3. Мен мамандық әлеміндемін
Көптеген жасөспірімдер мамандық таңдауда қателіктерге ұрынып жатады.
Ол қателіктер мыналар:
Мамандықты ата-ананың таңдауы;
Мамандықты сүйікті пәнмен шатастыруы;
Мамандықты досыңа қарап таңдауың;
Қабілет –қарымыңды ұштастыра алмауың;
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – өнер.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, бағдарламашы, ЭвМ операторлары, инженер, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь, радиомеханик, компьютер құраушы жатады.
Адам – өнер: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
4.“Ең жақсы” ойыны.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
- Ең жасыл................
- Ең тәтті...................
- Ең ақшалы .............
- Ең жауапты ............
- Ең күлкілі ................
- Ең адамдармен көп араласатын .........
Ең салмақты...............
Достарыңызбен бөлісу: |