«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет1/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті


«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен
курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар





Кіріспе.
Қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласын жақсарту жолында инновациялық индустрия бағдарламасы қабылданып жүзеге асу үстінде. Бұл мемлекеттік бағдарлама субъект шаруашылықтарының техникасы мен технологиясын түбегейлі модернизациялауға, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа келбеттегі жұмысшы мамандарды дайындау айрықша көңіл аударылуда.
Кәсіби жұмысшы мамандарды субъект шаруашылықтарының белгіленген саласы бойынша мамандандыруға, икемді, біліктілігі жоғары, жеке тұлғалық қасиеті орнықты, өндірістік қатынастағы қиындықтарды ізденісте және шығармашылықта дәстүрлі емес жағдайда шеше алатын құзыретті кәсіби тұлғаны дайындау – ол жоғары инженерлік-техникалық саласындағы оқу орнының 5B012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығында кәсіби білім алып жатқан студенттердің, яғни, болашақ кәсіптік мектептерде арнайы және өндірістік оқыту пәндерінің педагогы үлесіне тән.
Олай болса, аталған мамандықтың студенттері мамандық бойынша жалпы инженерлік-техникалық және жалпы кәсіби педагогикалық, психологиялық курстар бойынша теориялық, практикалық іскерліктерін қалыптастырып қана қоймайды. Сонымен бірге, арнайы және өндірістік оқыту пәндерінің әдістемелік курстары бойынша оқытудың технологиясы мен әдістемесінен теориялық білімдері қалыптасып, практикалық іскерліктерінің алғашқы кәсіби машықтануы әртүрлі формадағы өзбетіндік жұмыстармен (реферат жазу,сарамандар,практикум сабақтар, лаборатор- иялық жұмыстар сияқты) жүзеге аса бастайды.
Осы алған теориялық білімі мен практикалық іскерлігін арттыру мен тереңдету, ғылым жетістіктерінің теориялық білімі мен кәсіптік мектептегі жұмысшы мамандарды дайындаудың оқу-тәрбие процессіндегі тәжірибені ұштастыру, игерген білімін тәжірибеде сәтті қолдана алу, өзінің дербес білімі негізінде алғаш ғылыми-әдістемелік тұрғыда шығармашылық және ізденіс бағытында жұмыстануға «Кәсіптік оқыту» мамандығының оқу жоспарында «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша курстық жұмыс анықталған.
Олай болса, пән бойынша курстық жұмыстың мақсаты – студенттің мамандық бойынша теориялық білімін тереңдету мен арттыру, меңгерген білімдерін шынайы тәжірибедегі процесстерге қолдана алуына үйрену, өзбетімен шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қабілеттерін дамыта ғылыми-әдістемелік біліктілігін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:

  • пән бойынша меңгерген теориялық білімін тәжірибеде ұштастыра алу мүмкіндігіне иелендіру;

  • пәннің теориялық білімін арттыру,тереңдету және жүйелеу;

  • өзбетімен дербес ғылыми-әдістемелік бағыттағы шығармашылық және ізденіс жұмыстарын орындау қабілеттерін дамыту;

  • студенттің әдістемелік пән бойынша ғылыми-әдістемелік және библиографиялық ұғым аппараттарымен сауатты жұмыстануға үйрену;

  • белгіленген тақырып бойынша орындалатын мәселені қисынды құрылым мен мазмұнда шешу әдіс-тәсілдеріне үйрену.

Кәсіптік оқытудың әдістемесі пәнінің тақырыптары, студенттің мамандандырылу саласына байланысты өзі арнайы немесе өндірістік оқыту пәндерін жеке таңдап алуына мүмкіндік жасалынады. Ол міндетті түрде курстық жұмысқа жетекшілік ететін білікті оқытушылармен келісіле отырып шешіледі. Курстық жұмыстың тақырыбы кәсіптік мектепте дайындалатын мамандықтың жалпы білім беру мазмұнына, жұмысшы мамандарды дайындау талаптары, мамандықтың оқу процессі, оның ішінде оқу пәнінің білім беру мазмұны, оқытудың формалары, құралдары және әдістері, оқытудың әдістемесі сияқты негізгі бағыттағы тақырыптарға арналады.
Курстық жұмыстың орындалуы тек тақырыптың ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік мәселелері бойынша шектелмеуі де мүмкін. Кейбір курстық жұмыстың тақырыбы аясында пән сабақтарында қолданатын материалды объектілердің модельдерін, шынайы функцияда қызмет ететін объектінің өздері, көрнекіліктердің түрлері, дидактикалық материалдар мәселелері қамтылуы да орын алады.
Бұл әдістемелік ұсыныста курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар, құрылымы мен мазмұны, жазылу ережелеріне қойылатын талаптар, рәсімдеу тәртібі мен үлгілері, қорғау тәртіптері қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет