құрамдас бөліктерден тұратын және соның негізінде функциясын атқаратын зат.

Басты және қосалқы зат.

Қосалқы зат басты затқа қызмет атқарады және екеуінің қосылуы ғана олардың

Негізгі мақсатқа жетеді.

1.Заттар жеке анықталған болып бөлінеді,яғни бұл заттардың әр қайсысының өздеріне тән ерекшеліктері болғандықтан басқа да ұқсас заттардан айыруға мүмкіндік береді.

2.Тектік белгілермен анықталған заттар салмақпен,өлшеммен,түрмен,түспен белгіленеді. Мысалы: күріш,қант,бидай.

Заттар тұтынатын және тұтынылмайтын болады.

1. Тұтынатын алғашқы пайдаланған кезде жабылатын заттар тағамдар,майлар.

2.Тұтынылмайтын заттар дегеніміз-бір және бірнеше рет пайдаланған кезде өзінің қасиетін жоймайтын көп рет пайдалануға арналған заттар.(автомобиль,костюм).

Азаматтық құқық объектісі ретінде төлем құралы болып табылатын – ақша.

Азаматтыққұқық объектісі ретінде өнімдер,кірістер табылады.Егер олар заң негізінде алынған болса тиісті тұлғаға тиесілі болады.

Объектілер меншік иесіне қатысты алғашқы және туынды болады.Алғашқы объектілерге меншік иесінің заң негізінде 1 рет ие болу фактілері жатады.

Туынды объекті азаматтық құқық негізінде пайда болады.

Бағалы қағаз дегеніміз мүліктік құқықты куәландыратын жазба құжат.

Бағалы қағаздар шығарым нысанына байланысты;


  1. құжатты және құжатсыз

  2. эмиссиялық және эмиссиялық емес

  3. атаулы, ұсынбалы және ордерлік болып бөлінеді.

4. Меншік шаруашылық негізі ретінде.

4. Меншіктің экономикалық мазмұны мен құқылық формасы арасындағы байланыс.

Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқықтық формада да даму алады. Батыстың экономикалық және заң әдебтеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынандай түрлері арқылы даму алады:


    • иемдену құқығы, яғни игіліктерге физикалық бақылау жасау, пайдалы қасиеттерін өз игілігіне пайдалану құқығы;

    • басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалануды кім, қалай қамтамасыз ететіндігін шешу құқығы;

    • табыстарға құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесінде құқылық ету;

    • егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту немесе жойып жіберу құқығы;

    • қауіпсіздік құқығы және зиянды сыртқы күштерден қорғау құқығы;

    • игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы;

    • игіліктерді иемденуге шек қоймау құқығы;

    • сыртқы отаға зиянды әдістерді пайдалануға тыйым салу;

    • өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы;

    • қалдық сипаттағы құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Меншіктің экономикалық тұрғыдан даму алуы өндірістік қатынастар арқылы, алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.

Бір жағынан меншіктің заңды формасы өндірістің пассивті нәтижесі ғана емес, ол оның дамуын қарқындатып, немесе бәсеңдетуге ықпал етеді. өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі бір иемдену құқығы болмаынша, оны және онымен өндірген өнімдерді пайдалануға да құқы болмайды. Сондықтан да меншік құқығының заңды нормалары ( иемдену, пайдалану, билік ету құқығы) экономикалық қатынастарды нақтылау формалары болып табылады.


Талқыланатын сұрақтар:

1. Кәсіпкерлік құқық қатынастарының объектілері.

2. Объектілерінің түрлері

3. Зат дегеніміз не?

4. Мүліктік игіліктер мен құқықтар

5. Мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктер


Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



5-тақырып.

Кәсіпкерлік мәмілелер мен шарттар

Мақсаты: Студенттердің құқықтық білімдерін одан әрі дамыту. Мәміленің және шарттың мәнін, құрлысын жан-жақты түсіндіру.

Студенттердің ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Адамгершілік, эстетикалық ,құқықтық тәрбиенің нышандарын жетілдіру.



Жоспар:

  1. Мәміленің, шарттың ұғымы

  2. Шарттың түрлері

  3. Шарттың жасалу ережелері

    1. Мәміленің, шарттың ұғымы

Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. ( АК –ның 378- бабының 1-тармағы).

« Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімделген құжат.

Шарт-құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатуына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады( 7- бап).

148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты ( шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. « Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын « бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан , 148-баптың 3- тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.



2. Шарттың түрлері

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы( несие беруші), екіншісінде-сол құқыққа икемделген міндет( борышкер) болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады( АК-ның 228-бабы).

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет ( жай серіктестік) туралы шарттың « Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес ( АК-ның 228 –бабы).

Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы( 387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ( 391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

« Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» ( 379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұд ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

Азаматтық-құқықтық шартты , әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік обьектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады.

Шарттан авторлық қатынастар( бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштыұ қатынастар және т.б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені ( заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынант туындайды.(41).

Шарттантуындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады.( 268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде ( 379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген..

379-баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдыұ фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттеимелерге міндеттемелер туралы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы,талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер( 339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде ( лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.

Ак-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей(міндеттемеден басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары қолданылады.

Мысалы бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-ның 22-таруына қарағанда басқаша шешіледі.

АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы мәселені шешепейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы)

Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да , заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде , шарт жасау міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасауға мәжбүрлеуге жол берілмейді

( АК-ның 380 бабының 1-тармағы).

Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасау еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады

(10-бап).

380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы –бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматттық кодексте мұқият реттелді.

Қазір шарт жасасуға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған(АК-ның 399-бабы).

Шарт жасасу міндеті АК-да , егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген.(387-бап).

Сатыпалу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендірі туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.

Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттмеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады. (АК-ның 390-бабы).

306-баптың 1-тармағына сәйкес , кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады (380-баптың 2-тармағы). Ак-ның Ерекше бөлімі баптардың басым көпшілігі заңнамада көделген шарттарға арналған.

Шарттың мазмұны мен формасы

Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасақан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Шарт ережелерні анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым саланғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.

АК-ның 382 –бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса,

( императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруды мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті (383-бап).

Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе , 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтанда, шарттың тараптары есеп –қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.

Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.

Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.

Мысалы, АК- ның 285- бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі.Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.

Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнерсе қарастырмаған болса,онда заңмен белгіленген норма қолданылады.

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тарапттар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы,егер олар оны істемесе

( білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскердік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашанда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.

3. Шарттың елеулі ережелері.

Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі.Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет.Бұл- шарттың елеулі ережесі. АК- ның 393- бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін фомада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.

393- бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің еелеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:

1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;

2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, броккер- диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:

а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;

в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;

г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;

д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оның клиенттің есепшотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі ( Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы « Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілерді тіркеу туралы» Заңы);

3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;

4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.

Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі ( АК-ның 157-бабы).

Талқыланатын сұрақтар:

1. Мәміле дегеніміз не

2. Мәміленің түрлері

3. Мәміленің жасалу ережелері

4. Жарамсыз мәмілелер

5. Шарттың ерекшеліктері

6. Шарттың елеулі ережелері

7. Шарттың негізгі қағидасы

8. Акцепт және оферта


Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.

2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.

3 Қазақстан-2030 А., 2004.

4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.

5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.

6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.

7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.

8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.

9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.

10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.

11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.

12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.

13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.

14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.

15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы

16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.



6-тақырып. Кәсіпкерлердің банкроттығы

Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Кәсіпкерлік банкроттық туралы мәліметпен таныстырып,оның мәнін ашып көрсету.Адамгершілік,құқықтық және патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Жоспары:

1. Тұрлаусыздық (банкроттық) институтының ұғымы және мағынасы.

2. Банкроттық белгілері.

3. Борышқорға қолданылатын шаралар: қайта құру тарату және оңалту шаралары.

4. Бітімгершілік келісімі.

1. Банкроттық-борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.

Заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тисілі мүлік есебінен өтуге мүмкіншілігінің болмауы.

Егер заңды тұлға салық және басқа да міндетті төлемдерді сонымен қатар несие берушілердің мүліктік талаптарын 3 ай бойы қатарынан қанағаттандыра алмаса, тисілі мүдделі тұлғаның арызы бойынша банкрот болып танылуы мүмкін.

Банкроттықтың екі түрі бар:

1) ықтиярсыз

2) ерікті

1) ықтиярсыз банкроттық несие берушілердің талабы бойынша немесе сот шешімімен жүзеге асырылады.

2) ерікті банкроттық борышқордың қалауы бойынша өз төлем дәрменсіздігін көрсетуі. Ерікті банкроттық несие берушілердің келісімімен ғана жүзеге асырылады.



Талқыланатын сұрақтар:

    1. Банкроттықтың түсінігі

    2. Дәрменсіздік

    3. Банкроттықтың түрлері

    4. Ерікті түрдегі банкроттық

    5. Ықтиярсыздық банкроттық

    6. Оңалту рәсімдері

    7. Санацияның түсінігі

    8. Бітімгкршілік келісім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет