«КӘсіптік қазақ тілі» Пәнінен әдістемелік нұсқау 5В072600– «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»



бет4/10
Дата06.07.2016
өлшемі0.94 Mb.
#181157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Былғары шикізатына сипаттама. Мүйізді ірі малдың терісі шикізаттың майда және ірі топтарына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа ілінген бұзау терілері.

Өлі туған бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі мех жасауға жарамайды. Терісінің ауданы 40—50 дм2 құйымшақ тұсындағы терінің қалыңдығы 1,2—1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық былғары жасауға қолданылады.

Еметін бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай бөлінбейді. Бұзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері тұздай құрғату арқылы консервіленеді.

Тері ауданы 40 — 90 дм2, қалыңдығы біркелкі жаңа сойған бұзау терісінің сауырындағы қалыңдығы 1,3—2,5 мм. Бір ерекшелігі ірі малға қарағанда, терінің емізікше қабаты қалыңдау. Бұзау терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды.

Ірі малдікіне қарағанда жүні әлі қатаймағандықтан, иленген былғары бетіндегі табиғи бедері өте әдемі, майда болып келеді. Шикізат күйімен салыстырғаңда жарғақ пен дайын былғарыда сорттылық біраз төмендеу болады, себебі бұзау терісіндегі кейбір ақауларды (тұз дақтарын, сүт қыртыстарын, шандырлы терілерді) байқау қиынға түседі. Жоғары сортты желатин алу үшін бұзаудың бас терісі аса бағалы шикізат болып табылады.

Мүйізді ірі қараның майда шикізатының келесі түрі — отқа ілінген бұзау терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10 кг-ға дейін, аяқ киімнің жоғарғы бетінің былғарысын жасау үшін қолданылады. Белгілері: болашақ мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірак біркелкі емес, мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы 60—150 дм2 қалыңдығы 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт емген бұзаудікіне карағанда онша майда және әдемі емес, ірілеу. Бұзауларды сою күзде басталады, қысқа таман ылғалды түздау арқылы консервілейді.

Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты. Тана терісі — жаңа сойылған кездегі салмағы 10-нан 13 кг-ға дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5—7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1—1,5 жасында терісі осыңдай салмаққа жетеді. Ауданы 120—250 дм2, қалыңдығы 2,5—3 мм, кейде 4 мм-ге дейін болады.

Тананы жазғытұрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды тұздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес; аяқ киімнің жоғарғы бетте арналған былғары жасауға, юфть былғарысын пайдаланылады.

Өгізше терісі жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13—17 кг аралығында ауданы 200 — 270 дм2 сауырының қалыңдығы 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады. Тайынша терісі, жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17—25 кг); және ауыр (25 кг-нан жоғары) болып екіге бөлінеді.

Сауырының қалыңдығы 3,5—5 мм, қол терісінікі 2—2,5 мм, ауданы 300 — 570 дм2, тұрқы 1,75—2,2 м аралығында болады.

Тері құрылымы біркелкілеу. Аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.

(17-25 кг) және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг-ға дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы 550 -600 дм, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауырының қалыңдығы 4,0—4,5 мм, мойнының қалыңдығы 4—6 мм және одан да жоғары. Терісінен ұлтандық, иленбеген қайыс, техникалық былгары дайывдалады, ал жеңіл теріден ұлтарақтық былғары шығарылады.

Сиыр терісі — жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13 кг-на жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13—17 кг), орташа (17—25 кг). және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Ауданы 200 — 450 дм2, қалыңдығы жеңіл салмақтысынікі 2,5—4 мм, орташасыныкі 3—4,5 мм, ауырыныкі 3,5—5 мм.

Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бұзаулаған сиырдың терісі қарын жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бегіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үсгіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді алынады. Одан басқа сиыр терісінен ұлтан, ұлтарақтық, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады.

Енді өңдеу үрдісіне келуімізге болады. Мехті өңдеу кезіндегі ең негізгі іс - колаген талшығынан тұратын өзеңмен жұмыс істеу болып табылады. Колаген суда ерімейді, бірақ көп мөлшерде ылғал сіңіре отырып, ісінеді. Суға ас тұзы, қышқыл, сілті қосқан кезде колагеннің ісіну дәрежесі өседі. Мехті өңдеудегі негізгі мақсатымыз - колаген борпылдақтану үшін химиялық заттар мен концентрацияларын тағайындау, тері жұмсақ болуы керек, ал колаген келесі ертінділерде қабыршақтанбау керек. Бұлай болмаса тері беріктігінен айырылады. Мехті өңдеу үрдісі келесі операцияларға бөлінеді: жібіту, шелдеу мен уату, пикельдеу, илеу, майлау, уату.
3 Тәжірибелік сабақ

Технологиялық үрдістер

Жібіту үрдісі

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу.

Егер тері консервілегеннен кейін тұрып қалған болса, теріні міндетті түрде жібіту керек. Жібіту жеңіл көрінгенмен, күрделі және маңызды операция, ол терінің сапасына әсер етеді. Келесі операцияларды қанша сапалы істеп, жібітуді нашар орындаған болсаңыз, тері бәрібір ірі, іші қатты және онымен жұмыс істеу жағдайы ыңғайсыз болады. Жібітуді орындамас бұрын терідегі кір, қан, тұз және ерігіш ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ақуыздық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін).

Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері, басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалий хлориді.

Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.

Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзының бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық (лабораториялық) жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.

Жібітуді орыңдағаңда келесідегідей талаптарды ескеру қажет:

1. Судың сапасы мен температурасы. Біріншіден су таза, жаңа және ағын судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең жұмсақ немесе орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұздың үлкен концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз.

Су температурасы 10о-20оС болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп, шіріткіш бактериялар көбейеді.



2. Судың мөлшері. Судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп болады.

3. Өлтіргіш заттар. Суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген жөн, әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л суға 30-50 г тұз қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак бұлар 1 л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ылғалдану үшін жүйелі түрде араластырған дұрыс.

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді: жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату.

Жібіту үрдісінде, шикізаттан консервіленетін заттар, қан, былғаныш заттар және ерігіш ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан, ақуызды заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін).

Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалай хлориді.

Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.

Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзын бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.



Натрий гексафторсиликатының мөлшерін анықтау. Сыйымдылығы 200 - 300 мл конус формалы шыны ыдысқа 100 см3 жібітетін сұйықтық құяды (анықтауды жібітетін суға басқа да материал қоспастан бұрын жүргізіледі) да 5 мин қайнатады. Содан соң 0,5 н натрий гидросиді ертіндісімен феиолфталейіннің қатысумен әлсіз қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Бұл кезде мына реакция жүреді:

Натрий гексафторисиликатыныңі мөлшері, г/л



Мұндағы: а - 0,5 н натрий гидроксидінің титрлегенде кеткен көлемі, см3; К - кальций гидроксидінің ертіндісінің титрдегі түзетуі; 23,51 - натрий гексафторсиликат саны, бұл 1 дм3 0,5 н натрий гидросиді ертіндісіне тең, г.



Кальций гидроксиді мен тотығының мөлшерін анықтау. Сүзіп алынған жібітетін сұйықтықтан 10 см3 алып ұқыптылық пен 0,1 н тұз қышқылының ертіндісімен араластыра, фенолфталейіннің қатысуымен қызғылт түстің бірінші жойылуына дейін титрлейміз. Ертіндінің бояуы 3 мин аралығына дейін титрлейміз. Ертіндінің бояуы 3 мин аралығына дейін көрінбеу керек.

Ол кезде мына реакция жүреді:



Тотықтың х1 және гидросидтің х2 құрамы, г/л:



; .

бұл жерде: а - 0,1 н тұз қышқылы ертіндісінің титрленгенге кеткен көлемі, см3; К - тұз қышқылы ертіндісінің титрдегі түзетпесі, 2,8 - 1 дм3 0,1 н тұз қышқылы ертіндісіне тең кальций тотығының саны, г; 3,7 - 1 дм3 0,1 н тұз қышқылының ертісіне тең кальций гидроксидінің саны, г.



Шелдеу үрдісі

Тері әбден суланғаннан соң, оның майлы және бұлшық ет қабаттарын біріктіретін тін талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл үрдіс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ, қозғалмайтын пышақ қолданылады. Терінің ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышақка әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін алады. Үшінші әдістегі пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды. Шелдеудің екі әдісі бар: «кесу» және «қырқу». Бірінші әдіс өткір құрал көмегімен орындалады. Бұл әдіс кезінде терінің шел жақ май қабатын лезвиямен кесіп алмау керек, ол үшін ұқыпты және мұқият жасаған дұрыс. Қырқу әдісінде шел жақ май қабатын қырқып, сосын жартылай өткір құралмен өзеңнен бөлектейді.



Жас терімен жұмыс істегенде, кейде қабыршағын айыру қиынға түседі. Бұндай жағдайда теріні кішкене борпылдақтандыруға болады. Бұл үшін терідегі еттерді тазартып, терінің, бахтармасын аздап жуып, бахтарманы бахтармаға беттестіріп, қосақтайды, оның көбірек тұрғаны жақсы. Бұл операция сәтті өту үшін, 15 қосақталған теріден аз болмау қажет. Сосын теріні тығыздау үшін үстіне жүк қойып, 20-40 сағатқа қалдырады. Шеберханада төмен температура және тері аз болса, престе көбірек ұстайды. Жылудың әсерінен бахтарма созылады да, шелдеу оңай жүреді. Толық созылған бахтарма кірлеу сұр түске боялады. Егер аз тері өнделіп жатса, оны қосақтап қоюға болмайды, теріні жайған бойы 20-30 сағаттай суда қалдырады.

Шел қалдығы құрамында колаген бар екенін ескеріп, одан желім жасауға болады.


Жүнсіздендіру және күлдеу

Жүнсіздендіру үрдісі (терінің түкті жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады:

1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету;

2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау.

Жүнсіздендірудің бұл әдісі көбінесе жүні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой, терілері) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің астыңғы бөлігіне арналған былғары өндірісінде де қолданылады.

Түк пен қыртыстың өзеңмен байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады.

Жүнсіздендірудің басқа әдісі - жүн түгін бір жола жою (еріту). Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немесе түкті түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі кератиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.

Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір ақуыздарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді. Күлдеу үрдісінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің ақуыздарымен өзара химиялық байланысады, колагеннің құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің талшықтары арасындағы ақуыздар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар (рН туралау үшін) сілтілік ерітіндісімен өндейді. Күлдеу үрдісінде, күлдеу сұйықтығының құрамындағы кальций гадроксиді, натрий сульфиді, сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі түрде бақыланады. Күлдеу сұйықтығындағы құрамында азоты бар заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексерілуі қажет.



Теріге жағылатын натрий сульфиді және кальций гидроксиді қоспасын талдау. Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтайды 10 см3 жағылатын қоспаны алады да сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдыста қайнаған тазартылған сумен араластырады. Алынған аналитикалық ерітіндіні сүзіп одан титрлеу үшін 25см3 -ді алады. Титрлеуді, натрий сульфидінің мөлшерін жібітетін суда анықтағандай, натрий нитропрусидінің қатысуымен жүргізеді.

Натрий сульфидінің мөлшері, г/л, мына теңдеумен анықтайды:



Содан соң кальций гидроксидінің мөлшерін анықтайды. Әдетте оның мөлшерін жағылатын қоспаның тығыздығы арқылы бақылайды, ол 1,35 - 1,40 см3 аралығында болу керек.



Натрий сульфиді мен кальций хлоридінен тұратын жағылатын қоспаны талдау. Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтай 10 см3 ұқыпты түрде араластырылған жағылатын қоспаны сыйымдылығы 150 мл өлшемі бар шыны ыдысқа салып, белгіге дейін тазартылған су құйып араластыра. Сұйытылған ерітіндіден 5 см3 алып натрий нитропруссиді индикаторының қатысуымен 0,1 н гексацианоферрат (ІП) калий ерітіндісімен көк түстен сарыға ауысқанға дейін титрленеді. Натрий сульфидінің мөлшері, г/л,

бұл жерде: а1 - титрлеуге кеткен 0,1 гексацианоферрат калий (III) ерітіндісінін көлемі, см3, К1 - гексационафферрат калий (ПІ) титріне түзетпе.

Содан соң кальций хлоридінің мөлшерін анықтайды. Сұйытылған ерітіндіден 5см3 жағылатын қоспаны алады да фенолфталеин индикторының қатысуымен 0,1 н күкір - қышқылының ерітіндісімен түссіз деңгейге дейін титрлейді. Ерітіндінің түсі 3 мин дейін пайда болмау керек. Кальций хлоридінің мөлшері, г/л

бұл жерде: а2 - титрлеуге кеткен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3; К2 - күкірт қышқылының титріне түзетпе.



Күлдеу сұйықтығын талдау. Күлдеу сұйықтығынан кальций гидроксидінің мөлшерін және оның сілтілігін анықтаудан бұрын талдауға әзірленген ерітіндіні мыс торшадан (сеткадан) немесе марлі арқылы сүлгіден өткізеді. Күлдеу сұйықтығынын негізділігі кальций гидроксиді немесе тотығының мөлшері арқылы беріледі. Олар әртүрлі қоспаларды (жүн, шел т.б.) ұстап қалады да, тек әк бөлшектерінің өтуіне ғана кедергі жасамайды. 10 см3 жақсы араласқан күлді сұйықтықты шыны түтікпен конус формалы шыны ыдысқа ауыстырады да, фенолфталейннің қатысуымен 0,1н. тұз қышқылының ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді.

X1 кальций тотығының мөлшері және X2 кальций гидроксидінің мөлшері немесе сілтілігі, г/л, мына формулалар бойынша анықталады:

;

Жалпы сілтілікті анықтау кезінде, титрлеуге индикатор ретінде фенолфталейнді емес, метил қызғылтын пайдаланады. Фенолфталейнмен титрлеу кезінде тек қана калий гидроксидінің мөлшерін емес, сондай-ақ сульфидтердің мөлшерінің де жарымы анықталады. Натрий сулъфидінің қатысымен кальций гидроксидінің мөлшерін дәл анықтау үшін, оның 1л күлді сұйықтықтығының жалпы мөлшерін осы ерітіндідегі калий тотығына есептегендегі, натрий сульфидінің мөлшерінің жарымын алып тастайды.

Мысал: 25 см3 күлдеу сұйықтығын титрлеуге 8,4см,3 0,1 кальий гексацианоферратының (Ш) ерітіндісі, ал 10 см3 титрлеуге кеткен кальций гидроксиді мөлшерін анықтағанда 26,2 мл 0,1н. тұз қышқылы ерітіндісі кетті.

Кальций гидроксидінің мөлшері мына теңдеуімен есептеледі:



г/л.

Күлдеуден кейінгі жартылай фабрикаттың сапасын бақылау. Жарғақтың күлденгендігін оның серпімділік дәрежесіне қарай бағалайды, яғни жарғақтың беткі жағын саусақпен басқан кезде із қалмауы керек. Сонымен қатар, жота сызығы бойынша сауыр бөлігінен алынған тілік біркелкі және жартылай мөлдір болуы керек.

Жартылай фабрикаттың күлденгендігі өзеңнен алынған тілікті ферменттерде еру жылдамдылығы арқылы сипатталады, сондықтан ферментті термиялық әдіспен анықтайды. Өзеңнің тілігі қаншалықты тез ерісе, соншалықты оның күлденгендігі жоғары. Жарғақтың күлденгендігін бұл әдіс бойынша былай анықтайды: кез-келген партиядан 3 дана жарғақ тандап алады да, сауырдың стандартты учаскесінен өлшемі 3х5 см тең сынықтарды кесіп алады.

Алынған сынықтарды өлшемі 10х6 мм тең бөліктерге бөлшектеп, сұйық көмір қышқылының көмегімен беткі қабатын мұздататын микротомда мұздатып, одан қалыңдығы 30 мкм тілік жасайды. Анықтауға керекті тіліктерді өзеңнің ортасынан (торлы қабаттан) алып, суы бар шыныаяққа салады. Өзеңнің төменгі бөлігінен алынған тілікті анықтауға алмайды.

Әрбір сынақтардан үш тілікті 15 см3 панкреотин сығындысы бар шыны стаканға салады. Оны дайындау үшін 0,15г панкреотинді 30 мин аралығында, 15 см3 27оС температурада тазартылған суда ұстайды. Содан соң сығындыны сүзіп, оған 1,5 см3 5% натрий хлориді ертіндісін қосады.

Тіліктер және сығынды бар стакандарды алдын-ала, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының жарғақтығын анықтау үшін 57оС дейін қызырылған, юфтке арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 55оС дейін қыздырылған, ал бұзау терілерінен хромдық былғарыға арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 54оС дейін қыздырылған су моншасына қояды. Колагеннің еру үрдісін бақылау үшін, тілік алынған стакандарды әлсін-әлсін су моншасынан алып бақылайды. Тіліктер майда бөлшектерге ыдырайды, ал олар өзінше шоқ таяқтарына бөлінеді. Соңғылары ферментті-термиялық әсерден нүктелік массаға айналғандай жіңішкеріп, көп ұзамай мөлдір сығынды түріне келеді (талдаудың соңы).

Жарғылықтың күлденгендігін анықтау үрдісі кезінде мынадай жағдай болуы мүмкін: негізгі тіліктердің массасы ерігенмен, ерітіндіге айналмаған жіңішке жолақтар қалады (бұл кезде талдауды қайта жүргізу керек). Бұл мынадай себептерден болады:

Мұздатқыш микротомда тіліктерді дайындау кезінде үлгілердің бірқалыпты тілінбеу салдарынан, (мысалы біркелкі тоңазытылғандықтан) ұстара торлы қабатпен қатар емізікше қабатының бір бөлігі немесе тері асты шел қабатының бөлігін алып кету мүмкін. Бұндайдан аулақ болу үшін талдаудың алдында тірліктерді микроскоппен тексеру керек.

Торлы қабаттың тіліктерін, колагенді шоқтардың бірімен-бірінің күшті өрленуімен шаш тамырларының болмауынан, эпителиалды құрылымның және көп жағдайда қан тасығыш түтіктердің болмауынан оңай тануға болады. Тері астындағы клеткалардың тіліктерінен колагенді талшықтар едәуір жіңішке, оның керілуі, өрілуі онша анық емес, қан тасығыш түтікшелер өте үлкен. Торлы қабаттың тіліктері кератиннің қалдықтары және талшық қалтасы арқылы оңай танылады. Талдау кезінде мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: негізгі колагенді масса ерігенмен, бірен-саран, көп уақытта ертіндіге айналатын талшықтар алады. Бұл ретикулді құрамындағы талшықтар, олар фермент әсеріне берік келеді, сондықтан оларға еру ұзақтығын белгілеу кезінде назар аудармау керек. Егер ерімеген талшықтар колаген талшықтары емес пе екен деген күмән болса, онда былай жасайды.

Негізгі колагендік тілік массасының еру уақытын белгілеп, қалған талшықтарға одан ары ыстықпен әсер етеді. Егер 10 мин аралығында осы көрініс өзгермесе, онда еру ұзақтығына негізгі массасының еру уақытын қабылдайды. Егер талшықтар ерісе, онда еру ұзақтығы массасы мен талшықтардың еру уақытының қосындысынан құралады.

Төменде, колагеннің еру ұзақтығымен сипатталатын, жарғақтың күлдену мөлшері келтірілген, мин:

бұзау терісі 25-35;

23-ші бөлік өлшемі 35-40;

24-ші және 3-ші бөлік өлшемі 40-50;

4-ші бөлік өлшемі 50-60;

тана терісі 50-65.

Қажет болғанда жарғақтағы ылғал, су, ақуызды заттар мөлшерін химиялық талдау арқылы анықтауға болады. Оларды шикізатты немесе былғарының химиялық талдау кезіндегідей әдістермен жүргізіледі.

Күлденуден кейін жартылай фабрикатты гистологиялық бақылау, микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Өткір ұстарамен жарғақтың жал бөлігінен алынған өлшемі 2x2 см үлгіні, өлшемі 10x3 мм тең бірнеше бөлікшеге бөліп, оларды фиксация үшін екі тәуелікке 10% формалин ерітіндісі бар банкаға салады. Жарғақтың 2-3 бөлікшелері үшін 100 см3 формальдегид ерітіндісін алады. Бекітілгеннен кейін үлгілерді сумен жуады да, тоңазытқыш микротомда қалыңдығы 30-40 мкм тіліктер жасайды, содан кейін оларды гемотокселинмен және экозинмен бояйды, құрғатады, заттық шыныға ауыстырады және беті шынымен жабылған самырсын шайырының ішіне енгізеді. Содан соң микроскоппен қыртысты-кератиндік құрылымының жоғалуын немесе жойылу дәрежесін және талшықтарға бөліну белгілері мен колагенді шоқтардың жай-күйін байқайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет