Б–Ж келесі бөлімдерден (жоспарлардан) құрылады:
1 Бөлім. Тұжырым–түйіндеме барлық бөлімдерден алынған қысқа қорытындылардан
құрылады (жобаның мәні, мақсаттары мен тиімділігі, қойылған міндеттердің шешу
мүмкіндіктері, сондықтан мақсатқа жету, қаржыландыру көздері, инвестициялаудан
түсетін потенциалды артықшылықтар: сатылымдар көлемі, шығындар, пайданың
нормасы, капиталдық салынымдар мен инвестициялық шығындардың қайтарылу
мерзімдері және т.б.).
2 Бөлім. Тауар (өнім, қызметтер). Мұнда нарықта өткізілетін тауардың басқалардан
сапасы, бағасы мен пайданың нормасы бойынша, сондықтан тауардың бәсекеге
қабілеттілігі бойынша қолайлы айырмашылығы көрсетіледі.
3 Бөлім. Өткізу нарығы. Маркетингтік зерттеулер мен өнімнің нарыққа делдалдар арқылы
немесе оларсыз жеткізу жөнінде жасалған келісім шарттардың негізінде күтілетін
сатылымдар көлемі, сонымен бірге негізгі тұтынушылар мен бәсекелестер анықталады.
4 Бөлім. Маркетинг стратегиясы. Мұнда болжалды өткізу жүйесі, өткізу бағасы,
жарнаманы ұйымдастыру мен өткізуді артыру бойынша шаралар (тұрақты сатып
алушыларға жеңілдіктер, сатудан кейінгі қызмет көрсету, кепілдіктер) қарастырылады.
5 Бөлім. Өндірістік бағдарлама. Мұнда шикізат, материалдар мен техниканың қажеттілігі
анықталады. Өндірістік қуатты пайдалану кезеңдері мен нарықтық сұраныс шегінде
бәсекеге қабілетті өнім шығаруды арттыру мүмкіндіктері анықталады.
6 Бөлім. Өндірісті ұйымдастыру. Ұйымдық–өндірістік құрылымға, технологиялық
схемаға негіздеме беріледі, кадрлар қажеттілігі ұсынылады және еңбек ақы жүйесі
таңдалады.
7 Бөлім. Кәсіпорынның ұйымдық–құқықтық нормасы – құқықтық мәртебесі, меншік түрі,
кәсіпорынның түрі, инвесторлар мен демеушілердің құқтары.
8 Бөлім. Қаржы жоспары. Мұнда инвестициялар, қаржыландыру көздері, қаржы
құралдарын тарту шарттары анықталады.
9 Бөлім. Жобаның пайдалылығы. Оны экономикалық көрсеткіштер арқылы анықтау –
инвестициялық шығындар, негізгі және айналым капиталдарына инвестиция құйю, үлес
капитал салынымдары, пайдалану мен өткізу шығындары, табыстар, салықтар, қарыз
құралдарының көлемдері мен қайтару мерзімдері, өнімнің пайдалылығы, пайда және оның
нормасы.
Достарыңызбен бөлісу: |