НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ
1. Кәсіпорынның экономикалық даму концепциясы
Қазіргі кезде кәсіпорынды дамытудың экономикалық концепциясы нарықтық
бәсеке және жоғары экономикалық тәуекелдіктер жағдайында оның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті бәсекеге
қабілетті даму қарқындарына
байланысты. Бұл концепцияның пайда болу себебіне экономиканы реформалау мәселесі
жатады. Сондықтан мұндай реформалау концепцияның негізіне, біріншіден,
қайта
құрылымдау (реструктуризация), екіншіден, кәсіпорын экономикасын қайта құру
салынады. Мұның нәтижесінде тиімді басқару механизмі,
кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығын арттыру мен акционерлер, кәсіпкерлер мен мемлекеттің құқтарын қорғау
механизмі құрылу тиіс.
Қазақстан экономикасын
реформалауы келесі
принциптерге негізделеді:
–
мемлекеттік унитарлық кәсіпорындардың (ауыр және кен өндіруші
өнеркәсіптің базалық салалары), акционерлік қоғамдардың (өндеуші,
өеркәсіптік, құрылыс және ауыл шаруашылықтық кәспорындар), шағын
кәсіпорындар мен фирмалардың (сауда, қоймалық шаруашылықтар және
т.б.) орынды ұштастырылуы;
–
отандық кәсіпорындарды қалпына келтіру
мен дамытуға және меншікті
ресурстарды пайдалануға бағыттау;
–
нарықты дамыту негізінде экономиканы әлеуметтік бағытта реформалау;
–
төлеуге қабілетсіз ірі және шағын кәсіпорындарды, олардың өміршеңдігі
мен бәсекеге қабілетін қалпына келтіру мақсатында қайта құрылымдау
(кішірейту).
Достарыңызбен бөлісу: