Мерлушка, ешкі, лямка терілерін өңдеу. Мерлушка, ешкі, лямка - қозы терілері. Негізінен оларды пластпен шешеді және престі құрғақ консервілеу әдісін қолданады. Теріні жібіту үшін ас тұзы ертіндісі керек. Барлық дымқылды операциялар үшін сұйық көлемі тері салмағынан 10 есе артық болады, 20 г/л тұз кетеді. Лямканы жібітуде жүнді жабынның жоғары майлылығы үшін 0,5-1 г/л жуатын зат қосады. Жібіту ұзақтығы мерлушка мен ешкі үшін 18-20 сағат, ал лямканы жуатын зат қоспай тұрып, 10 сағаттан екі рет жібіту жүргізеді. Лямканың жүнді жабыны өте майлы болғандықтан, оны мұқият майсыздандыру керек, ол үшін 2-4 г/л жуғыш ертінді қажет. Майсыздандыруға 45 мин уақыт кетеді. Егер терідегі май сығып, жуғаннан кейін кетпесе, онда операция қайталанады. Сосын пикельді-илеу өткізіледі. Пикельді-илеудің жалпы ұзақтығы - 14-16 сағат. Әр 2 сағат сайын теріні мұқият араластырады.
Ешкі мен мерлушкаға қарағанда лямкаға басқа бірнеше ертінділер дайындалады. Темпертурасы 40-42°С суға 45г/л ас тұзы мен 6 г/л сірке қышқылын қосады. Теріні салып, жақсылап араластырып, 4 сағаттан кейін 10 г/л гипосульфит, ал жарты сағаттан соң 0,9 г/л хром оксиді есебімен хромді квасц ертіндісін құяды, сағат сайын араластырып отырады.
Пикельді-илеуден кейін теріні дұрыстап жайып, 10 сағатқа қойып қояды. Кейінірек теріні сығады және қапсырма иілгіде барлық бағыт бойынша алдымен ұзындығын, сосын енін жазып қояды. Жағу әдісі бойынша майлайды да, 50°С дейінгі температурада іледі. Оны алады да 8 сағатқа қалдырады. Сосын дымқыл ұнтақ пен жұқалап ылғалдайды немесе су себеді. Теріні біраз жатқызғаннан кейін қағып, барлық бағыты бойынша созғылайды. Сосын тері тінінің жүнді жабынын құрғақ ұнтақпен сүртеді.
Мехтік қой терісін өңдеу. Қой терісі - бұл қой мен қошқардың биязы және аралас жүнді жабыны, олар әртүрлі қылшық және жүндес тұқымды болады. Биязы жүнді жабыны - қалың, ұзындығы біркелкі, ақ түсті болып келеді. Тері тіні жұқа және борпылдақ, ал жүні май бездерінің салдарынан майлы болады. Жартылай биязы қойлардың жүні азырақ майлы. Аралас жүнді қойлардың жүнді жабыны бір түске боялған, майлылау болады.
Жас малдың терісін өңдеу. Жас мал терісін өңдеу жеңілдеу. Ал үлкен малда, әсіресе, биязы жүнді қой терісін, ұзын жүнді жабындарын өндеу қиынға түседі. Мехтік қой терісін престі құрғақ, құрғақ тұздалған немесе ылғалды тұздау әдісімен консервілейді. Әр түрлі операцияларды жүргізу үшін суды 1:19 қатынасындай қылып алу керек. Жібітудің екі түрін өткізеді. Бірнші құрғақ тұзды немесе престі қүрғақ әдіспен консервіленген қой терісін температурасы 35°С ерітіндіде 20-24 сағат, сосын 0,75 г/л кремнофторлы натрий, 0,5 г/л жуғыш заттарда ұстайды. Жібіту ұзақтығы - 8-10 сағат.
Ылғалды тұздалған шикізатты жібітудің біршама өзгешеліктері бар: температурасы 35°С ерітіндіде, 1 г/л кремнофторлы натрийда. Жібіту ұзақтығы - 4-6 сағат. Қой терісін жібітуден кейін қылшығы бойынша қисық қалыпқа соғады. Келесі операция майсыздандыру да екі түрлі жолмен жүргізіледі. Бірінші майсыздандыру, ертіндісі:3 г/л жуатын зат, 0,5 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин. Кальциленген соданы мөлшерімен ерітеді. Майсыздандыруды 43°С температурада, 45 минут үздіксіз араластыру арқылы өткізеді. Сосын қылшығы бойынша қалыпта сығады және осы құралды қолдана отырып, шелдейді. Одан соң екінші майсыздандыруды жүргізеді. Ертіндісі: 0,1 г/л кальциленген сода, 40%-ды 0,5 г/л формалин, 5г/л жуатын зат - биязы жүнді қой үшін, ал жартылай биязы жүнді қой үшін - Зг/л . Осыдан кейін қой терісін түсіріп алып, үздіксіз араластыра отырып сорғытады, сосын екі қайталап жуады. Жібітуден түсіргеннен соң пикельдеп-илеу үрдістерінің 20 сағаттан аспауын еске сақтаған жөн.
Пикельдеп-илеу үшін 42°С температурадағы суға 40г/л ас тұзын, 2,5г/л күкірт қышқылын қосып араластырады да, теріні салады, сосын биязы жүнді және жартылай биязы жүнді терілер үшін 3 сағат, аралас жүнді терілер үшін 4 сағаттан кейін, 0,3-0,5 ертілген күйдегі кальциленген сода қосып араластырады және 2 г/л гипосульфит пен 2,5 г/л хромды илегіш салады.
Илеу 12-20 сағатқа созылады. Илеудің аяқталғанын тығыздығы мен түсі бойынша білуге болады. Ол жеткілікті тұздалған және жасыл түске боялған болуы тиіс. Майыстырып тартқанда ақ сызықтар пайда болады. Содан соң қайыста барабанның көмегімен ылғалды ұнтақпен ұрғылайды, жүнді жабынын тарап, кептіреді.
Тондық қой терісін өңдеу. Бірінші операциясы – жібіту, престі құрғақ және құрғақ тұзды әдіспен консервіленген қойлар үшін екі рет жібіту қажет. Жұмыстың барлық жағдайында 1 кг теріге 5л сұйықтығы бар ерітіңді кетеді.
Бірінші жібітуге мынадай заттар қажет: 0,55 г/л жуатын зат, 2г/л кристалды натрий сульфиті, 1 г/л натрий кремнофторы. Жібіту ұзақтығы - 20-24 сағат. Теріні салғаннан кейін 4 сағаттан соң араластырады және әр сағат сайын бір бағытқа араластырған дұрыс. Біріншілік илеуден соң теріні қалыпта жүні бойынша сығады.
Екіншілік илеуге 2 г/л жуатын зат, 1 г/л натрий кремнофторы, 20г/л кристальды натрий сульфиді қажет. Жібітуді бір бағытта араластыра отырып, 12 сағат аралығында өткізеді. Осыдан кейін теріні сығады, шелдейді, контуры бойынша бахтармасын кеседі.
Егер тері ылғалды тұздау өдісімен консервіленген болса, онда жібітуді екі рет өткізеді. Біріншісін 35°С температурада, 2г/л натрий кремнофторы мен 2г/л натрий сульфиді қатысында 6-8 сағат жібітеді. Екіншісін 35°С температурада, 2г/л жуғыш заттың көмегімен 2-4 сағат жүргізеді. Сосын теріні алдыңғы жағдайдағыдай өңдейді. Шелдеуден соң теріні міндетті түрде майсыздандырған дұрыс. Бұл үшін мынадай дайын ертінді дайындайды: 3 г/л жуғыш зат, 40%-ды 1мл/л формалин және 0,5 г/л калъциленген сода. Операцияны 40-42°С температурада 1 сағат ішінде үнемі араластырып отырып жүргізеді, сосын теріні 40°С-дан төмен емес температурадағы таза сумен 20 минуттан екі қайтара жуады.
Енді 2,4 г/л күкіртпен 2г/л құмырсқа қышқылмен және тек қана күкірт қышқылымен орындалатын пикельді-илеу үрдісін жүргізуге болады. Екі жағдайда да теріні қышқылмен қоса хром оксиді құрамына байланысты 2,5 г/л хромді илегіш, 40 г/л - ас тұзы бар ертіндіге салады. Ертінді температурасы - 40°С. Бірінші жағдайда - 12 сағат, екінші жағдайда - 8 сағат бір бағытта үнемі араластырып отырады. Осыдан кейін бірінші ингредиенттер қосылады: 1-ге 2 г/л гипосульфит пен 2г/л хромді илегіш. Теріні мұқият араластырады да жарты сағаттан соң 0,25-0,3 г/л кальциленген сода ертіндісін қосады. Үрдіс басталғаннан кейін 15 сағаттан соң және әр сағат сайын ертіндіге жоғарыдағы мөлшердегідей кальциленген сода қосады. Сосын 18-20 сағатқа созылып, терінің иленген мехтік қой терісінің көрсеткішіндегідей болғанынан білесіз. Дайын теріні 20-24 сағатқа қалдырады, сосын сығады және қалыпта дұрыстап, қолмен және щеткамен жағу әдісімен майлайды. Майланған терінің жүнін ішіне қаратып 4-6 сағатқа қалдырады, сосын барып жақсы желдетіретін қоймаларда кептіреді.
Сосын теріге ылғалды ұнтақ пен суды жеңілдетіп себеді, тағы жатқызады. Тері тіні жұмсарғаннан кейін жүнін тарайды және пемза мен наждак қағазбен тазартады.
Біз айтып кеткендей, қой терісі өте майлы, сондықтан да теріде май ақаулары болу себебі әбден мүмкін. Бұндай жағдайда ертедегі әдісті қолданып, топырақ көмегімен майсыздандырамыз. Бұл үшін топырақты суда ерітеді де майлы жерлерге жағады. Қой терісін қараңғы қоймаларда толығымен кепкенше іліп қояды. Одан соң кепкен топырақты түсіреді және тері тінін тазартады. Егер дақ кетпесе, онда операцияны қайталаймыз.
Жабайы шошқа терісін өндеу. Жабайы шошқа терісін қоян ретінде және интерьерді бөлектеу үшін пайдаланады. Терісін шешу қойдікі сияқты, тері асты қабатының майы қалың болуы қиынға түседі. Терісін шешкеннен соң суытады, бірақ мұздатады. Консервілеу алдында мұқият араластыру керек. Бұл өте көп еңбекті қажет ететін жұмыс, сондықтан мұқият жасаған дұрыс. Егер теріні алмай, теріге тұз себсеңіз, сақтау үрдісінде қышқылданып, желім тәрізденіп, келесі үрдістерді қиындата түседі.
Майсызданған шикізатта 100 дм2 ауданға 2-3 кг тұз кететіндей қылып қалыңдап себеді. Осындай жағдайдағы теріні 1-15°С температурада 3-4 тәуліктей ұстайды. Жоғары температураның салдарынан тері ісініп кетеді. Сосын терідегі тұз қабатын алып, жаңадан жағады. Осыдан кейін теріні ұзақ уақыт сақтауға болады. Қысқы уақытта шикізат мұздап кетпес үшін сақтанған жөн.
Шикізатты бүктелген күйінде сақтау кезінде, кейінірек жүннің түсу қаупі төнеді. Теріні өндемес бұрын жібіту қажет. Оның бірнеше әдістері бар:
1-ші әдіс. 45°С температурада мынадай ертіндіні дайындалады: 45г/л ас тұзы, 5г/л кальциленген сода мен 3г/л кір сабын. Жаңа консервіленген теріні үнемі араластырып отырғандағы жібіту ұзақтағы - 2-3 сағат, ұзақ сақталған шикізат үшін -24 сағат. Сосын теріні 1 сағат жатуында да, қалыпта ұрғылайды. Одаң соң тағы да осындай сұйық мөлшерінде жібіту жүргізеді. 32°С температурада келесі ертіндіні дайындайды: 30г/л ас тұзы, 1г/л кальциленген сода, 1 г/л кір сабын, 1 г/л техникалық бұрыш. Екінші жібіту уақыты - 4-тен 12 сағатқа дейін. Осыдан кейін шелдеуді қайталайды. Керекті жағдайда дайын ертіндіде жібітуге дейін өткізеді. Осы оперцияларды орындағаннан соң, температурасы 32°С таза суда 1 сағаттай шаяды, сосын сорғытады. Кейінірек шикізатты бензин немесе скипидармен майсыздандырады. Бұл үшін температурасы 36-38°С сұйықты тері салмағынан 10 есе артық қылып алады. Оның құрамы 10 г/л ас тұзы мен скипидар және 200 мл/ л бензиннен тұрады. Майсыздандыруды ашық ауада 1-1,5 сағаттай жүргізеді. Сосын температурасы 34°С суда жарты сағат жуады.
2-ші әдіс. Жібітуді кәдімгі тұз ерітіндісінде жүргізуге болады. Температурасы 36°С суға 45г/л тұз салады. Тері жағдайына байланысты, процедура ұзақтығы 12-ден 24 сағатқа дейін. Сұйық көлемі біріншідегідей. Бірінші жібітуден соң ұрғылау мен шелдеуді өткізеді. Сосын жаңа құрам дайындайды. Температурасы 36°С суда 3 мл/л 25% мүсәтір спирті мен 2г/л жуатын затты ерітеді. Екінші жібіту ұзақтығы - 4-6 сағат. Сосын қайтадан шелдейді, керекті жағдайда жібітуге дейін дайындалған ертінді де жүргізеді. Осыдан соң майсыздандыруды өткізеді: Температурасы 36°С суға 8 г/л кальциленген сода, 3г/л кір сабын және ОП-10 Зг/л дымқылдандырғыш кетеді. Су көлемі теріден 10 есе жоғары болуы керек. Үнемі араластырып отырғандағы майсыздандыру уақыты - 1 сағат. Сосын теріні сорғытады да, екі қайтара жуады. Бірінші жібіту үшін су көлемі мен температурасы жоғарыдағыдай, онда 1 г/л кальциленген сода, 1г/л кір сабын және 1 г/л ОП-10 ерітеді. Жуу ұзақтығы - 40 минут, 2-ші рет жуғанда су көлемі сондай, бірақ температурасы 32°С суға 2 мг/л, 25% мүсәтір спирті қосылады. Жуу ұзақтығы - 30 минут. Сосын 1 сағаттай теріні сорғытады, егер шелденбей қалған жері болса қайта шелдейді.
3-ші әдіс. Су көлемі тері салмағынан 40 есе артық, температурасы 18-20°С суға 30 г/л ас тұзы қосылады. Ұзақтығы 48 сағат, тері шірімес үшін 0,5 г/л хлорлы әктас (суда ертілген) қосады. Сосын теріні сорғытады және шелдейді, осыдан соң екіншілік жібітуді жүргізеді. Бұл үшін сондай көлемдегі, сондай температурадағы суға 30 г/л ас тұзы мен 0,5 г/л хлорлы әктасты ерітеді. Жібіту ұзақтығы - 18-20 сағат.
Теріні 8-10 сағаттан соң жақсылап араластырады. Тері ертінді бетіне шықпауын қадағалап отырған дүрыс. Бұл үшін терінің жүнін жоғары қаратып, үстіне жүк қою керек. Екіншілік жібітуден соң қайта шелдейді. Сосын майсыздаңдырады. Бұған келесі тәсілді қолдануға болады. Тері салмағынан 10 есс артық, температурасы 36°С суға 5 г/л үшнатрийлы фосфат, 3г/л жуатын ұнтақ қосып, шикізатты салады. Осыдан кейін екі рет жуады. Бірінші жуу - температурасы 32°С суға 1г/л үшнатрийлы фосфат пен 1 г/л жуатын ұнтақ қатысында 40 минутта өтеді. 2-ші жуу да сол температурадағы суға 2 мг/л 25% 55г/л нашатыр спирті қатысында болады. Сосын теріні 2 сағат сорғытады, қажет болған жағдайда шелдейді. Егер тері жаңаланған болса, онда жібіту мен майсыздандыруды ұстамауы мүмкін.
Келесі операция - тұздау. Теріні су көлемі тері салмағынан 10 есе артық, температурасы 32°С 60г/л ас тұзы қосылған ертіндіде жарты сағат ұстайды, үнемі араластырып отырады. Сосын 2 мл/л сірке қышқылын немесе 0,5 мл/л күкірт қышқылын қосады. Қышқылды 150 мл/л мөлшердегі нан ашытқысымен алмастыруға болады. Теріні 20-30 минут сайын араластыра отырып, 1,5-2 сағат жұмсартады. Керек жағдайда теріні шелдейді, пикельдеуге сосын бірақ жібереді. Бұл операция жұмсартқыш ертіндіде жүргізіледі. Бірнеше пикельдеу әдістері бар.
1-ші әдіс. Ерітіндіге сірке қышқылынан - 30 мл/л, күкірт қышқылынан 4,5 мл/л қосады. Егер жұқа шелді болса, онда қышқылды азырақ алады. Ертіндіде ұстау уақыты - 48 сағат, әр 6-8 сағат сайын араластырады. Егер тері калың шелді болса, онда пикельдеуді тағы 24-48 сағатқа ұзартады. Біраз жатқан теріні қалыпта ұрғылайды.
2-ші әдіс. Жұмсартқыш ертіндіге 7 мл/л сірке қышқылы мен 3 г/л карбомид қосады. Үнемі араластырғанда 1-ші этаптағы пикельдеу ұзақтығы 3-4 сағат. Бұдан соң ертіндіге екі қайтара сірке қышқылын қосады: 1-ші ретте - 10 мл/л, 2-шіге 8-10 сағатан кейін 8 мл/л. Жалпы пикельдеу ұзақтығы - 30-36 сағат.
3-ші әдіс. Бұған алюмокалийлі ашытқысын пайдаланып, оған 25 г/л пикель ертіндісін қосады. Сонымен қоса 2 г/л кальциленген сода салып, осы ертіңдіде 12 сағат ұстайды. Сосын 2 г/л кальциленген сода құяды да, 36-48 сағат илейді, әр 10 сағат сайын араластырады. Бұдан соң біраз жатқызады, қалыпта ұрғылайды және кептіреді.
Әрі қарай теріні жағу әдісі арқылы сумен ылғалдайды. Керек жағдайда 6-8 сағат жаткан соң тағы да ылғалдайды. Біраз жатқаннан соң теріні мыжғылап, сосын майсыздандырады, бұған топырақ пайдаланады, 2г/л кальциленген сода мен 3 г/л жуғыш ұнтақ ертіндісімен жуады. Екі сағаттық сорғытудан соң майлау және тері мен жүні толығымен кепкенше кептіреді. Сосын теріні тегістеуге және басқа әдіспен майсыздандыруға болады. Бұл үшін тері салмағынан 30 есе арттырып, температурасы 40°С суға 3г/л кальциленген сода, 3 г/л жуғыш ұнтақ қосады да, 1 сағат майсыздандырады. Біраз жатқаннан соң бастапқы көлемдегідей сумен 1-шілік суды бастайды. Бұған 1 г/л кальциленген сода және 1 г/л жуғыш ұнтақ қосады. Жуу уақыты - 40 минут. Екіншілік жуу температурасы - 32°С, таза суда 30 минут ішінде жуылады. Біраз жатады да, шелді майлау мен кептіруді жүргізеді. Толығымен кептірілген теріні дымқылдап, 10-12 сағат жабық күйінде жатқызады, сосын мыжғылайды, кептіреді.
№ 2 Тәжірибелік сабақ
Былғары және мехті өңдеу технологиясы
Мех шикізаттарына сипаттама. Mexтi өңдеудегі басты мақсат - мал терісінен алынған шикізаттан әртүрлі қажетті өнім алу. Барлық түрдегі шикізаттар мехтік өңдеуге жарамды болып табылады. Бipaқ әрқайсысының өзіне тән қасиеті бар. Сондықтан оны тұтас мехтік-мамық шикізат жіктемесі (классификациясы) дейді. Ол екі негізгі классификациядан тұрады: мамықты сою кезіндегі және оның өлшемі бойынша. Біз соңғы классификацияны пайдаланамыз. Ceбeбi, тepiні өңдеудің практикалық маңызы өте зор.
Mеxтiк шикізат ipi, орташа және ұсақ болып бөлінеді.
Ipi шикізатқа - қой, бұзау, теңіз мысығы, итбалық, түлен, қасқыр, ит және тағы басқалары жатады.
Орташа шикізатқа - қаракөл, елтірі, лақ, мерлушка, қоян, құндыз, түлкі, қара сусар және т.б. жатады.
Ұсақ шикізатқа - ала тышқан, көр тышқан, бұлғын және т.б. жатады.
Бipiншi топтағы терілердің ерекшелiгi – олардың ipi өлшемділігінде. Ipi терінің ең жақсы бөлігі - жота, құйымшақ тұсы және мойын. Негізгіде бүйір мен бауыр тepiciндегi жүн сиректеу. Бip терінің өзінде-ақ жүнді жабынның бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Бұны пішкен кезде ескерген жөн. Енді кeйбip тері түрлерімен толығырақ танысамыз.
Мехтік қой тepici - қой және қошқар тepiлepi. Олар қырқылған және қырқылмаған болуы мүмкін. Өнім жасаған кезде табиғи түpдегі және қара, қоңыр, сұр, сарғыш және т.б. түске боялған қой тepiлерiн қолданады. Қой терісінен әйелдер мен балалар пальтоларын, жағалар, бас киімдер жасайды.
Сүт еметін бұзау тepici - әлі шөп жей алмайтын жас бұзау терілері. Қасқырдың терісін қыста аулап алады. Жүнді жабыны қалың, биік, әртүрлі жұмсақтықта және жібектей болады. Мехтің түci қара және ақшыл көктен қара жиренге дейін болуы керек. Одан бас киім, әйел және балалар пальтосын жасайды.
Орташа топтағы теpiлерді пішілуіне байланысты бірнеше топшаларға бөледі:
а) Қаракөл терісі - eлтipi, қаракөл, мерлушка, қаракөл-қаракөлше және басқалары.
б) Бағалы мамық мехтік тepi - қара күзен, бұлғын, сусар, күзен, түлкі, құндыз, кәмшат және басқалары.
в) Мысық, қоян, аңдардың тepiлepi.
Бұл тoптағы терілердің өлшемі әркелкі. Бip өнімге орташа есеппен 15-тен 40-қа дейін тepi кeтyi мүмкін. Бұйраланған топқа қозы, қойдың бағалы қаракөл тұқымы мен ірі қылшықты қойдың (бағалы) қозысының тepici жатады. Ең бағалы терілерге: қаракөл, қаракөл-қаракөлше, елтірі жатады. Осы топтағы терінің ерекшелігі жүнді жабыны құйымшақ тұсынан мойынына қарай бағытталған, бұйралығы да осыған сай келген. Бұйрасының тығыздығы, түpi, пішінi тepі сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Тері бұйрасының түріне байланысты үш топқа бөлінеді: бағалы - валек, боб, гривка; арзаны - моншақ бұйра, ұсақ және ipi сақиналар, деформацияланған - берік бұйралар.
Валек - ең бағалысы. Олар қылшықтардан тұрады. Валектің қылшығы екі топқа бөлінеді: жабатын - ол бұйраның сыртқы бөлігінен тұрады және оның пішінін анықтайды, eкіншіci шығып тұратын - бұйраның iшкi бөлігi. Вальканың күштілігін жабатын қылшық бұйралық дәрежесін көрсетеді. Ол сақина пішініне қанша жақын келсе, сонша мықтырақ келеді. Егер қылшық доға тәріздес және бұйралығы аз болса, онда валек борпылдақ болады. Терінің әдемілігі мен бағалылығын валектің биіктігі, ұзындығы және ені арқылы анықтайды. Ені бойынша: енді (8 мм жоғары), орташа ( 4-8 мм) және қысқа (4 мм-ге дейін); ұзындығы бойынша: қысқа (12-20 мм), орташа (12-53 мм), ұзын (33 мм-ден жоғары); биіктігі бойынша: биік (енінін биік), жартылай дөңгеленген (биіктігі енімен бірдей), тегіс (енінен кіші). Орташа және ұсақ өлшемдегі жартылай дөңгеленген валька бұйра тepici - ең бағалысы болып болып саналады.
Боб - өте қатты қысқартылған валекті елестететін бұйра.
Гривка - орталығы сызықтан, eкi жағы да тіс бұрышпен таралатын бұйра қылшық. Олар симметриялы және ассиметриялы болуы мүмкін. Гривка ені бойынша: тарлау (4 мм -ге дейін), орташа (4-8 мм), енді (20-30 мм) және ұзын (30 мм жоғары) болады. Тар және ұзын гривкалы валек терісін кирпук дейді. Олар әдемі суреттегідей болады және жоғары бағаланады. Енділеу гривка терісі, бағалы болып саналады.
Домалақ тәрізді бұйра нeгiзгi бүгіліңкірек келген, ал жоғары жағында бұғақша пайда болады. Ұсақ сақиналы бұйра. Heгiзгi ақырындап берілген, жоғарғы жағы ұсақ сақина болып бітіп, тeгic тepiгe қарсы жатады. Ал ipi сақинада негізіндегі бұйрасы берілмеген. Олар ipi сақина түзеді және теріге қарсы орналасқан. Жартылай сақиналығының бұйрасы доға тәріздес болады.
Моншақ тәріздес бұйра спираль тәрізді бұйраланған. Олар қылшығы өсіп кеткен төменгі сорттағы қаракөлмен сәйкестеу. Ұлу тәріздес бұйралы терілер арзан бағалығы жатады. Киіз тәріздес орайы мен бұйрасы тepi тініне қысылған. Орайдағы бұйраның қылшықтары әр жаққа бағытталған. Бұндай терілердің бұйралары ұйпа-тұйпа болады. Қысылған бұйраларды «жабысқан қылшық» деп атайды. Бұйраның сапасын тығыздығы көрсетеді. Егер қылшықты алақанмен ұстаған кезде бұйраның биіктігін байқасаңыз, ол оның тығыздығы деп түсініңіз, ал беріктігі айтарлықтай болмаса, орташа тығыздықты, беріктігін мүлдем сезбесеңіз, онда тығыздығы нашар деп саналады. Енді біз осы топтағы терілерді жеке қарастырамыз.
Қаракөлше - бұл тұсақ пен бұғының төлінің терісі, олар жергілікті және таза тұқымды қаракөл қойларынан алынады. Бұл осы топтағы бағалы шикізат.
Қаракөл - бұл қаракөл тұқымды қойдың 1-ден 3 жасқа дейінгі қозысының терісі. Таза тұқымды қаракөлдің жүнді жабыны жұмсақ, жібектей жылтыраған болады. Жергілікті қаракөл арзандау бағалы шикізат, оның жүнді жабыны ірі, жібектігі аз және шыны түсті. Қаракөлден әйел пальтосын, пелерин, жаркет, палантин, ер адамның бас киімін және жағалар жасайды.
Мерлушка - бұл бірінші жүнді жабынды қозы терісі. Тұқымына байланысты орыс және қазақы болып бөлінеді. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының пішіні боб, сақина-моншақ тәрізді болады. Бірақ таралған бұйрасыз мерлушкалар да кездеседі. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының сапасы қазақы мерлушкадан жақсы. Мерлушканы қара, қоңыр, сарғыш түске бояйды. Негізінен ер адам пиджагін, бас киімдер жасайды.
Лақ - жүнді жабыны қара және қоңыр түске боялған және табиғи көкшіл-сұр түстегі ешкі төлінің терісі. Лақ терісін жүнді жабынының ерекшелігіне байланысты келесі топтарға бөледі:
Жағалық - ол талшықты жүнді жабынымен сипатталады, тегістелген лақтың терісі шыны түсті, ақшыл түсті жүнді жабынның биіктігі 4 см ден жоғары; жалаңаш жері де сирек, төмен, әлсіз байланатын жүнді жабыны болады. Лақтың терісінен әйел мен балалар пальтосын жасайды.
Лямка - ірі қылшықты тұқымды қойдың қозысының терісі, жүнді жабыны ұзын және қысқа, мөлдір түсті, биіктігі мен пішіні ұсақ және орташа көлемде болуы мүмкін. Лямканың жүнді жабынының әркелкілігінен қандай да бір өнім жасағанда бірдей тері алу өте қиын. Сондыктан лямкадан кішілеу өнімдер жасайды. Мысалы: бас киімдер мен балалар пальтолары.
Енді біз қымбат мамықтық терілерді қарастырамыз.
Жабайы және тордағы қара күзен терісі - жүнді жабынының түсі бойынша айтарлықтай өзгеше. Жабайы қара күзеннің екі түрі бар: европалық және америкалық.
Европалық қара күзен Европа елдерінде мекендейді. Америкалық қара күзен торда ұстау жағдайында өсіріледі. Қара күзеннің түсі қоңыр және ақшыл-қоңыр болып келеді, тіпті әртүрлі ашық-қарадан қара қоңыр түске дейін болуы мүмкін. Олар сұр, көкшіл-сұр, сарғыш, қара, қара дақты түсте болады. Жонарқа, құймышақ тұсы терілерінің жүнді жабыны - жылтыр. Бауыр терісінің жүнді жабыны сирек және қысқа. Қара күзенді көлемі бойынша: ұсақ тері (3-4,5 кв.дм.), орташа ( 44,5-6 кв.дм), ірі ( 6-8 кв.дм), ерекше ірі (8-9,5 кв.дм) және одан да ерекше (9,5 кв.дм - ден жоғары) деп бөледі.
Күзен, сусар, бұлғын терілерінің ерекшелігі - орайының ақ және сары түсті болуы, жүнді жабын бағытының әр жаққа қарай таратылуы және жұмсақ, қалың, жалтырауық жүнді жабыны мен тері тінінің жұмсақ әрі жеңілдігі болып табылады. Бұндай тері өте бағалы және де әдемі. Сондықтан осындай теріден палантин, пелерин, шарф, бас киімдер, кейде тон және мехтік пальто да жасайды.
Құндыз терісінің жүнді жабыны орташа биіктікте. Ол ірі, толық, жылтыр, қоңыр түсті, қалың, тығыз және қара - қоңыр мамықтан тұрады. Ең жақсысы бауыр терісі болып саналады. Мамықтың қылшығы қалың болады.
Сондықтан терілерді жонарқасы бойынша кесіп түтікпен сыпырып алады. Құндыздың мамығының қылшығы жұқа болады. Құндыз терісі қырқылған және қырқылмаған, боялған және табиғи түрде (боялмаған) қолданылады. Оны қоңыр, сарғыш, қара түске бояйды. Құндыздан әйел пальтосын, жағалар, бас киімдер және т.б. дайындайды.
Кәмшат және құндыз терілері керемет жылу сақтағыш қасиеттерімен ерекшеленеді. Жүнді жабаны тығыз, орташа қатты және әдемі келеді. Бұлардан ерлер мен әйел жағаларын, бас киімдер жасайды.
Түлкі терісінің өзіне тән топографиясы бар. Түлкінің: қызыл, қара, қоңыр және т.б. сан алуан түрі кездеседі. Осы барлық түрдегі түлкінің жүнді жабыныны қалыңдығы, ұзындығы және түсі бойынша ерекшеленеді. Терінің жеке бөліктерінде жүнді жабыны әркелкі: бүйірінде - қалың, ұзын, жұмсақ; құймышақ тұсында - ірілеу, ұзындау; бауыр терісінде - ұзын, бірақ сирек; бүйірмен салыстырғанда, жонарқада - қалың, ірі, қысқа болады. Аяқтарының ұзындығы орташа, бірақ төменірек келгенде қысқарып және іріленіп кететін қылшықпен қапталған. Құйрық жағының жүнді жабыны ұзын, қалың.
Қоян терісінің ең жақсы бөлігі - жонарқа мен құйымшақ тұсы, қылшығы мойынынан құйымшағына қарай бағытталған. Құйрығы мен құйымшақ тұсына қарағанда, бауыр мен бүйір терілерінде қылшық сирек болады. Қоян терісінен әйел пальтоларын, жағалар мен бас киімдер жасайды.
Міне, біз орташа көлемдегі мехтік терілерімен қысқаша танысып өттік. Енді үшінші үлкен топ - ұзақ көлемді терілерді талдаймыз. Қысты күні мех бағалы болып саналады. Ақ тиіннің бүйірі мен бауырында жүнді жабыны сирек, ақшыл түсті, тері тіні жұқалау болып келеді. Көлемінің кішілігіне қарамастан топографиясы әркелкі. Сондықтан пішу кезінде теріні жеке бөліктерге бөледі: төс, сан, аяқ және т.б. Сосын пластина қосады. Оны кейінірек өнімді тіккенде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |