«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «Бейнелеу Өнері жӘне дизайн» кафедрасы


- лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнері



бет14/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#134272
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

30- лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнері.


Жоспар

  1. Сақина.

  2. Сырғалар. Алқалар


Лекция мақсаты: Қазақ халқында зергерлік өнердің даму бағыты мен алатын негізгі ерекшеліктерімен танысу.

3Лекция мәтіні (қысқаша) 1. Сақина. Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарқанға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде сақина болуы тиіс.

Жалпы сақинаны жасағанда алтын мен күміс, жез бен мысты пайдаланған. Солардың арасында көбірек қолданғаны — күміс. Себебі күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелген және алтынға қарағанда күміс арзан және жұмсақ, әрі жарасымды. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген.

Сондықтан көбінесе әйелдерге күміс сақина тағу ұсынылады. Алайда алтын сақина тақса да айып емес. Оның да жақсы әсері бар. Сол себепті қазақтар «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас», — дейді. Демек халқымыз сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқаған. Мәселен, жас келіншек нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда ауылдағы қарт әжелеріміз оған: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы», – деп айтып отыратын болған. Тіпті, нәрестені қырқынан шығарарда оны шомылдыратын суға да күміс теңгелерді немесе күміс, алтын сақинаны, білезікті салмайды ма? Бұл – әлгі зергерлік заттарды сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық ретінде емес, халқымыздың сондай асыл заттарды қасиетті санауынан қалыптасқан дәстүр.

Сақиналардың кең тараған түрі — асыл тастан немесе әйнектен арнайы көз салғандары. Ел ішінде ежелден асыл тастар тіл-көзден сақтайды деген сенім бар. Ал мөлдір шыны әйнектен көз салу – дүниенің бәрін көріп тұр деген ұғымға саяды, әрі сақинаның сәулеге шағылысқан жарқылының өзі-ақ жарасымды көрінеді. Қазақ шеберлері асыл тастарды қырып-жонып көп өңдеуге салмаған, қайта табиғи сынын, түр-түсін бұзбай қаз-қалпында пайдалануды жөн көрген.

Ежелден ел арасында інжу – ноғала, сүйелді, шәйіртас (янтарь) – алқым ісігін жазады, ал маржан – қарғыстан, тіл-көзден сақтайды, құлпырма маржан – өсек аяңнан қорғап, дәулет, бақыт әкеледі деген сенім бар. Әсіресе, қызғылт ақыққа жұрт көп әуес болған. Оны қуаныш пен игілік сыйлайтын асыл тас деп есептеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Кім де кім сақинасына қызғылт ақықтан көз салса, сол адам дәулетті де шат өмір кешеді» деген. Таяу Шығыста бұл тасқа иесінің аты, немесе, құран аяттарынан үзінді жазылатын болған. Барша көшпенді халықтар тәрізді қазақтар да бұл тасты қуаныш пен молшылық сыйлайды дегенге сенген. Аталған асыл тас ер адамға дәулет әкеліп, әйелдерді бедеуліктен сақтайды, қарияларға қайрат сыйлап, мейірімін молайтады.

Зергерлік асыл тастардың ең әдемілерінің бірі —көгілдір ақық, яни бирюза. Парсы тілінде «фируза» – «бақыт тасы» деп аталады. Араб тілінде фирузадж «жеңіс сыйлайтын, жолы болатын тас» дегенді білдіреді. Парсылардың сенімі бойынша көгілдір ақық махаббат жолында жан кешкен аруақтардың сүйегінен жасалған-мыс. Ал қазақтар оны бақыт пен сәттілік тасы деп түсінген.

Сондай-ақ сақиналарға янтарь тасын жиі салады. Янтарь – күн сәулелі тас, яғни, «кереметті тас» саналған. Халық нанымында асыл тастардың кейбіреуі адамға құт әкеледі, жаңбыр шақырады, тіл-көзден сақтайды. Ал, янтарьдың ғажайып сипатын грек ғалымдары осыдан 2500 жыл бұрын білген көрінеді. Оны парсы тілінде Хахруба (өзіне тартқыш) деп атайды екен. Янтарь тегінде бір түрлі ағаштың сорғыған шайырынан шығады. Оның ішінде құрт, құмырсқа, қоңыз сияқты жәндіктердің денесі тірі кезіндегі қалпын сақтап қалып та қояды. Бұл жөнінде М.В. Ломоносов тіпті, «Қабырың хандардан да артық екен», – деп, янтарь ішінде қалып қойған шыбын-шіркейге арнап өлең де шығарған.

Сақина мен жүзіктің өзіне тән айырмашылықтары бар. Мәселен, сақинаның бауыры жүзікке қарағанда жалпақтау келеді. Қазақтар ертеде құдағи, құстұмсық, құсмұрын жүзіктерді шебер зергерлерге арнайы жасататын болған.

Қазақ салты бойынша қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын, қос дөңгелекті, үсті тұтас қомақты асыл тастардан көз қондырылып, алтынмен қапталған қымбат бұйымды «құдағи жүзік» деп атайды. Ол кәдімгі қос балдақ жүзікке ұқсас болғанымен, одан көркем, ерекше жасалынған. Қыздың шешесі құдағи жүзікті зергерге әдейі тапсырыспен жасатады. Бұл бұрын бұлжытпай орындалатын салттардың бірі болған.

Құдағи жүзіктің бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Оның беті асыл тас, түсті шынымен, алтындалып әсемделеді. Кей жерлерде ұзатылған қыздың енесіне бір жылдан соң тарту етіледі. Себебі, құдағи жүзік жаңа түскен келінге шын мәнінде аналық қамқорлық жасаған енеге берілуге тиісті. Құдағи жүзікті оң қолдың ортаңғы саусағына кигізгенде, ол төрт саусақтың сыртын түгелдей жауып тұруы шарт. Сондай-ақ аталған жүзікті екі жас қартайғанша бірге өмір сүрсін деген ниетпен сыйға тартады.

Құстұмсық жүзіктерді бақыттылықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі ретінде бойжеткен қыздар таққан. Сондай-ақ құстұмсық жүзікті жорыққа аттанған жігітке сыйлаған, мұндағы тілек аман-есен жылы ұяңа қайтып орал дегенді білдіреді. Ал құс дегеніміз әуелден еркіндік пен бақыттың, қайырым мен мейірімнің нышаны. Тіпті кей уақыттарда сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Құсмұрын жүзіктерді жас келіншектер тақса, ал үлкен тасбақа қабығына ұқсас жүзіктерді ұзақ өмір жасау символы деп санаған.

Қазақ зергерлері тастан көз салған сақиналармен қатар отау жүзіктерге ерекше мән берген. Бұл үстіңгі беті алтын, не күмістен өрмеленіп отау пішінінде пістеленіп не шекіліп, я термеленіп жасалады. Ал шеберлердің жималы жүзік деп аталатын дүниесін бөлу оңай болғанмен жинау қиын. Ол сақинаның өзі төрт-бес жүзіктен тұрады. Күн нышанын білдіріп жарқыраған дөңгелек сақиналар саусаққа ерекше көрік берген. Олардан өзге құйма жүзік, ойма жүзік, соқпа сақина, күмістен қарайтылған бағдар жүзік, өрме жүзік, керме жүзік, терме жүзік, баспа жүзік деген сияқты сақиналардың алуан түрлері болған.

Сақина немесе жүзікке байланысты бүкіл халықта ырым-жоралғылар бар. Ол көбінесе неке сақинасына байланысты айтылады. Осы ырым-жоралғыға жүгінсек, неке сақинасы сөз жоқ, жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз, әрі көзсіз болғаны шарт. Ол – жас жұбайлар кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырым.

Неке сақинасын алмастыру дәстүрін, болжам бойынша, мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек формасы – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді.

Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы керек деп санаған. Олардың түсінігінше сақина қиналмай босануға көмектеседі. Ал Скандинавия елінің ырымына назар аударсақ, мұнда қаралы отбасы мүшелеріне (кәмелетке толғандарға) 40 күнге дейін күндіз-түні саусағынан бірде бір сақинаның алынбауы бұйырылады. Олай болмаған жағдайда, марқұм көңілден кетеді, ұмыт болады, ал ұмыт болса, марқұмның рухы, аруағы қайта оралып келіп, ұйқыға кеткенде сақина тақпағанды қинайды, тұншықтырады екен…

Жүзік және сақина жөнінде медицинада түрлі болжам көп. Белгілі ғалым рефлексотерапевт М.И.Анисимовтың тұжырымы бойынша, қалың, ауыр немесе тар сақиналармен саусақтарды «жазалауға» (қинауға) болмайды. Әр саусақта — бүйрек, бауыр, өт, жүрек, жүйкеге тікелей байланысты жүйке нүктелері бар. Сақиналар кейде осы нүктелерді дөп басып, бүкіл қан-тамыр жүйесіне оң әсер ете алады. Ал кейде керісінше ұзақ уақыт сақинаны бір саусаққа салып жүру түрлі ауруға соқтырады. Мысалы, сақинаны ұдайы ең кіші саусаққа салып жүрсе, адам артесклероз гипертония кеселдеріне ұшырауы мүмкін. Бүгінгі медицина, оның ішінде Шығыс медицинасы сақинаның бәрін де түнде шешіп жатуға, тіпті, жылына бір ай сақина тақпай жүруге кеңес береді. Жалпы гректерде өлген адам жерленгенде оның өн бойында сақина, сырға, алқа қалып қоятын болса, олардың ығында жын-шайтан, дию-перілер де қалып қойып, о дүниеде марқұмды азаптайды деген сенім бар.

Ислам дінінде некелесу кезінде екі жастың некесін қиюшы имам, молда күйеу жігіттен жұбайына нендей сыйлық ұсынатыны жөнінде сұрайды. Бұл туралы «Әс-сахих» кітабында Әл-Бұхари Пайғамбарымыздың қалыңдығына не сыйлау керек екенін сұраған адамға: «Сақина сыйласаң, темірден соқтыр» дегеніне куәлік етеді. «Жалпы әйелдерге әсемдік бұйымдарының рұқсат етілуі олардың жаратылысынан әсемдікке, әдемілікке құмарлығы мен соған сүйіспеншілігінен», — деп түсіндіреді дағуатшылар. Алайда әйелдер сақина, жүзік тәрізді әсем әшекейлерді ер адамдардың назарын өзіне аударту үшін тақса, олардың бұл ісі — харам. Шариғат білгірі Юсеф әл-Кардауидің айтуынша, ерлер үшін мыналарға тыйым салынған: таза алтын мен жоғары сапалы алтыннан соғылған құнды бұйымдар; табиғи және асыл жібектен тігілген киімдер.

Әлидің куәлігінше, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол қолына жібекті іліп, оң қолына алтынды алып: «Мұның екеуі де менің үмбеттерім үшін харам дүние», — депті. Сондай-ақ Пайғамбарымыз «Жібекке оранбаңдар, өйткені бұл дүниеде оны кигендер о дүниеде кимейді.Мұндай киім ер үшін жаратылмаған» деп пікір айтқан.

Ислам ер адамға алтын, күміс әшекейлерді тағуға, жібек киім киюге тыйым сала отырып, оларды байлыққа, дүние-мүлікке құмартпауға, әйелдердей сәнденбеуге тәрбиелейді, адамгершілік, қайырымдылыққа шақырады. Расында да саусақтарын, мойнын алтын сақина, алқамен жарқыратып, аузындағы тістерін алтындап, қолына бірыңғай алтын заттарды ұстап жүрген ер адамның әйелге ұқсап кетуі, ер мінезділіктен айрылуы, дүниеқоңыздылыққа салынуы әбден мүмкін ғой.

Жалпы, сақина таққанда есте болатын бір жағдай: ер адамдар қолына бетінде теңіз қарақшыларының жалауында болатын белгідей (өлген адамның бас сүйегі мен бір-бірімен айқасқан қос қылыш) мәнері бар, соған ұқсас, яғни, түрлі жын-шайтанның суреті бедерленген сақинаны тақпағаны жөн. Сақина тағудың сыры көп, әйелдер үшін сауабы да мол. Тек олар өзіне қажетті сақинаны таңдай білсе болғаны.

Қазақ тілінде сақинаға байланысты көптеген атаулар қалыптасқан. Олар мынадай:

Ақық сақина – кішкентай ақық қондырылған сақина.

Алтын сақина – таза алтыннан жасалған.

Балдақ сақина – сақинаның саусақ үстіне қараған беті төртбұрыш болып келетін түрі.

Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасайды.

Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалады.

Кавказ сақина – қара-ала өрнекті сақина түрі.

Күміс сақина – таза күмістен құйып жасайды.

Қола сақина – қоладан жасалған арзан сақина.

Моншақты сақина – моншақ қондырылған сақина.

10. Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген сақина түрі.

11. Мыс сақина – мыстан жасалған ортан қол сақина.

12. Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлайтын сақинасы.

13. Сақинек – пышақ, қылыш, т.б. құралдардың сапа жетесі сұғылатын жерін қы-сып тұру үшін мыс не күмістен жасалатын балдақ, мойнақ.

14. Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.

15. Тасты сақина – тас, шыны орнатқан сақина.

16. Темір сақина – темірден жасалған тығыршық, сақинекЗергерлік

Күмісті тезге (сымға) салып тарту. Жамбы. Құйма алтынмен күмісті өрнектеу. Зергерлік өнерінің басты-басты үлгілері: білезік, сақина, балдақ, шолпы, шашқап.

Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын-күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.

Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен орнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс-аяқ, ағаш төсек, ер-тұрман, қару-жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа сауыт, домбыра, қобыз, сырнай және т. б. алуан түрлі жиһаздарды әшекейледі. Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға қүю, бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарга алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөледі. Бұл заттарды қалай жасалатындығын әнгіме етейік.

Соғуға, созуға қолайлы болуы үшін қоспасыз таза күмісті таңдап алады. Таза күміс ірімей жақсы соғылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Оларды үлкенінен бастап айтқанда: «бесік жамбы», «ат бас жамбы», «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы», «қой түяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Жамбы күмістері қараймайды. Ал енді осы күмісті жіңішкертіп созатын сайманды сым деп атайды. Сым дегеніміз ұзыны 20—25 см, көлденеңі — 3—4 см, қалыңдығы 2 см төрт қырлы ұзынша темір. Бұл темірдің ортасында кеңдігі шеге сиғандай, тесіктен бастап, бір тал шаш өтетіндей ғана саңлауға дейін тарыла беретін, бірінен бірі кіші 11—18 тесік бар. Бұлардың араларында үлкенді-кішілі шар, жарты шар кейіптес шұңқыр үялар жасалған. Шеберлер бұл ұяға шегелерді сыптығырлай отырып, әр түрлі көлемдегі мық шегелердің түйіртпектерін жасап өрнектейді. Күмісті қорытып тазартып алған соң, оны шегенің үлкендігіндей етіп, ұзындығын 10—15 см шамасында жұмырлап соғады да, сымның алғашқы өтетін көзінен бастап, бірте-бірте тар көздерден өткізіп тартады. Күміс әрбір тесіктен өткен сайын жіңішкеріп шаштай болып созылып шығады. Созылған күміс кесте жіп сияқты домалақтанып жиналады. Мұны күмісті сымға (тезге) тарту дейді. Күміс жіптің ұшын әлгі шабылған темірдің түрпі бетіне өрнектеп сала отырып балғамен бірқалыпты ұрады. Ұрылған күміс түрпілердің бұжырына жапсарласып, өзінің жуан-жіңішкелік мөлшеріне қарай жалпақтана, өрнектеліп қақталады. Оған өң беру үшін оны жұмсақ қайрақпен және түрпі қағазбен, одан кейін киізбен, ең ақырында жұмсақ матамен ысқылайды.

Жұмыр, домалақ, қырлы, төрт бұрыш және т. б. бейнелердегі заттарды тұтас құйма алтын, қүйма күмістен жасайды. Бұларға әр түрлі бейнеде құйылған жамбы, ат бас алтын, ділдә, құйма білезік, құйма жүзік, алтын аяқ, ақ жамбылар жатады. Алтын күмісті ерітіп, қалыпңа құйып бедерлеу әдісімен алтын қасың, күміс ожау, сағат қаптары сияқты заттар да істеледі. Құйма алтын мен құйма күміс халық дәстүрінде асыл қазына, үлкен мұра деп есептелген. Құйма алтын мен күмісті өрнектеу үшін оған қажетті қалып жасалады. Мұндай қалыптарды халық шеберлері қалайыдан, қорғасыннан, жезден немесе майдаланған саз балшықтан, қатты ағаштан, мүйізден жасайды. Қалыптың ішкі бетіне жасалатын өрнекті ояды немесе қалыптың өзін сол өрнекке қаптайды. Осындай қалыпқа құйылып шыққан сом алтын не күміс сол қалыптың ішіндегі әр түрлі өрнектермен бедерленіп шығады. Сол күміс пен алтынның беттерін асыл бізбен, өткір қашаумен, пышақтың ұшымен сызып өрнектеуге де болады.

Қолөнер шеберлері өрнектеліп болған заттарды әдемілеу үшін оны түрпі қағазбен, шұғамен, мақпалмен, жұмсақ матамен ысқылап, жылтыратады. Сақина, білезік, сырға, шолпы сияқты бұйымдарды қазақ зергерлері көбінесе осындай әдіспен жасайды. Сымға тартылып бір келкі созылған күміс жіптерді бұрап, өріп, тоқып, кейде алтын, күміс заттарға әр түрлі асыл тастардан көз орнатып, оларға мық қағу арқылы өрнекті, сәнді жиһаздар істейді. Әйелдердің омырауға тағатын алқа, тана, жарма, шытырман, қоза, көз түймелері сияқты заттарды көбінесе арнаулы қалыптарға салып сықап жасайды. Бұл үшін темір қалыптың үясына салынған жұқа және жұмсақ күмістің үстіне қатты кесек қорғасын қойып, содан кейін не күшті қысқымен басып сықайды, не қорғасынның үстінен балғамен ұрғылайды. Күш түскен қорғасын жұқа күмісті өрнекті қалыптың ішіне жапсыра кептеп тастайды, Осы әдіс арқылы қалыптағы өрнектің бедерлері күміске батады да, өзінің ою-өрнек іздерін қалдырады. Соңынан қорғасынды ыңғыру бізбен шұқып алып тастайды, кейде қорғасынды алмай, сол бетінде қалдырып та қояды.

Білезік. Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік, көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс) білезік деген түрлері бар. Бұлардың үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің қалауынша әр түрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай, олардың бетіне жүргізетін өрнектер де түрлі-түрлі.

Қос білезік. Мұндай білезік жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болады. Бұған көбінесе «сыңар өкше», «ырғақ», «бұрма», «көз» өрнектері салынады.

Орама білезік. Қолға орай салатын белдік бейнелі жалпаң білезік. Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп сызықталады. Ортасына жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер жасалады. Кейде алтын, күміс араласады.

Көзді білезік. Жұмыр немесе жалпақ күмістің, не алтынның бетіне бедерлі ернеулер жасап, ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатады. Көздерді ұстап тұратын ернеулі ұялар батыру, сызу, бедерлеу, бұрыштау әдістерімен өрнектеледі.

Сақина мен балдақтар. Сақина мен балдақ саусаққа салынады. Бұлар да негізі әйел жиһаздары болып саналғанмен, оларды ерлер де салады. Бірақ әйелдер барлық саусақтарына екі-үштен қосарлап сала береді де, ерлер бір ғана саусағына және біреуін-ақ салады. Сақиналар әшекей мәнеріне, көздерінің бейнелеріне қарай да әр түрлі аталады. Мысалы, тасты сақина, моншақты сақина, кавказ сақина, құсмұрын сақина, ырғақ сақина, бұрамалы сақина және т. б. Балдақтарды ондай түрлеріне беліп атамайды. Тек алтын балдақ, күміс балдақ дейді. Сақиналар кебінесе сом күмістен соғылады. Көзді сақинадан бөлек соғып, қалыпқа салып өрнектеп алады да, балдағына дәнекерлеп бекітеді. Кейде көзді үялап жасап, оған жарқырауық тас, шыны орнатады.

Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән-әшекей ретінде, сондай-ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік-сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар: қоңыраулы (сылдырмақты) шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш, теңге т. б.Қоңыраулы шолпы біріне-бірі тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес күміс құтышалардан құралады да, олардың ішіне сылдырмақтар салынады. Құтышалардың сырты әр түрлі өрнектермен безендіріліп, бұрыш-бұрышына күлтелі меруерт, моншақ, теңгелерден салпыншақтар үзбелінеді. Қоңыраулы шолпылардың әрбір детальдарын ұстап тұратын алтын, күміс алақандары бар. Құтышалар мен салпыншақтар көптігіне қарай, біріне бірі төгіліп, ажарланумен қатар шылдырлап, сыңғырлап дыбыстар шығарып тұрады.

Үзбелі, қос үзбелі шолпылар көбінесе арналып соғылған әшекейлі шаш теңгелерді, ақша теңгелерді біріне бірін үзбелеп жалғастыру арқылы жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер мен теңгелердің арасындағы үзбелер кейде лента сияқты күміс баулықтарды дәнекерлеп ұстау арқылы, кейде теңгелерді тесіп шығыр еткізу әдісімен тізбеленеді.

Шашқап. Қазақтың ескі салтында бой жеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласңан кезде киген. Шашқап, шолпы, шашбау, алқа, өңір сияқтылар бой түзеу бұйымдары болуымен қатар, шашты күнге күйіп сынудан, шаң-тозаңнан сақтау үшін де өте қолайлы. Шашқап көк, жасыл, қызыл, қара түсті мақпалдардан жасалады. Оның өң жаң бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ басы алтын күміспен зерленеді. Мақпалдың ортасына ою-өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ мерует тізеді.

Сақина – ықылым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымның бірі. Осынау бір кішкене зат туралы бір сәт ойландық па? Қалай пайда болғанынан хабарымыз бар ма? Қандай пайдасы мен зияны бар? Адам не үшін сақинаны тағады? Дәл осы секілді сан сауалдардын астарына үңіліп, мардымды жауаптар іздеген болсаңыз, түрлі қызықтарға кенелесіз.



  1. Сырғалар. Алқалар

Бүгінгі күннің жастары мен жасамыстары той-томалаққа, түрлі жиындарға алтынмен апталған, күміспен күптелген бүкіл сақина-сырғаларын, алқа-білезіктерін тағынып баруға тырысады. Мақсаттары мәлім – сән, мақтан үшін. Ал өткен өмірдің өзегіне көз салсақ, басқа халықты қайдам, дәл қазақ жұрты сақинаны тек қана сәндік үшін тақпағаны айдан анық. Атам қазақ «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» деп айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақина не жүзік болуы керек деп есептеген. Неге? Сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері (енесі, абысыны): «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады», – деп ескертіп жүреді. Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «ит аяғына салу» дәстүрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды береді. «Итаяғына салу» деген – келіншек босанып, баланың «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды ыдысқа салады. Содан кейін жүзікке толы суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұндағы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден шыққан. Жақсылыққа жорып, бұл пәниде әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын, «басы алтын, арқасы күміс» жаратылмаған пендесін алтындай, күмістей қымбат етпек болғаны шығар.

Дініміз Исламда ер адамға алтын сақинаны, жалпы, алтын атаулыны қолдануға тыйым салынған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір ер адамның қолындағы алтын сақинаны көріп, сау­сағынан шешіп алады да, жерге тастайды. Сосын: «Егер осы тұрғандардың біреуі мынандай жанған шоқты пайдаланатын болсаңдар, оны алақандарыңа салып көріңдер», – депті.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кімде-кім сақинасына қызғылт ақықтан көз салса, сол адам дәулетті де шат өмір кешеді» деген. Таяу Шығыста бұл тасқа иесінің аты немесе Құран аяттарынан үзінді жазылатын болған.

Кезінде хандар, патшалардың жеке жүзік-мөрлері болған. Параққа басылған жүзік мөрі арқылы ел тағдыры, жан тағдыры да шешіліп жатты емес пе? Біреу өлім жазасына, біреу зынданға тасталды. Сондағы бір жүзік ұшындағы таңба. Адамның он екі мүшесі болмаса да, ақыл кені – мидың ойлағанын қолмен жүзеге асуына соңғы шешімді бекітетін де – мөрлі жүзік. Жүзік көзінің орнына кішкене сандықша жасалып, оның ішіне у салынатын сақина түрлері де болған. Ол да талай жанның құрбан болуының себепшісі болды.

Сақина дегенде әрдайым алдымен неке сақинасы ойға келеді. Ырым-жоралғыға жүгінсек, неке сақинасы жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз әрі көзсіз болғаны шарт. Ол – жас жұбайлар ке­дергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырым. Неке сақинасын алмастыру дәстүрін болжам бойынша мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек формасы мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы керек деп санаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі. Ал Скандинавия елінің ырымына назар аударсақ, мұнда қаралы отбасы мүшелеріне (кәмелетке толғандарға) 40 күнге дейін күндіз-түні бірде-бір сақинаның алынбауы бұйырылады. Олай болмаған жағдайда марқұм көңілден кетеді, ұмыт болады, ал ұмыт болса, марқұмның рухы, аруағы қайта оралып келіп, ұйқыға кеткенде, сақина тақпағанды қинайды, тұншықтырады екен. Гректердің түсінігінде өлген адам жерленгенде оның өне бойында сақина, сырға, алқа қалып қоятын болса, олардың сағасында, ығында жын-шайтан, дию-перілер де қалып қойып, о дүниеде марқұмды азаптайды-мыс.

Неке сақинасын әр елде әр қолға тағады. XVI-XVII ғасырлардан бастап Еуропаның көптеген елдерінде неке сақинасын сол қолдың шылдыр шүмегіне тағу үрдісі қалыптасқан. Олардың мәдениетінде «махаббат тамыры» деген сана қалыптасқан. Яғни сол саусақта жүрекке тікелей қатысты бір тамыр болады екен. Ойланып көрсек, осы емханаларға қан көрсеткішін тапсырсаң, аталмыш саусақтан қан алатыны несі деп таңғаласың. Азия елдерінде неке сақинасын оң қолға киеді. Ислам дінінде оң қолды артық бағалайды. Ал Исламда некеге отырғанда сақина салу міндеті жоқ. Кейінгі кезде пайда болған дәстүр ғана.

Қызық жайт: уақыт өтісімен қолданыстағы неке сақиналарының бейнесі де, пішіні де өзгеріп отырады екен. Бірнеше жыл бұрын жіңішке неке сақина сән болса, ал бүгіндері жалпақ, қалың неке сақинасы көп сұраныс тудырады. Сақинаның қалың болуы некеде екендігін анығырақ айшықтаудың, иесінің отбасылы екендігін дәлелдей түсуінің жаңа тәсіліндей.

Он сегіз мың ғаламдағы біз білетін ең үлкен сақина – Сатурн планетасының сақинасы. Ол ұсақ метеорит, астероид тастардан құралған. Сақина планетаның бірқалыпты айналып тұруына себепші. Ол болмаған жағдайда Сатурн планетасының болуы неғайбыл дейді ғалымдар. Сақинаның ғажайып қасиеті тек жер әлемінде ғана емес, ғарышта да алар орны мол екен.

Белгілі ғалым рефлексотерапевт М.Н.Анисимовтің тұжырымы бойынша қалың, ауыр немесе тар сақиналармен саусақтарды қинауға болмайды. Әр саусақта – бүйрек, бауыр, өт, жүрекке тікелей байланысты жүйке нүктелері бар. Сақиналар кейде осы нүктелерді дөп басып, бүкіл қан-тамыр жүйесіне де оң әсер ете алады. Ал кейде керісінше, ұзақ уақыт сақинаны бір саусаққа салып жүру түрлі ауруға соқтырады.

Жай ғана тұрмыстық бұйым көрінгенмен, сақинаның сыры тереңде жатыр екен. Айтарымыз – ешқашан «басыңыздың сақинасы ұстамай», осынау сақинадай дөңгеленген дүниеде сақинаңыздың жұбын тауып, шексіз бақыт иесі болғайсыз.Қолданбалы өнер -дәстүрлі тұтыну және сәндік бүйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шиқізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек қүралдарының көмегімен көркем композициялық шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, құрал-саймандар жасайды. Әрбір Қ. туын-дысы әз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеум. қоғамдық жағдайының, діни сенімінің,салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық,бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шүғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүліқ, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар,айбалта, күрзі секілді құрал,қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина,сырға,алқа шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.

Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.

Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.

Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.

Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.

Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.

Жеңілгек – жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.

Күміс отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.

Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.

Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.

Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырма, ілгек деп те атайды.

Қолтықша – иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.

Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.

Оқшантай – ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.

Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.

Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.

Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.

Тамақша – қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі. Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.

Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.

Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.

Үкіаяқ – бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.

Шекелік – сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.

Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.

Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.

Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.

Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.

Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады. Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ зергерлік өнерінің даму тарихы?

2. Зергерлік бұйымдарға қандай бұйымдар жатады?

3. Қазақ ұлттық әшекей бұйымдарын ата?



10. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ





Сабаќтыњ тақырыбы мен жоспары

сағат саны

Бақылау түрі

ТОҚ

Әдебиеттер

(әдебиет №, реті, тарауы, беті)

1

Құрақ құрау технологиясы

Мақсаты: 2.Композициялық шешімін табуға,түстерді үйлестіруге дағдылану.

Тапсырма:

1.Үлгі бойынша құрақтан жасалған жастықшаның эскизін жасау.



Құрал-жабдық:қағаз,қарындаш,мата қиындылары, инее жіп,қайшы,сызғыш, сабын қалдығы.

1
1

Эскиз салу

Аль.,№1

Жур,


№1

1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.




2

Жібек таспамен кестелеу

Мақсаты:1.Жібек таспамен кестелеудің шығу тарихымен таныстыру.

Тапсырма.

1.Кестенің барлық түрлерін қолдана отырып панно жасау.



Құрал-жабдық:Мата,жібек таспа түрлері,қайшы,инее жіп,сызғыш,сабын қалдығы.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№2

Пл.,№2


3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.

4.С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. «Фолиант» Астана.2008.




3

Жүннен жасалған бұйымдар

Мақсаты: Жүннен жасалынған бұйымдардың технологиялық процесін анықтау.

Тапсырма: 1.Жүн бояу,

2.Жүн сабау.



Құрал-жабдық: Жүн,бояу, тулақ,шыбық, ұшық т.б.

1

1


Технологиялық

Аль.,№3

Кітап.,№3



1.Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильних изделий. –М:1981.

2.Фридлинг Г. Человек – цвет-пространство. –М: Стройиздат. 1973.-141с.





4

Текемет киіз басу технологиясы

Мақсаты: Текемет,киіз басудың ұлттық дәстүрде алатын орны,пайдалану аясы және технологиясымен танысу.

Тапсырма:3.Текемет, киіз басуға арналған жүнді алғашқы өңдеуден өткізу.

4.Жүн сабау.

5.Ши Тарту.

6.Киізді білектеу,басу.



Құрал-жабдық: жүн, ши, жіп,және т.б.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№4

Жур,


№4

1.Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильних изделий. –М:1981.

2.Фридлинг Г. Человек – цвет-пространство. –М: Стройиздат. 1973.-141с.





5

Сырмақ жасау технологиясы

Мақсаты: Сырмақты өңдеу тәсілдері,тізбектілігімен танысу.

Тапсырма:1.Екі, үш түсті киізден сырмақ оюларын ойып алу.

Құрал-жабдық:Сырмаққа арналған киіз,қайшы, ою үлгісі, жіп т.б.

1
1

Қол жұмысы

Аль.,№1

Кітап.,№3



1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.

3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.


6

Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы

Мақсаты: Өңдеу тәсілдері,тізбектілігін пайдалана отырып, гобелен тоқу процесімен танысу.

Тапсырма: Тоқылатын гобеленнің эскизін сызып,жіп кергіш, т.б, құрал саймандарды әзірлеу.

Құрал-жабдық: түрлі-түсті жіптер,кенеп,үлгі, қайшы,ине - жіп.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№1

Кітап.,№3



1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.

3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.


7

Түскиіз жасау технологиясы

Мақсаты: Түскиіздің шығу тарихына,жасалу технологиясына талдау жасай отырып,текемет эскизін дайындау.

Тапсырма:1.Ұлттық нақышта түскиіздің композициялық шешімін табу.

Құрал-жабдық: Қағаз,тігін мшинасы,киіз түрлері, мата түрлері,қайшы, ине - жіп.

1

1


Тігін машинасымен жұмыс жасау

Аль.,№1

4.С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. «Фолиант» Астана.2008.

5.Л.В.Долгопольская.Ю.Ю. Борисова. Модная колекция. М. 2006.

6.С.А. Устинова. Общие сведения о швейных материалах. М.2005.


8

Ши тоқу технологиясының әдіс тәсілдері.

Мақсаты: Ши дайындау процесімен таныс болу.

Тапсырма:1.Шиді тоқуға керекті құрал-жабдық,ши дайындау.

Құрал-жабдық: Ши,түрлі-түсті жүн, ши тоқуға арналған қондырғы, қайшы.

1
1

Қол жұмысы

Аль.,№8

Кітап.№8


1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.

3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.


9

Теріден,былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы

Мақсаты: Тері,былғары өңдеу процесімен танысу.

Тапсырма:1.Былғарыны алғашқы өңдеуден өткізіп, бұйым жасауға дайындау.

Қүрал-жабдық: былғары,қайшы,ине жіп,тігін машинасы.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№9

Жур


№9

13.Кабижанова Г.К. Основы декоротивной композиции. –Алматы, 2002.


10

Түкті кілем, гобелен тоқу технологиясы.

Мақсаты:Түкті кілем, гобелен тоқу технологиясымен танысу.

Тапасырма:

1.Түкті кілемнің эскизін дайындап, тоқуға арналған құрал-жабдықтармен жіп таңдап іріктеу.



Құрал-жабдық: мата, қайшы,ине,жіп, тігін машинасы.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№10

Плакат№10



1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.




11

Жапсырмалау (коллаж) опликация өнері

Мақсаты:Коллаж жасау технологиясымен танысу.

Тапсырма:1.Мата қиындыларын,коллаждың эскизін жасау.

Құрал-жабдық: мата,қайшы, ине, жіп, қағаз, түрлі фурнитура.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№11

Кітап.,№11



1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.




12

Дорба, қоржын,сөмке тігу технологиясы.

Мақсаты: Ұлттық стильдегі сәндік сөмке тігу процесімен танысу.

Тапсырма:1.Ұлттық стильдегі сәндік сөмке дизайннын жасау.

Құрал-жабдық: мата,қайшы,ине,жіп, тігін машинасы.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№1

Кітап.,№3



1.Қ. Әмірғазин. Қазақ қол өнері. Алматы. «Дайк прес».,2004.

2.Т.Б.Чижик, М.В.Чижик., Аппликация и лоскутное шитье в стиле квилт., Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.




13

Кесте өнері тарихы мен технологиясы.

Мақсаты:Кестелеу өнерімен танысу.

Тапсырма:1.Кестенің барлық түрінің схемасын сызу.

Құрал-жабдық: мата,қайшы,ине,түрлі-түсті жіп үлгілері.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№1

Кітап.,№3



3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.

4.С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. «Фолиант» Астана.2008.




14


Аяққап,кесеқап,торсық тігу технологиясы.

Мақсаты: Ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау процесімен таныс болу.

Тапсырма:1.Аяққап, кесе қап,торсық тігу технологиялық тізбектілігін жасау.

Құрал-жабдық: мата,қайшы, ине,жіп, тігін мшинасы.

1

1


Қол жұмысы

Аль.,№1

Жур,


№1

3.К.Өстеміров «Техналогия».Алматы., «Мектеп» 2004.

4.С.Асанова, А.Птицина., Қазақ ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. «Фолиант» Астана.2008.




15

Сумоншақпен тігу технологиясы

Мақсаты: Сумоншақпен жұмыс істеу, олардан жасалатын бұйымдар технологиясымен танысу.

Тапсырма:1.Сумоншақпен киім үлгілерін сәндеу.

Құрал-жабдық:Сумоншақ, киім үлгісі,қайшы,арнайы ине,жібек жіп.


1

1


Қол жұмысы

Аль.,№1

Жур,


№13

8. Шите. Практическое пошаговое рукаводство по любому способу шитья. М., 2006

9.Н.Волкова. Очень модне костюмы.-М: Ростов-на Дону. «Феникс». 2006.







Барлығы

30











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет