Күлсіздендіру және жұмсарту
Жартылай фабрикат күлдеуден кейін (жарғақ) жоғары сілтілікке ие болады. Оған кальций гидроксидінің жарғақпен химиялық байланысқан және капилярлы сіңген мөлшері мен натрий сульфиді себепші болады.
Келесі үрдістерді жақсы жүргізу үшін жарғақты күлден арылту керек, яғни артық сілтілікті бейтараптап, оның ісінгендігін жою қажет. Жарғақты жүннен арылту үшін былғары өндірісі практикасында көбінесе аммоний тұздарын қолданады, әдетте аммоний сульфатын, сонымен қатар басқа да реагенттерді қолдануға болады (органикалық және минералды қышқылдар, натрийдің гидросульфит және гидросульфаты т.б.).
Аммоний сульфатын күлден арылтуға қолдану, бұл қосылыстың гидролиз үрдісі кезінде бейтараптауға әсерін тигізетін, күкірт қышқылының түзілуіне негізделген.
Сонымен қатар, түзілетін аммоний гидроксиді жарғақтың ісінуін туғызбайды және жұмсақтығын сақтайды, кейіннен аммоний гидроксиді оңай ұшып кетеді. Бұл жүйе теңдікте болғандықтан күкірт қышқылы сілтілерді бейтараптауға қанша кетсе, сонша түзіледі, сөйтіп үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Жарғақтың құрылысындағы кальций гидроксидін аммоний сульфатымен бейтараптауды схема түрінде былай көрсетуге болады.
Әдетте, аммоний сульфатын қиын еритін гипс түзілуін болдырмау үшін артық мөлшерде алады. Жұмсарту үрдісі тәртіп бойынша күлден арылтумен бірге жүргізіледі және онымен тығыз байланысқан.
Жұмсарту жүннен арылған жарғақты қысқа уақытта ферментті препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі. Осының нәтижесінде жарғақтың беткі қабаты және былғары жұмсақтыққа, созымдылыққа және тегістікке ие болады. Сонымен қатар, ақуыздың шірік қалдықтарын (гнейст) және колаген өнімдерінің ыдырау заттары келтіріледі. Ферментті препараттар ретінде ірі қара малдың асқазан асты бездерінен алынған протеолитикалық ферменттер (мысалы панкреатин) және микробтан шыққан препараттар қолданылады. Күлден арылтуды бақылаудың негізгісі - жарғақты тіліктерінің рН-ын тексеру. Күлден арылғаннан кейінгі жарғақ бейтарапқа жақын болуы керек. Практика жүзінде үрдістің соңын фенолфталейн көмегімен анықтайды (0,1% спирттегі ертіндісі). Әдетте кесінділерді жарғақтың сауыр жағынан алады. Ауыр шикізаттардан алынған жартылай фабрикат үшін тіліктің ортасы барлық қалдықтың 30% дейін сынақ кезінде фенолфталейнмен қызыл түске боялуы керек. Бұл кезде терінің қалың жағы толық күлден арылуы керек, яғни тіліктің барлық қалыңдығы түссіз болуы керек.
Майда шикізаттардан тұратын жартылай фабрикаттар үшін тілік толық түссіз, яғни толық күлден арылған болуы керек. Ферментті препараттардың шығыны олардың белсенділігіне байланысты, препараттың белсенділігі қаншалықты жоғары болса, оның шығыны соншалықты аз болады және керісінше. Сондықтан өндіріс әдістемелерінде ферментті препараттардың концентрациясы оның белсенділігіне байланысты берілген. Айта кететін жағдай, Жұмсартқыштың концентрациясы мен белсенділігінің арасында тікелей байланыс жоқ. Жұмсарту ұқыпты түрде бақылануы керек, әсіресе оның ұзақтығы және босансытқыш сұйықтықтың белсенділігіне айрықша көңіл аудару керек. Жұмсартқыш сұйықтықтың өте жоғары белсенділігі былғарының бос және ақаулы болуына әкеліп соғады.
Жұмсарту үрдісінде жартылай фабрикаттарды бақылау органолептикалық түрде жүргізіледі. Жұмсартудан кейін жарғақтың беткі қабаты біркелкі және тайғанақ болуы керек, ал бетті саусақпен басқанда із қалуы керек. Майда жартылай фабрикаттар үшін жұмсарту үрдісінің аяқталғандығын "желқабық" сынауы арқылы тексереді, яғни ауа өткізгіштігіне байланысты жарғақты қап ретінде бүктеп, содан соң ауа жібермей қысады. Дұрыс жұмсарған жарғақтың бетінен ауа көпіршіктері шығуы керек.
Пикельдеу үрдісі
Пикельдеу - былғары жартылай фабрикаттарын илеуге даярлау үшін және өзеңнің талшықты құрылысын жұмсартып сонымен қатар, мех терілерінде илеуге даярлау үшін қолданылады. Бұл үрдісте тері өңдеу пикельде яғни, өзеңнен колаген талшықтарын кептіру мен борпылдақтар, ас тұзы мен қышқыл ертіндісінде жүреді.
Пикельдеуді жарғақты консервіленгенде де қолданады. Былғары өндірісінде пикельдеу үшін күкірт, кей кезде сірке қышқылын, ал мех өндірісінде күкірт және сірке, көбінесе құмырсқа қышқылын, қолданады. Қышқыл тек өзең бетінің борпылдақтануына әсерін тигізеді. Бейтарап түз ретінде әдетте, натрий хлоридін пайдаланады. Тұз теріні ісіндіреді де, кейін жарылуына әкеліп соғады. Ертінділер келесі концентрацияға сәйкес болғаны жөн: H2 SO4 - 9-12 г/л, ас тұзы - 50-60 г/л. Оптимальды температура 25-28оС, жібіген және шелденген теріден ертінді 5-6 есе артық болады. Теріні пикельдегенде орташа 10-12 сағат ұстайды, егер оның температурасы мен концентрациясына параметр қойылса, тіпті бірнеше күн жатса да ештеңе етпейді.
Осыдан кейін тері жұмсақ және икемді болады да, одан өнім жасау оңайға соғады. Егер қайтадан жуып кептірсе, тері қатайып кетеді. Бұны болдырмас үшін, тағы бір операция илеу қажет. Илемес бұрын теріні ертінділерден жуып, сығып, мех жағын жоғары қаратып, оның үстіне тақтай жауып, жүкпен бастырады да, 2-3 тәулікке қояды. Сосын бейтараптау керек. Бейтараптау үшін 1-1,5 г/л сода және фотографиялық гипосульфит - 10 г/л концентрациялы зат пайдаланылады. Теріні осы ертіндіде 20-60 минут ұстайды.
Кейде кейбір шикізаттардың түрлерін пикельдеу кезінде (қоян, түлкі, шиебөрі т.б.) қышқыл мен алюминийдің ашудас қоспаларын қолданады. Былғары және мех сапасы пикельдеудің дұрыс жүргізілуіне байланысты. Мысалы жарғақты пикельдеу кезінде қышқылдар жеткіліксіз болса, онда жарғақтың беті хром илегіштерінің негізділігінің күрт көтеріліп кетуіне байланысты тартылып қалады. Керісінше пикельде қышқылдың артық мөлшерімен берілуі былғарының қатты болып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Қышқылдың мөлшерін анықтау. 5 см3 пикельді 20 см3 тазартылған сумен (мех жартылай фабрикатына арналған пикельді сумен сұйытпайды) араластырарда қызғылт индикатордың қатысуымен 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді.
Органикалық қышқылдарды пайдалану кезінде титрлеуді фенолфталейннің қатысуымен әлсіз қызғылт түстің 20 мин. аралығында жойылмағанға дейін жүргізеді,
Х1 - тұз, Х2 - күкірт және Х3 - сірке қышқылының мөлшері, г/л,
бұл жерде: а - титрлеуге кеткен 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі, см3; к - натрий гидроксідінің ерітіндісінің титріне түзетпе; 0,00365 - 0,0049 және 0,006 - 1 см3 5,1 н натрий гидроксиді ерітіндісіне сәйкес, қышқылдың мөлшері.
Натрий хлоридінің мөлшерін анықтау. 10 см3 пикельді сұйықтықты алады да сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдысқа құйып белгіге дейін толтыра тазартылған суды қосады. 20 см3 аналитикалық ерітіндіні сыймдылығы 200 - 300 мл шыны ыдысқа құйып фенолфталейннің қатысуымен 0,1 н сілті ерітіндісімен бейтараптайды, содан кейін 2 - 3 тамшы калий хроматы ерітіндісінің қатысуымен 0,1 н күміс нитраты ерітіндісімен немесе көк бромфенолдың қатысуымен 0,1 н сынап ерітіндісімен титрлейді.
Пикельдің құрамында күкірт қышқылы кірген жағдайда натрий хлоридінің мөлшері, г/л
бұл жерде а - титрлеуге кеткен 0.1 н күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3; К - күміс нитраты ерітіндісі титріне түзетпе; 0,005845 - 1 см3 0,1 н күміс нитраты ерітіндісіне сәйкес натрий хлоридінің мөлшері, г.
Пикельдің құрамына тұз қышқылы кірген жағдайдағы натрий хлоридінің мөлшері, г/л
бұл жерде: а - хлоридтердің барлық қосындыларын анықтау кезінде титрлеуге кеткен 0,1 н күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3; в - тұз қышқылының мөлшерін анықтауға кеткен 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісінін көлемі, см3. Натрий хлоридінің мөлшерін пайданалынған пикелъдік сұйықтықтан анықтау ұқсас жағдайда өткізіледі, бірақ сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдысқа 20 см3 сүзілген пикельді сұйықтықты алып, одан титрлеу үшін 10 см3 ерітіндіні алады.
Аммоний сульфатының мөлшерін анықтау. 50 см3 тұзды ерігіндіні сыйымдылығы 500 см3 өлшемі бар шыны ыдысқа қүйып тазартылған сумен көлемді белгіге дейін жеткізеді. Аналитикалық ерітіндіден 10 см3 алады да сыймыдылығы 200 - 300 мл конус формалы шыны ыдысқа құяды оған шыны түтікшемен (бюреткамен) 50 см3 - 0,1 н натрий гидроксидінің ерітіндісін және 100 см3 тазартылған су қосады. Ерітінді көлемінің үштен бірі азайғанға дейін қайнатады, содан кейін салқындатып қызғылт метил индикаторының катысуымен 0,1 н қышқыл ерітіндісімен титрлейді, бұл кезде мына реакция жүреді:
(NH4)2SO4+2NaOH=Na2SO4+2NH3+2H2O
Аммоний сульфатының мөлшері, г/л
бұл жерде: К және К, - сілті және қышқыл ерітіндісінің титріне түзетпе; а - кері титрлеуге кеткен 0,1 н күкірт және тұз қышқылдарының ерітіндісшің көлемі, см3; 6,6 - 1 дм3 0,1 н натрий гидроксидінің ерітіндісіне сәйкес, аммоний сульфатының мөлшері, г.
Пикельдеуден кейінгі жартылай фабрикаттарды бақылау. Жарғақты пикельдеу дәрежесін үрдістің аяғында әртүрлі индикатордың көмегімен, жартылай фабрикаттардың тіліктерінің рН-ын анықтау арқылы бақылайды. Сол кезде бұзау, тана және сиыр терілері үшін жартылай фабрикаттардың сыртқы қабатының рН = 4-4,4 аралығында, ал ішкі қабаты үшін ол 5-6 болуы керек. Юфтке және аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғарыға арналған жарғақтың рН-ы сыртқы қабатта 3,6-3,8 ал ішкі қабатты юфть үшін - 4,5-5. Аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғары үшін 5-6 болуы керек. Жарғақтың рН-ын анықтау үшін мынадай индикаторларды қолданады: бром фенолды көк, метилді қызыл және бром крезолды қызыл. Бром фенолды көк жарғақтың сыртқы қабатын сары түске бояйды, ал ішкі қабатын көк түске, ал сол қабаттарды метилді қызыл және қызғылт сары түске, бромды крезолды қызыл-сары және көкті көгілдір түске бояйды.
Пикелдің және жартылай фабрикаттардың рН-ын анықтау үшін ерітінді индикаторын немесе қағазды индикаторды қолданады. Ерітінділердің рН-ын дәл анықтау үшін рН-метрлердің әртүрлі конструкцияларын (патониметрлер) қолданды.
Индикаторлардың көмегімен ерітіндінің рН-ын анықтауды былайша жүргізеді: шыны түтіктерге 10 см жуық саналатын сұйықтықты құяды да , олардың әрқайсысына 2-3 тамшыдан индикаторларды қосады. Тәжірибені, қашан сұйықтық бір индикатормен қышқылдың, соның жанында тұрған индикатормен сілтілік реакциясын бергенше жүргізеді. Мысалы, егер сұйықтық бромфенол көк бойынша сілті, ал метил қызыл бойынша қышқыл болса, онда оның рН-ы 4,1 мен 5,1 арасында болады, дәлірек айтқанда рН 4,5 шамасында болады. Ерітінділердің рН анықтау кезінде қағаз индикаторларды сыналатын сұйықтыққа малады, содан соң қайтадан алып қағаздың түсін белгілі рН-қа сәйкес келетін эталонның түсімен салыстырады.
Жартылай фабрикаттың рН-ын анықтауды былайша жүгізіледі. Жартылай фабрикаттың, әдетте барынша қалың және тығыз бөлігін кеседі де кесіндіге бірнеше тамшы болжам сәйкес келетін индикаторды тамызады. Индикатордың бергі түсі арқылы, кесіндінің рН-ын анықтайды. Мысалы бром крезолды жасыл индикатордың мүйізді ірі қаранын терісінің кесіндісіне пайдаланған кезде, кесінді сарғыш-жасыл түске боялуы керек. Ал кесіндінің ішкі бөлігі көк түске боялса, онда ол оның жеткіліксіз пикельденгендігін білдіреді. Жұмысқа арналған сұйықтардың рН-ын әмбебап индикатордың көмегімен анықтауға болады. Ол мынадай заттардан дайындалады:
фенолфталеин, г.
|
0,1;
|
тимолды көк, г.
|
0,5;
|
бромтимолды көк, г.
|
0;4;
|
диметиламиноазобензол
|
0,1
|
қызыл метилді кызыл, г.
|
0,2;
|
абсолютті сапирт, мл.
|
500
|
Түбі жалпақ фарфорлы ыдысқа 0,5-1 см3-ге жуық сыналатын сұйықтықты енгізеді де, 1-2 тамшы әмбебап индикатормен мұқият араластырады, содан кейін бояудың өзгергенін оңай байқау үшін, ыдысты жайлап қисайтады. Ыдыстың түбінде қалған сұйықтың бояуының түсі арқылы рН-ын анықтайды.
Әмбебап индикатор рН-2 болған кезде қызыл, ал 4 болса сарғыш, 6-да сары, ал 8 болса жасыл, 10-да көк түсті береді. Аралық түстер рН-тың аралық мәніне сәйкес келеді. Жартылай фабрикаттың рН-ын дәл анықтау үшін рН-метрде оның хлор калийлік сығындысын (вытяжкасын) өлшейді. Бұл үшін 5 г жуық майдалана кесілген жартылай фабрикатты үйкелген тығыны бар шыны ыдысқа салады да, 100 см3 0,1 н. калий хлориді ерітіндісіменен өңдейді. Әлгіні қайта-қайта шайқап 4 сағаттан кейін анықтауды жүргізеді.
Майлау үрдісі
Теріні қандай әдіспен өндесе де, оны жұмсақ және иілгіш болуы үшін майлайды. Майлаудан кейін терінің тін талшықтарының желімденуі тоқтап, созу оңай жүреді. Сонымен қатар, терінің ылғал ұстамдылығы артады. Майлауға арнайы дымқылдағыш ертінділер дайындалады, мысалы:
1. 1:1 қатынаста, жақсы араласқан глицерин мен жұмыртқа уызы.
2. Кез-келген малдың 0,5 кг майы мен 50г сабынды 0,5 л суға ерітіп, араластырады да, оған 5-10 мл нашатыр спитртін қосады.
3. Алдыңғы үлгі бойынша дайындалады, бірақ майдың орнына мынадай құрам кіреді: 25г машина майы, 30г глицерин, 250г жұмыртқа уызы, 30г нашатыр спирті. Барлығын мұқият араластырады.
Былғары және мех жартылай фабрикаттарын майлау. Майлаудың нәтижесінде, былғары және мех, өзеңнің құрылыс элементтерінің ішкі қабатында майдын жұқа пленкасы түрінде бөлінуінін арқасында, белгілі жұмсақтыққа ие болады. Майлы қабаттар, құрылыс элементтерінің, бір-бірімен үйкеліс кезінде біршама тайғанауына жағдай жасап, желімдену мүмкіндігіне кедергі жасайды, бұл былғары және мехтің эксплуатациялық қасиетін арттырады.
Эмульсиямен майлау кезінде, эмульсияның тұрақтылығының үлкен мәні бар. Майлағыш эмульсия, мехтің былғары тінінің және былғары жартылай фабрикатының ішкі қабатына енгенге дейін бұзылмау керек. Сол кезде эмульсия тұрақтылығы өте жоғары болмау керек, өйткені эмульсия былғары тініне енгеннен кейін бұзылмауы немесе толық бұзылмауы мүмкін. Бірінші жағдайда жартылай фабрикаттар және мех терілерінің түкті жабыны өте майлы болады, ал екінші жағдайда өзеңнің майды сіңіруі толық болмайды, ол былғары және мех сапасына әсерін тигізеді.
Әдетте майлағыш заттардың тұрақтылығын аммиакты сумен ретке келтіреді. Эмульсия рН-ның оптималды мәні 8,2-8,5, рН-ты патонциометрде шыны электродтың көмегімен анықтайды. Сонымен қатар майлы эмульсиянын рН-ын нндикатордың көмегімен анықтауға болады. 5 г майлы эмульсияның қабатқа бөлінуін анықтау үшін, оны үйкелген тығыны бар цилиндрге құяды да, көлемді (100 см3) 20оС температурада тазартылған сумен белгіге дейін жеткізеді.
Цилиндрдің ішіндегілерін 1 мин аралығында мұқият шайқайды да, 2 сағатқа қалдырып қояды. Содан кейін майлы эмульсияның тұрақтылығын келесі белгілерімен анықтайды:
- тұрақты эмульсияның беткі қабатында онша үлкен де емес (10 см3 -ге дейін) сүзбе тәріздес қабат бөлініп шығады, ал қалғаны ақ сүттес немесе ақшылдау түсті;
- тұрақты емес эмульсияның бетіне бірінші майлы қабат, ал оның астында сүзбе тәріздес қабат бөтенді қалғаны ақ сүт түстес.
Эмульсияны мақта, шеткалармен жоғады. Терінің шел жағын шел жағына қосақтап 4-8 сағаттай сіңіртеді. Содан соң теріні бөлме температурасында құрғатады.
Майлауды дұрыс жүргізген кезде жартылай фабрикаттың және мех терілерінің түкті жабынның беткі қабаттары майлы болмауы керек. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған жартылай фабрикаттың тері асты (шел) шағын саусақпен басқан кезде оның беткі қабатында пайда болған су тамшылары жоқ болып, сіңіп кетуі керек. Егер майлаудын соңында жартылай фабрикаттың майлығы білінсе, онда оны барабанға түсірместен, сүрленген жартылай фабрикат салмағымен 0,1 пайыз сулы аммиак ерітіндісін енгізеді де үрдісті тағы 10-15 мин жүргізеді.
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған жартылай фабрикатты майлау кезінде, міндетті түрде барабанға үрленетін ауаның температурасын (60-65°С) бақылау керек. Майлағыш қоспанын ыстық ауамен бір мезгілде берілуі, оның жартылай фабрикатқа біркелкі кіруін қамтамасыз етеді. Ерітілген майлармен майлауды дұрыс жургізу үшін былғарының ылғалдылығының үлкен мәні бар. Майды бір қалыпты және тез сіңіру үшін жартылай фабрикаттың барлық бөлігіндегі ылғалдылық 40-50% аспауы керек.
Жүн түгінің майлылығын анықтау. Фарфорлы шыны аяққа суы сығып алынған 2 г тері түгіне 2 г сірке ангидриді мен 1г концентрациялы күкірт қышқылынан дайындалған қоспаны құяды. Бұл кезде жақсы майдан арылған түк боялмайды (түктегі майдың мөлшері 2 % кем). Егер түктегі майдың мөлшері 2 % -дан көп болса, онда түк жасыл түске боялады.
Майын кетіру. Жартылай фабрикаттың және мех пен былғары шикізаттарының майын кетіру негізінде эмульсиялық әдіспен, әртүрлі беткі активті заттарды (БАЗ) қолдану арқылы өткізіледі (сопал, сульфонол, «новость» ұнтағы т.б.). Әдетте мех шикізатының майын кетіретін сұйықтықтың құрамына натрий корбанаты кіреді. Сондықтан мехтық қой терілерін өндеген кезде сілтінің әсеріне жүн түтігінің тұрақтылығын күшейту үшін, майын кетіретін сұйықтыққа формалин қосады. Шошқа терісінің қылшығының майын кетіруде де натрий корбанатын қолданады. Мех шикізаттарының майын кетіру үшін органикалық еріткіштерімен бірге БАЗ-дың эмульсиясын да пайдаланады. Сөйтіп май кетіретін сұйықтықта әдетте, натрий карбонатының құрамына (БАЗ-ды енгізгенге дейін), жалпы сілтілікті (БАЗ-ды енгізгеннен кейін), формалин мөлшерін және көбіктенуін анықтайды. Әдетте БАЗ-дың тиісті концентрациясын есептеуге болады. Үрдіс соңында жүн түгінің майының кету дәрежесін анықтайды.
Майсыздандыру.
Былғары өндірісінде табиғи майы мейлінше көп, шошка терілерінің жартылай фабрикаты майсыздандырылады. Өзең бойына әркелкі орналасқан табиғи май бояғанда кедергі келтіреді, былғарының жоғарғы бетінің адгезиялық қасиеттерін кемітеді. Мысалы, шошқа терісінде 6-19% май бар.
Мех өндірісінде майсыздандыру ерекше маңызға ие. Мех шикізатының жүні мен терісінде май тектес заттар өте көп, олар жүнді майландырып жібереді, әрі түсін өзгертеді, мех тканін қышқылдандырады және беріктігін азайтады.
Майсыздандыру түкті жабынға жалтыраған өң береді және арасын ашады, оның бояуын біркелкілендіреді, әрі жандандырады. Жүнде 1,5-2% май қалуы керек, егер азайып кететін болса терінің физикалық-механикалық қасиеті нашарлайды, сынғыш келеді.
Майсыздандыру әдістері.
1) Еріткіштермен майсыздандыру. Еріткіштер экстракциялау арқылы майсыздандыруға болады. Еріткіштер ретінде перхлорэтилен уайт-спирит, фреон-113, тетрахлорэтилен қолданылады. Үрдіс герметикалық аппаратта өтуі керек, сондықтан бұл әдіс көп қолданылмай келеді. Пайдалы жағы жүн түспейді, ұзақ емес, су өте аз жұмсалады.
2) Эмульсиялы майсыздандыру. Мех және былғары өндірісінде қолданылатын негізгі әдіс болып табылады. Сульфонол НМ-3, "Новость" пастасын т. б. майды кетіретін заттар салып, 40-45 минут көлемінде, 40°С температурада, натрий карбоңаты және формальдегидтін қатысуымен жартылай фабрикатты жуады.
Хромды былғары шығарғанда майсыздандыру үшін керосин эмульсиясы, эмульгаторлар және жуғыш затгар пайдаланылады.
Практикалық қолданылуы. Мех жасауға арналған қой терілерін майсыздандыру бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші майсыздандыру "Новость" ұнтағымен (концентрациясы 3-5г/л), натрий карбонаты Na2CO3 және формальдегидтің қатысуымен 40°С температурада, СК - 10, ұзақтығы 45 минут ішінде жүреді. Механикалық операциялардан кейін сол құраммен 1 сағат, бірақ СК-7, 42°С температурада екінші майсыздандыру атқарылады. "Новость" ұнтағы жүнді өте жақсы тазартады.
Былғары өндірісінде шошқа терісі 2 рет майсыздандырылады. 1-ші қылтық майсызданады, сонан кейін ол алынып тасталынады. Үрдіс натрий карбонатының қолданылуымен (концентрациясы 15-18 г/л), бейтарап жуғыш заттың қатысуымен 36-38°С температурада атқарылады. Сүргіленген жартылай фабрикат жуғыш заттар (беттік активті заттар - БАЗ) және керосин эмульсиясы қолданылып екінші рет майсыздандырылады, параметрлері: керосин 3-5%, жуғыш заттар (БАЗ) - 1,5-2%, температура 35-40°С.
Жартылай фабрикаттың және мех пен былғары шикізаттарының майын кетіру негізінде эмульсиялық әдіспен, әртүрлі беткі активті заттарды (БАЗ) қолдану арқылы өткізіледі (сопал, сульфонол, «новость» ұнтағы т.б.). Әдетте мех шикізатының майын кетіретін сұйықтықтың құрамына натрий корбанаты кіреді. Сондықтан мехтік қой терілерін өндер кезде сілтінің әсеріне жүн түтігінің тұрақтылығын күшейту үшін, май кетіретін сұйықтыққа формалин қосады. Шошқа терісінің қылтығының майын кетіруде де натрий корбанатын қолданылады. Мех шикізаттарының майын кетіру үшін органикалық еріткіштерімен бірге БАЗ -дың эмульсиясын да пайдаланады. Сөйтіп май кетіретін сұйықтықта әдетте, натрий карбонатының құрамына (БАЗ - ды енгізгенге дейін), жалпы сілтілікті (ВАЗ -ды енгізгеннен кейін), формалин мөлшерін және көбіктенуін анықтайды. Әдетте БАЗ -дың тиісті концентрациясын есептеуге болады. Үрдіс соңында жүн түгінің майының кету дәрежесін анықтайды.
Натрий карбонатының мөлшерін анықтау. Конус формалы шыны ыдысқа 25 см3 сыналатын ерітінді енгізіп, 0,1 н тұз қышқылының ерітіндісімен, қызғылт сары метилдің қатсуымен титрлейміз. Натрий карбонатының мөлшері, г/л, мьгаа формуламен анықталады:
мұнда, а - 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісінің титрлегенде кеткен көлемі, см3, К - тұз қышқыл ерітіндісінің титрдегі түзеуі, 5,3 - 1 дм3 0,1 н тұз қышқылының ерітіндісіне тең натрий карбонатының саны, г,
Формальдегидтің мөлшерін анықтау. Сыйымдылығы 250-230 мл конус формалы шыны ыдысқа 10 см3 май келтіретін сұйықтықты құйып 20 см3 0,1 н иод ерітіндісін және 10 см3 0,1 н калий гидроксиді немесе натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Шыны ыдысты сағаттық шынымен жауып, 10 мин қараңғы жерге қояды.
Содан соң 12 см3 0,1 н тұз қышқылының ерітіндісін қосады да, артық иодты 0,1 н натрий гипосульфиттің ертіндісіменен крахмалдың қатысуымен титрлейді.
Формальдегидтің құрамы, г/л
бұл жерде: а - 0,1 н иод ерітіндісінің көлемі, см3, К - иод ертіндісінің титрдегі түзетуі, в - гипосульфит ерітіндісінің титрлегенге кеткен көлемі, см3, К2 - гипосулъфит натрий ерітіндісінің титрдегі түзетуі, 1,5 - 1 дм3 0,1 н натрий гипосульфиті ерітіндісіне тең формальдегидтің саны, г.
№ 4 Тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |