«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет5/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

КІРІСПЕ.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі білім берудің «білімді меңгерту» парадигмасының «субъектілік тұлға» моделіне ауысу тұжырымдамасы барлық білім беру деңгейлеріне жүйелі енгізілуге бағытталып келеді. Сол білім беру деңгейлерінің бірі орта білімнен кейінгі колледждің бастапқы буынындағы жұмысшы мамандарды даярлау болып отыр. Жұмысшы мамандарды аталған кәсіптік мектепте даярлауға бағытталған оқу процесінің әдістемелік негіздері әліде болса дәстүрлі оқыту сипатында жүріп, болашақ мамандарды жоғары білікті, интеллекталды, кез-келген еңбек мазмұнындағы іс-әрекеттерді өзбетімен шығармашылық та шеше алатын қасиеттегі кәсіби тұлғаны баулуға ұмтылу үстінде. Бірақ, осы тарапта дәстүрлі оқыту түрі мен әдістемелік негіздері қаншалықты оқушы мәртебесіне сәйкес әрдеңгейлік, табиғи үйлесімділік қағидаларды ескере кәсіби оқу пәндерінің оқу процесін жүзеге асырып келеді.
Педагогика ғылымында жұмысшы мамандарды даярлаудың әдіснамалық, теориялық проблемаларын шешуге және білім беру мазмұнын құрастырып жобалауға біршама педагог-ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын арнаған. Ол педагог-зерттеушілер С.Я.Батышев[8], А.П.Беляева[9], В.П.Беспалько[11]және т.б.
Оқушыларды кәсіпке даярлауда, олардың кәсіби тұлғасын дамытудың теориясы мен әдістемесін қарастырған Гальперин П.Я. [13], Талызина Н.Ф. [44], Р.Г.Бабанский[3], А.П.Беляева[9], Нечаев Н.Н. [34], Подольский А.И.[41] және т.б. болды.
Кәсіптік мектептерде оқушылардың кәсіби білімі мен арнайы техникалық және технологиялық іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың білім беру мазмұнын, оқытудың құралдарын, формалары мен әдістерін зерттеп ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін ұсынған ғалымдрдың бірі С.Я.Батышев[8], А.П.Беляева[9], В.А.Кальней[25], Р.Г.Бабанский[3], Беспалько В.П[11]., Подласый И.П. [40], Ю.С.Столяров[56], Скакун В.А. [51] және т.б. болып табылады.
Қазақтсан Республикасында бастауыш кәсіптік білім берудің ғылыми-теориялық негіздері мен білім беру мазмұнын және оқыту құралдарын жетілдіруге арнаған Б.Абдыкаримовтың[1], Л.Х.Мажитованың[22], К.Өстеміровтың[24], Е.Е.Снегиреваның[55], К.Ушуровтың[58] зерттеу жұмыстары кіреді.
Жоғарыдағы зерттеушілердің еңбектерін оқып үйрену барысында кәсіптік мектептерде оқушыларды кәсіпке даярлаудың әдіснамалық-теориялық негіздері, білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері және оқыту құралдарын, оқыту мазмұнының әдістемелік негіздерін жалпылама дидактикалық тұрғыдан қарастырғанымен нақты мамандыққа сәйкес оқытудың ерекшеліктері кәсіптік мектептегі оқушылардың әлеуметтік мәртебесі мен танымдық қабілеттеріне сәйкес зерттеулер жалпы білім беру пәндері мен олардың кәсіби пәндер арасындағы сабақтастықтарға жете назар аударғаны анықталды.
Бірақ, кәсіптік мектепте арнаулы пәндерді төменгі және жоғары курстарда оқытудың әдістемелік негіздері толық зерттелмегені байқалады. Әсіресе, құрылыс саласына даярланатын мамандықтардың бірі «Тас қалаушы» біліктілігіне даярлаудың оқыту әдістемесіндегі төменгі курс пен жоғары курс оқушыларын тас қалау жұмыстарына үйретудің ерекшеліктері табиғи үйлесімділік, әрдеңгейлілік және сабақтастық қағидаларына сәйкес орнықты анықталмағаны айқындалды.
Осы педагогикалық және психологиялық проблемларды шешуге байланысты курстық жұмыстың тақырыбы «Құрылыс саласы бойынша кәсіби білім алатын төменгі және жоғары курс оқушыларын оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер» болып анықталды.
Зерттеудің мақсаты – «Тас қалаушы» мамандығының жалпы кәсіби даярлық және арнаулы пәндері бойынша төменгі және жоғары курс оқушыларына кәсіби білім мен іскерліктерді қалыптастырудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтай, табиғи үлесімділік пен әрдеңгейлілік қағидалары негізінде аталған курстарға арналған оыту әдістемесін жасау және оларды педагогикалық тәжірибеде тексеру.
Зерттеудің нысаны – «Тас қалаушы» мамандығының жалпы кәсіби және арнаулы пәндер бойынша төменгі және жоғары курс оқушыларына кәсіби білім мен іскерліктерді қалыптастырудың оқу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет