Рынок- сұраныс пен ұсыныстың баға арқылы өзара қарым-қатынасы. Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасындағы байланысты білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке фокторлардың ықпалын зерттейді. Онымен бірге рынокты ұйымдастырудың нақтылы формаларын зерттеу қажет. Рыноктың нақты формалары төмендегі элементтерден тұрады:
-
Рыноктар. Қазіргі уақытта рыноктар жүйесі қалыптасты. Олар аумақтық белгісі бойынша жергілікті, аймақтық, салалық, ұлттық және халықаралық түрлері бойынша капитал, ресурстар, еңбек және валюта рыноктары болып бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік, монополиялық және еркін рыноктар бар. Мемелекеттік рыноктың басқа рынок үшін маңызы зор, себебі онда күні бұрын тағайындалған баға, кепілді өткізу басқа рыноктардың қозғалыстарын реттеуге әсер етеді. Рынок процесіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді. Қысқа мерзімде әсер ететін факторлар : баға дәрежесінің өзгеруі, тауар запастарын ауыстыра білу, тұтынушылардың ақшалай табысын реттеу.
Ұзақ мерзімде осы аталған факторлардың өзі қоғамдық еңбек өнімділігі динамикасына, қоғамдық өндірістің тиімділігіне, экономиканың жалпы алғанда пропорционалдық дәрежесіне, жеке тұтыну құрамындағы өзгерістерге байланысты.
-
рынок инфрақұрлымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда ( көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.
-
Рынок институттары-коммерциялық банктер, қор биржалары, сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар, еңбек биржалары, заң кеңселері, информациялық орталықтар, жарнама бюросы.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түсінігі
-
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түрлері
-
Кәсіпкерлердің өзара және басқару органдарымен байланысы.
-
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың құрылымдық ерекшеліктері.
-
Кәсіпкерлік қатынастың басқа қатынастардан ерекшеліктері
Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.
2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.
3 Қазақстан-2030 А., 2004.
4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.
5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.
6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.
7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.
8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.
9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.
10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.
11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.
12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.
13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.
14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.
15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы
16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.
3-тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың субьектілері
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
-
Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық субьектілер ретінде.
-
Заңды тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік қызметі.
-
Заңды тұлғаларды қайта құру тәртібі және нысандары. Заңды тұлғаларды тарату негіздері және түрлері, тәртібі
1.Азаматтар кәсіпкерлік құқықтық субьектілер ретінде.
1.Азаматтық айналымда жеке тұлға қатысуы үшін міндетті түрде азаматтық құқықтық субьектілігі болуы қажет,
ол екіге бөлінеді:
- азаматтық құқық қабілеттілік
-
азаматтық әрекет қабілеттілік
2. Азаматтық құқық қабілеттілік- бұл азаматтардың азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.
Азаматтық құқық қабілеттілік адамның дүниеге келгеннен басталып қайтыс болғанымен аяқталады.Азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұны- бұл азаматтың меншік құқығына ие болуы, мұралыққа ие болу және мүлікті өсиетке қалдыру, заңмен рұқсат етілген жеке кәсіпкерлікпен айналыса алуға, заңды тұлға құруға, барлық шарттарды жасауға міндеттемелерге қатысуға, тұрғылықты жерді таңдап алуға, шығармаға, әдебиетке және өнерге авторлық құқықа ие болу және т.б. мүліктік және жеке мүліктік емес құқықа ие болу. Азаматтың құқық қабілеттілігін шектеуге тек заң жүзінде және ерекше жағдайларда ғана болады.
3.Құқық қабілеттіліктің субьективті құқықтан ерекшелігі:
- құқық қабілетілік – бұл субективтік құқықтың пайда болуының негізгі алғы шарттары, ол заңды фактінің болуымен анықталған;
- құқық қабілеттілік- бұл абстрактілі құқыққа ие болуы, яғни әрбір субьективті құқыққа субьективті міндет сәйкес келеді;
- құқық қабілеттілік- бұл азаматтың бөлінбейтін қасиеті, ал субьективті құқық-бұл құқықтық қатынастың элементі.
4. Азаматтық әрекет қабілеттілік-бұл азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілік.
Әрекет қабілеттілік толық түрде пайда болуы:
-кәмелеттілік жасқа толғанда ,яғни 18 жасқа толғанда пайда болады;
- некеге отыруына байланысты , кейбір жағдайларда кәмелеттілік жасқа толмаған кезде ;
-16 жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар деп жарияланса, егер ол еңбек шарты бойынша еңбек етсе.
5. Толық түрде әрекет қабілеттілігі жоқтар:
- 6 жасқа дейінгілер
-сот шешімі бойынша әрекет қабілеттілігі жоқтарға ,оларға қамқоршылық тағайындалады.
Әрекет қабілеттілігі жоқтардың атынан мәмілелерді заңды өкілдер жасайды( ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар)
6.Кәмелеттік жасқа толмағандар 6-14 жастағылар өздері жасай алатын құқықтық қатынастар:
–ұсақ тұрмыстық мәмілелер;
-
заңды өкілдердің келісімімен берілген мәмілелерді пайдалануға;
-
ал қалған мәмілелерді заңды өкілдер жасай алады.
7. орташа әрекет қабілеттілік-14-18 жасқа толғандардың өз бетінше іс-әрекет жасауы:
-өзінің жалақысына, степендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
- интеллектуалдық меншік құқығы бар обьектілеріне билік етуге,
- ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
- банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атынан салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
8. Әрекет қабілеттілік-азаматтың бөлінбейтін қасиеті, оны тек заңның күшімен ғана шектеуге болады. Шектеулі әрекет қабілеттілік екі жағдайда болуы мүмкін:
- 14-18 жасқа толмағандардың іс-әрекетін шектеу;
-соттың шешімімен шектеуі мүмкін,егер ол ішімдікке және есірткі тартумен шұғылданып, отбасына көңіл аудармаса.
2.Заңды тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік қызметі.
Заңды тұлға түрлері
1. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйым
Коммерциялық ұйымдардың негізгі мақсаты табыс келтіру. Олар: кооператив, мемлекетік кәсіпорны, шаруашылық кәсіпорын, оралымды басқару кәсіпорыны, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік.
Комерциялық емес ұйым мақсаты пайда табу емес мәдени, ағарту, білім, ғылым, діни т.б. материалдық және материалдық емес қажеттері мен мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін құрылған ұйым.
Олардың 7 түрі бар:
1. Мекеме а) мемлекеттік б) мемлекеттіік емес
2. Қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, саяси партия.
3. Діни бірлестіктер.
4. Тұтүну кооперативі: ПИК, ЖИК.
5. Акционерлік қоғам.
6. Заңды тұлға бірлестігі.
7. Қоғамдық қорлар. Жеке қор, мемлекеттік қор, кооперативтік қор.
-
Заңды тұлға- өзінің оқшау мүлкі бар, өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан азаматтық құқықа ие болатын сотта жауапкер және талапкер бола алатын, мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымды айтады.
-
Заңды тұлғаны ұйымдастырудың мақсаты:
-азаматтық айналымға қатысу үшін мүліктің оқшаулығы мен орталықтандырылуы;
-құрылтайшылардың өз міндеттері үшін жеке заңды жауапкершіліктерінің болуы;
- несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз етілуі, ол заңды тұлғаның жарғылық қорының мөлшерінің көлеміне қарай анықталады.
3. Заңды тұлғаның белгілері
- ұйымдық бірлігі, заңды тұлғаның ұйымы біртұтас біріккен жүйелі орган, ол алдына қойған мақсатты орындау үшін іс-әрекет жасайды.Ұйымдық бірлігі-құрылтай құжаттарында да көрінеді.
-мүліктік оқшаулық-өзінің жеке оқшауланған мүлкінің болуы, яғни ол азаматтық айналымға қатысу үшін негізгі алғы шарт болып есептеледі. Заңды тұлғаның мүлкі өзінің меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу және оралымды басқару құқығы иесі бола алады . Заңды тұлағынң өзінің жеке балансы немесе сметасы болуы қажет.
- дербес мүліктік жауапкершілік,жалпы ереже бойынша заңды тұлға міндеттеме үшін өзіне тисілі мүлкімен жауап береді.
-азаматтың айналымға өз атынан қатыса алуы және сотта жауапкер және талапкер бола алуы. Заңды тұлға барлық өзіне тисілі құқықтар мен міндеттердің субьектісі бола алады.
4.Заңды тұлғаның құрылтайшылары сол заңды тұлғаның мүлкіне қатынасы мынандай құқықтармен белгіленеді:
-заттық құқық
-міндеттемелік құқық..
-
Құқық қабілеттілік-бұл құқықа ие болу және міндетті орындау қабілетінің болуы.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оның әрекет қабілеттілігімен сәйкес келеді. Ол заңды тұлғаны тіркеу кезінен басталып, тоқтатылуы туралы тіркеу жүргізілгенде аяқталады.
-
Заңды тұлғаның құқық қабілеттіліктің түрлері:
–арнайы қабілеттілік
Заңды тұлға өзінің іс-әрекеті бойынша құрылтай құжаттарында белгіленген құқыққа ие болуы және соған байланысты міндеттерді орындайды ( коммерциялық емес ұйым және біртұтас ұйым)
- жалпы құқық қабілеттілік- бұл заңмен тыйым салынбаған барлық іс-әрекеттерді жасауда құқық пен міндеттерінің болуы. Заңды тұлға лицензия-арнайы рұқсат алынғанан кейін іс -әрекеттермен шұғылдана алады.
-
Заңды тұлғалар өздерінің құрылтай құжаттарында анықталған өздерінің органдары және құрлысы арқылы азаматтық құқық пен міндеттерді иелене алады. Заңды тұлға басқа жерден өкілдіктер мен филиалдар ашуға құқысы бар.
Өкілдіктер-бұл заңды тұлға тұрған жерден оқшау орналасқан бөлімше, ол заңды тұлға мүддесін білдіріп, оның мүддесін қорғайды.
Филиал- өкілдік атқаратын жұмыстан басқа іс-әрекеттермен шұғылданады.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында өкілдік пен филиалдар көрсетілуі тиіс.
Филиалдар мен өкілеттіктер жеке ерікті заңды тұлға болып есептелмейді,олардың басшылары сенімхат арқылы жұмыс атқарады.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға берген мүлікті пайдаланады және заңды тұлға қабылдаған ереже бойынша іс-әрекет жасайды. Заңды тұлғаның құқықтары заң бойынша шектелуі мүмкін. Заңды тұлға мұндай шектеулік үшін сотқа шағым бере алады.
-
Заңды тұлғаның дараландыру құралы дегеніміз-ұқсас заңды тұлға бір-бірінен ерекшелендіретін, айыратын, бөліп көрсететін құралдар.
Бұл құралдар:
-
Заңды тұлғаның атауы
-
Заңды тұлғаның тұрғылықты жері
-
Заңды тұлғаның товарлары мен қызметтері
Заңды тұлғаны дараландыру құралы ретінде товардың белгісі, қызмет ету белгісі, товардың шыққан жерінің атауы да жатады. Сонымен бірге дараландыру құралы ретінде іскерлік атақ, жарнама, коммерциялық және қызметтік құпияны қорғаумен байланысты.
-
Заңды тұлғаның атауы болуға тиіс:
-
Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуі тиіс;
-
Заңды тұлғаның қызметінің мазмұнын көрсетуі тиіс;
-
Коммерциялық ұйым-фирмалық атауы болуы тиіс, ол заңды түрде тіркелуі тиіс.
-
Заңды тұлға өзінің фирмалық атауын қолданғанда ерекше құқыққа ие болады.Егер ол атауды басқа заңды тұлға қолданатын болса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап беруі тиіс болады.
-
Заңды тұлғаның тұрғылықты жері болып-оның мемлекет тіркеуінен өткен, құрылтай шартында көрсетілген орны болып есептеледі. Басқа заңды тұлға тіркелген жерін пайдалануға болмайды.
заңды тұлға құрылтайшылары өз құрылтай құжаттарында тұрғылықты жерді дұрыс көрсетпегені үшін, үшінші жақтың келтірілген зияны үшін жауапты болып есептеледі.
-
Заңды тұлғаның іскерлік атағы-бұл қоғамда және жеке кәсіпкерлер ортасында қалыптасқан заңды тұлғаның товарды шығаруы және қызмет көрсетуі туралы түсінік.Іскерлік атақты қорғау-сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Коммерциялық немесе қызметтік құпия-бұл ақпарат, мұндағы:
-оны ерікті түрде қолдануға болмайды;
-ол үшінші жаққа белгісіз болатын потенциалды экономикалық құндылықтың болуы.
а)Заңды тұлғаның пайда болуы 2 кезеңнен тұрады:
-
заңды тұлғаны құру;
-
заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге тіркелген уақыттан бастап құрылды деп есептеледі. Мемлекеттік орган тіркелу кезінде заңға сәйкес құжаттардың тізімін тексереді.
ә) Заңды тұлға қызметінің мақсатына қарай : Коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді
3.Заңды тұлғаларды қайта құру тәртібі және нысандары. Заңды тұлғаларды тарату негіздері және түрлері, тәртібі
Заңды тұлға тоқтатылуының негізі:
-
ерікті түрде ; заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылтай құжаттарында анықталып көрсетіледі.
-
Бұйрық бойынша:
-
заңды тұлға құрылтайшыларының шешімі бойынша;
-
мемлекеттік органның шешімі бойынша;
-
соттың шешімі бойынша.
Заңды тұлғаның тоқтатылуының түрлері:
-
қайта құру-заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлық жолмен басқа заңды тұлғаға өтуі
-
тарату-заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлық жолмен өтпей тоқтатылуы.
Заңды тұлға тоқтатылды деп оны қайта құру және таратылды деп мемлекеттік тіркеуден өткен кезде есептеледі.Бұған ұзақ дайындық кезеңі қажет-оған заңды тұлға мүлкіне есеп жүргізу, несие берушілерге хабарлау және олардың мүддесін қанағаттандыру жатады.
Заңды тұлғаны тарату түрлері:
-
ерікті
*құрылтайшылар, қатысушылардың акционерлердің қалауы бойынша жалпы жиналыс шешімімен таратылуы мүмкін
-
қалған мүлікті құрылтайшылар арасында бөлу ( қатысушылар арасында);
-
қалған мүлікті меншік иесіне қайтару;
-
Заңды тұлға құрылтай құжаттарында көрсетілгендей қалған мүлікті белгілі мақсатқа пайдалану.
-
Ықтиярсыз
Талаптарын немесе несие берушілердің талабы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін,күшпен тарату соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны қайта құрудың түрлері:
-
қосылу- бірнеше ескі заңды тұлға орнына жаңа бір заңды тұлға пайда болады;
-
бірігу –заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірігуі;
-
бөлу-ескі заңды тұлға орнына бірнеше заңды тұлға пайда болуы;
-
бөлініп шығу- ескі заңды тұлға тоқтатылмай соның ішінен жаңа заңды тұлға бөлініп шығуы;
-
өзгерту-заңды тұлға ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі
Заңды тұлғаны тоқтату кезіндегі несие берушілердің кепілдіктері:
-
міндетті түрде несие берушіге хабарлануы;
2)несие берушілердің тоқтатылуы талап етуге және өз міндеттерінің дұрыс орындалмағаны үшін зиянды өтеп беруді талап ету;
-
жаңа құрылған заңды тұлға ынтымақты түрде алдына қойылған талапты орындау міндеттілігі
2. Мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық жағдайы
Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік иесі бұйырылғанмен құрылатын коммерциялық ұйым. Мемлекеттік кәсіпорының 2 түрі бар.
1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделетін мемлекетік кәсіпорын..
2. Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың атауында оның мүлкі меншіктенуші көрсетілуі тиіс. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметі арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорын құзіреті мемлекеттік органнан құрылады.( үкімет және жергілікті атқару органы)
Олардың арасындағы айырмашылық:
-
қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасының атынан құрылады;
-
Қазақстан Республикасының борыштары үшін субсидиарлы жауапкершілікте болады;
-
қазыналық кәсіпорын банкрот бола алмайды;
-
қазыналық кәсіпорын өзі шығарған өнімді еркін пайдалана алады;
-
қазыналық кәсіпорынның меншік иесі өнімнің артығын және пайдаланбаған мүлікті ала алады.
Мемлекеттік кәсіпорынға бекітілген меншік иесі:
-кәсіпорынды құруға, таратуға;
-кәсіпорынның жарғысын бекітуге және іс-әрекеттің мақсатын анықтауға;
-кәсіпорынды басқару үшін органды тағайындауға;
-кәсіпорынның анықталған пайдасының бөлшегін алуға құқығы бар.
3. Өндірістік кооператив
АК 96-бабына сәйкес өндірістік кооператив деп азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегінен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің жарналарын біріктіруге негізделген ерікті бірлестігі танылады.
Өндірістік кооператив барлық құрылтайшылардың қабылдаған шешімімен заңға сәйкес тәртіпте құрылады. Ол өз қызметін құрылтай құжаттары арқылы, яғни құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
Өндірістік кооператив құрылтай құжаты оның мүшелерінің жалпы жиналысымен қабылданады.
Кооперативтің ең жоғарғы органы болып оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ал атқарушы органы ретінде басқарма және оның төрағасы қарастырылады.
Өнідірістік кооператив қатысушыларының заңға сәйкес келесі құқықтары бар:
-
Кооператив жарғысында көрсетілген тәртіпте копператив қызметін басқаруға қатысуға;
-
өндірістік кооператив басқару органдарын сайлауға және өзі сайлануға;
-
өндірістік кооператив қызметі жөнінде толық мағұлматтар алуға өз еңбегімен жалақы ретінде төлем ақы алуға
-
өндірістік кооператив құрылтай құжаттарында көрсетілген жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға;
-
кооперативтен белгілі бір тәртіппен шығуға;
-
әлеуметтік сақтануға және әлеуметтік қамтамасыз етуге құқығы бар.
Осыған сәйкес кооператив мүшелеріне келесі міндеттер жүктеледі:
-
өндірістік кооператив құрылтай құжаттарындағы талабын орындауға, оның басқа органдары жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
-
өндірістік кооператив құпия деп тапқан мәліметтерді жариялауға;
-
кооператив мүлкіне белгілі тәртіппен салымдарды енгізуге;
-
өз еңбегімен кооператив міндеттері бойынша қосымша жауап беруге міндетті.
Кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың көлемінде жүзегеасырылатын шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз.
Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшеленеді, мемлекеттің өзі саяси биліктің субьектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.
Бұл туралы ҚР А заматтық Кодексінің 10-бабында дәл айтылған: Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, , тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзегеасырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік беру қажет.
Кәсіпкер деп өз атынан және өз қаржаттары( меншікті немесе қарызға алған) есебінен тауарлар мен өнімдерді , сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмт көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті ұдайы негізінде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз.
Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген , диспозитивтік түрі, рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленген.
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде тең құқықты.
ҚР кәіпкерлік қызмет екі түрге бөлінеді.
Оны шағын және орта кәсіпкерлік-жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік кәсіпкерлік
Негізінде кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады.
Кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру тек шағын кәсіпкерліктің арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі.
Оның себебі: 1)рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекетенеді;
2) олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады;
3) сұраныстарды қанағаттандыруғаөте бейімделген;
4) олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі;
5)бұл кәсіпкерліктүрі тікелей кәсіпкердің басқарумен қызметін жүргізе береді.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Жеке тұлға - кәсіпкерлік құқық субъектісі.
2. Құқық қабілеттілік.
3..Әрекет қабілеттілік.
4.Заңды тұлға- кәсіпкерлік құқық субъектілері
5.Заңды тұлға түрлері
6. Кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері
Пайдаланатын әдебиеттер жинағы:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007.
2. ҚР Азаматтық кодекс А ., 2004.
3 Қазақстан-2030 А., 2004.
4. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы А., 2005.
5. Дулатбеков Н, Амандықова С, Турлаев А Мемлекет және құқық негіздері оқулық. А., 2002.
6. Баққұлов С. Құқық негіздері . Оқулық . А., 2004.
7. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы . Оқу құралы А., 1997.
8. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы .Оқулық . А., 1999.
9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы . Оқулық А., 2001.
10. Айымханов Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. А., 2002.
11. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық .Оқулық А., 2001.
12. Битеміров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері . А., 1998.
13. Лаптев В.В Предмет и системе хозяйственного права . М., 1969.
14. Лившиц А.Я. Введение в рыночную экономику. М., 1991.
15. Кәсіпкерлік нормативтік-құқықтық актілер жинағы
16. Долинская В.В. Предпринимательское право. М., 2002.
4-тақырып. Кәсіпкерлік құқықтың қатынастардың обьектілері
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік құқыққа байланысты білім деңгейлерін көтеру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және өздігінен шешім табу қасиеттерін дамыту. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың объектілерінің ерекшеліктерін ашып көрсету. Құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені жүзеге асыру.
Жоспары:
1. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар обьектілері ұғымы және жіктелуі.
2. Кәсіпорын мүлігі кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың негізгі обьектісі ретінде.
3. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың материалдық емес обьектілері ( іс- әрекеттер және қызмет көрсету, мүліктік құқықтар мен міндеттер, өнеркәсіп меншігінің құқықтық обьектілері, тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне құқық).
4. Меншік шаруашылық негізі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |