«Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар» Тәрбие сағат тақырыбы



бет3/6
Дата08.02.2023
өлшемі42.47 Kb.
#469281
1   2   3   4   5   6
Тәрбие сағаты Кәсіптік бағдар-болашаққа бағдар

2.Менен сұрақ, сенен жауап
1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге болады?
2) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.
4). Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
5)Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
6)Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7)Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8)Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9)Адам белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?
10)Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік білім алуға болады.
Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
Еліміздегі ЖОО жайлы айта кетер болсақ, статистика агенттігінің мәліметі бойынша қазір елімізде 148 ЖОО орны бар, оның 52 Алматыда орналасқан.Университеті көп өңірлер қатарына Қарағанды(13), Астана қаласы(12), ОҚО (10), ШҚО (10).
Елімізде айрықща мәртебесі бар мемлекеттік жоғарғы оқу орындар(ұлттық):
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті(Алматы),
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. (Алматы)
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. (Алматы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет