Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
дәріс материалдары КЭ

 
 


Модуль 2. Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі 
МБ-2.1. Кәсіпорынның негізгі капиталы 
1. Негізгі капиталдың мәні және оның құрлымы. 
2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері
1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі 
негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің 
құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз. 
Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және 
басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары жатады.
Өндірістік емес негізгі қорларға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, 
мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар жатады. 
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді. 
Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Мысалы: 
машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі- өндірістік процестер үшін қажетті жағдай 
жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай 
сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, аммартизация, негізгі қорларды толық қалпына 
келтіру үшін қаражаттың қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам 
күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін 
бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері 
болмайды. 
Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін 
айтады. Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған 
өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады. 
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол 
бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын 
жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет