2. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі – бұл экспорт
және импорт тауарлары мен
қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты
өндірістік шаруашылық салалардың қызметі.
Сыртқы экономикалық
қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық
және ыңғайласпа мәмле
(келісім) болып ажыратылады.
Экспорт – бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге
міндеттемесіз шығаратын тауарлар.
Импорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар.
Реэкспорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына оларды әкелу осы
тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.
Ыңғайласпа сауда
– экспортты, импортты операцияларды ұйымдық ұштастыру болып табылады.
Кәсіпорын экспортшы сыртқы нарықта халықаралық бәсекемен айналыса бастайды. Бәсекелестік
күрестің мынандай түрлері бар:
1.
функциялық бәсеке – кез келген қажеттілікті түрлі тәсілдермен қанағаттандыруға байланысты
болады, сондықтан да барлық тауарлар қанағаттандыруды қамтамасыз ететін осындай қажеттілікті
функциялық бәсекедеп атайды.
2.
көріністі бәсеке – нақтылы қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған тауарлардың елеулі
параметрлерінің өзгеше көрінуі салдарынан болуы мүмкін.
3.
заттық бәсеке – ұқсас тауарлар тек өзінің сапалық сипаттамасының ерекшелену мүмкіндігінің
нәтижесі.
4.
бағалық бәсеке –біркелкі тауарларды түрлі бағамен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тура бағалық
бәсекеде кәсіпорын шығарған немесе сатуға арналған қолда бар тауарларының бағалары төмен
екендігін хабарлайды.
5.
бағадан тыс бәсеке – мұнда бәсекелестерге қарағанда сенімділік
жоғары болып қазіргі
дизайннан тым көбірек жоғары бағаны ұстайды.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі елдің экономикасын тұрақтандырудың маңызды
факторы болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық қызметтің негізгі буыны – кәсіпорын.
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысаны сыртқы сауда қызметі. Ол
сыртқы экономикалық байланыстардың басты түрі болып саналады.
Кез келген кәсіпорын өзінің сыртқы экономикалық қызметін дербес іске асыруға құқықты. Ол
үшін оған халықаралық нарықта сыртқы сауда мәселесі бойынша серіктестіктер табу қажет.
Сыртқы сауда мәмлесін іске асыруда сыртқы сауда шарты жасалуы керек. Онда сатушы (экспорт)
және сатып алушы (импортшы) арасында сатып алу-сату шарттарының
барлық көрсеткіштері
толығынан қарастырылуы тиіс.