Зерттеудің пәні – төменгі және жоғары курс оқушыларының кәсіби білім мен практикалық іскерліктерін қалыптастырудың оқыт мазмұны.
Зерттеудің болжамы - төменгі және жоғары курс оқушыларының кәсіби білімі мен практикалық іскерлігін қалыптастыру сәтті орындалады, егер:
өндірістік оқыту сабақтарының формалары, әдіс-тәсілдері және оқыту құралдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, кәсіби білім алу оқу орнындағы әлеуметтік күйіне(бейімделуі), танымдық қабілеттеріне сәйкес түрлері іріктелінсе;
өндірістік сабақтарда қолданылатын оқытудың формалары, әдіс-тәсілдері, оқыту құралдары оқушылардың кәсіби білімі мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, жоғары курс оқушыларының субъектілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталса;
тас қалау жұмыстарының оқу-өндірістік тапсырмалары төменгі курс оқушыларына жаттығу арқылы кәсіби мотивациясы мен қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталса, жоғары курс оқушыларына құрылыс өндірісіне сәйкес талаптағы нормаларды, тәртіптерді қатаң сақтай комплексті жұмыстарды өзбетімен дербес орындауға мүмкіндік жасаса;
төменгі курс оқушыларының өндірістік сабақтарында интерактивті және проблемалық белсенді оқыту әдістері іріктелінсе, жоғары курс оқушыларының субъектілік қасиеттерін қалыптастыруға іскерлік ойын, бизнес-жоспар, кейс-технология сияқты әдіс-тәсілдермен ұштасқан әдістеме мазмұны жасалса.
Курстық жұмыстың мақсаты мен болжамы негізінде зерттеудің міндеттері төмендегідей анықталды:
Педагогикалық, психологиялық еңбектердегі және кәсіптік мектепте тас қалаушыны даярлау тәжірибесіндегі оқыту мазмұнын оқып үйрене талдау арқылы төменгі және жоғары курс оқушыларына кәсіби білім мен практикалық іскерліктерін қалыптастырудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтау.
Төменгі және жоғары курс оқушыларына арналған оқытудың мазмұнының құралдарын(формасы, әдістері, құралдары) табиғи үйлесімділік пен әрдеңгейлілік қағидаларына, білім берудің жаңа парадигмаларына сәйкес таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |