Қорытындылау.
ІV. Үйге тапсырма беру.
Сән журналынан үлгілерді таңдау.
1.3. Кәсіптік оқыту әдістері
1.3.1. Техникалық және кәсіптік білім беруде білім сапасын бағалау
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім сапасына қойылатын талаптар қатарында білім алушылардың білім, білік, дағдыларымен бірге кәсіби құзыреттілігін бағалау көкейкесті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай, білім алушылардың кәсіби дағдыларын тиімді бағалау ретінде кәсіби құзыреттілігін тексерудің бір түрі- кешенді бағалауды енгізуге қажеттілік туындады.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылаудың негізгі мақсаты- білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың динамикасын анықтау болып табылады. [10]
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылаудың міндеттері:
жоспарланған білім мазмұны мен оқыту нәтижелері сәйкестігін бағалау дәрежесі:
тұтынушылар сұранысын ескере отырып, біліктілікті бақылауды жүргізу және ұйымдастыру механизмін құру:
белгілі бір біліктіліктегі кәсіптік дағдыларды іс жүзінде жүзеге асыру:
бітірушілердің кәсіптік құзыреттілігін сапалы бағалау:
бітірушінің біліктілік деңгейін анықтау:
қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау үшін жұмысшы мамандар дайындауға бағалау жүйесін жетілдіру.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау өндірістік әрекетке жақын кәсіби- бағытталған оқытуды, білім берудің соңғы нәтижесі ретінде біліктілік деңгейіне обьективті баға беруді қамтамасыз етеді. Бақылаудың бұл түрі мақсатқа бағыттала отырып, берілетін білімнің стандартқа (ЖМББС), нарықтық еңбек талаптарына сай нақты мамандық бойынша дайындауға мүмкіндік береді.
Сипатына қарай кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өндіріс орындарында кәсіби- бағытта жүзеге асыруда төмендегі жағдайларды ескереміз:
- нақты мамандық бойынша бітірушілерді дайындаудың мазмұны мен деңгейінің ЖМББС- тың минимум талаптарына сай болуын:
- кәсіптік құзыреттілік деңгейін айқындау мен қалыптастыруды:
- бітірушілердің оқу нәтижелерін айқындау және дайындығын обьективті бағалауды:
-жеткен жетістіктерге аналитикалық баға беруді.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бағалау мыналарды қарастырады:
білім, білік, дағдыны және кәсіптік құзыреттілікті саталап қалыптастыру;
алған білімдерін жаңа құралдарды пайдалану арқылы әртүрлі өндірістік жағдайда іс жүзінде қолдана алуы;
практикалық дағдыны қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды атқара алуы.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау мынадай негізгі талаптарға негізделеді:
қолданбалы сипатты болуымен;
жұмысшы мамандар даярлаудың қазіргі сұранысын жүзеге асырумен;
бітірушінің білім, білік, дағдысы мен кәсіптік құзыреттілігін айқындап көрсетумен;
білім алушының іс-әрекетті бірізділікпен, логикалық талаптарға сай, жауапкершілікпен, нақты орындалуын талап етумен;
ғылым жетістіктеріне, тәжірбие нәтижелеріне және нормативтік құжаттарға сәйкес қарастырылуымен.
Қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың жыл сайын біліктілік жұмыстарының тақырыптар тізбесі жаңартылып отырылады.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды ұйымдастырудың жолдары:
директор кәсіптік комиссия құрады, оның құрамына төраға, мүшелер және жұмыс берушілер кіреді;
директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары бүкіл практикалық жұмысты басқарып, бағыт береді және кәсіптік құзреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізу мерзімін белгілейді;
комиссия төрағасы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауға қатысады және бітірушінің білім деңгейін анықтайды;
жұмыс берушілер біліктілік жұмыстарының тізбесін ұсынады, комиссия жұмысына қатысады және болашақ жұмысшы мамандарға өз талаптарын қоя алады;
кәсіби оқыту шебері технологиялық карта құрады, онда жұмыстың түрлерін қарастыра отырып, тапсырмаларды сатылап орындау, бітірушінің кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды жүзеге асырады;
тәлімгер бітірушінің орындаған жұмысын тексереді, толықтыруға ұсыныс жасайды;
өндірістік практика жетекшісі кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауға бітірушінің дайындаған жұмысына тікелей басшылық жасайды, жұмыстың орындалуын тексереді, пікір дайындайды.
Кешенді бақылаудың нәтижесі аналитикалық бағалау, білім алушылардың әрекетін ұйымдастыру, қатысушылармен тікелей қарым - қатынасты қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ол практикалық тапсырмаларды орындату арқылы, біліктілік емтиханына дейін өткізіледі. Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау бастапқы, ағымдық аралық, қорытынды кезеңдерінен тұрады. Кешенді бақылауға дайындық кезінде білім алушылар орындайтын жұмысын тапсырмалар арасынан өз қалауынша таңдап алады. Оған жетекші, өндірістік оқыту шебері, тәлімгер тағайындалады. Сонымен бірге, білім алушы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды тапсыру үшін мамандығына сәйкес орындайтын жұмыс тақырыбын өз қалауынша ұсына алады. Таңдап алынған біліктілік жұмысының практикалық мәні болуы қажет. Мұндай жағдайда циклдық комиссия отырысында ұсынылған жұмыс тақырыбы талданады және бекітіледі. Егер тақырып мамандыққа сәйкес келмейтін болса жұмыс түрі өзгертіледі. Бастапқы бақылау бұрыннан қалыптасқан базалық білім, білік, дағдының негізінде білім алушының жаңа информацияны қабылдауға, еңбек әрекетіне дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрі білім алушының оқу әрекетіне дайындығы және кәсіби мамандығына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ағымдық бақылау білім алушының жазбаша және ауызша жауаптар мен түрлі практикалық тапсырмаларды орындау, оқушылардың сабақтағы белсенділігін бақылау және өзбетінше жұмысты орындауы арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдық бақылау оқу материалының қалай меңгерілгенін, келесі тақырыпты зерттеуге көшу қажеттілігін, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру үшін сабақтың рөлін, практикалық біліктерін қалыптастырудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Аралық бақылау білім алушының білім, бірлік, дағдысын қалыптастыруда белгілі бір мамандықтың оқу процесін ТжКББ стандарты талаптарына сәйкес ұйымдастыруды көздейді. Бұл бақылауды практикалық сынақ түрінде өткізуге болады. Сынақтың өтетін мерзімі алдын- ала хабарланады. Білім алушының білімі мен білігін мұндай формада тексеру оларды оқу материалын іс жүзінде қолдана алуға және өзбетінше еңбек әрекеттерін орындау дағдысы мен логикалық ойлауға қабілеттілігін қалыптастырады.
Білім алушылардың кәсіптік құзыреттілігін кешенді тексеру құралы ретінде қорытынды тексеру оқу жылының соңында жүргізіледі. Білім алушылар жасалатын жұмыстардың түрлерімен, нақты нұсқаумен қажетті материалдармен және қазіргі замаңғы жаңа құралдармен, оны орындау әдістемесімен, бағалау критерийімен қамтамасыз етіледі.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды арнайы құрылған комиссия жүргізеді (әлеуметтік серіктестік, директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, кәсіптік оқытудың аға шебері, кәсіптік оқыту шебері, тәлімгер). Топ координаторы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізу үшін бірқатар құжаттар мен комиссия мүшелері тізбесін дайындайды.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылауды өткізуге дайындалатын құжаттарға мыналар жатады:
білім алушыға кәсіптік мінездеме
қазіргі нарықтық еңбек талаптарын ескере отырып, кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау үшін орындалатын жұмыстардың түрлері ұсынылады (жасалған жұмыстар тізбесі, кәсіптік құзыреттілік сапасын бағалауды кешенді бақылауды өткізу кестесі, нәтижесі).
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау кәсіптік және арнайы пәндер бойынша теориялық білімдерді меңгеруі және кәсіптік практика кезінде еңбек дағдыларын айқындау арқылы жүргізіледі.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау кезінде төмендегідей мәселелер өз шешімін табады:
ағымдық кешенді бақылау кезінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша белгілі бір практикалық жұмыстар орындалады:
аралық кешенді бақылау кезінде арнайы пәндер бойынша практикалық жұмыстар орындалады:
қортынды кешенді бақылау кезінде қажетті құрал-жабықтарды қолдану арқылы практикалық жұмыстар тұтастай орындалады.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау мазмұны мыналарды қарастырады: тексеру жұмыстары (бірінші, екінші курстық жарты жылдығында жүргізіледі): кезең- кезеңмен аттестациялау (біліктілігіне сәйкес бірінші, екінші курстың жарты жылдығында жүргізіледі): практикалық емтихан (өндіріс орындарында өткізіледі).
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау келесі үлгі бойынша жүргізіледі:
1 кезең- тексеру жұмыстары, оған білім алушылардың кәсіптік дайындығы бойынша бірінші курстағы белгілі бір жұмыстарды орындауын енгіземіз. Оған жұмыс орнын дайындау, жабдықтау сияқты дайындық модульдері жатады.
2 кезең – кезең- кезеңмен атестациялау, бұл біліктіліктің 3-ші, 4-ші разрядына сәйкес бірінші, екінші курстың соңында жүргізіледі (жұмыс орнын ұйымдастыру, арнайы киімдерді пайдалануы, қауіпсіздік ережелерін сақтау, материалдарды таңдай алуы, жұмыстың орындалу тәртібін білуі т.б.).
3 кезең- біліктілігін байқау жұмытары кәсіптік практика барысында жүргізіледі, ол жұмы орнын қабылдап алу мен оны дайындау, қажетті құрал - жабдықтарды тексеру, материалдарды таңдау.
4 кезең- практикалық емтихан, таңдап алған мамандығы бойынша бірқатар практикалық тапсырмаларды орындау арқылы өтеді.
Практикалық емтиханды бағалау кезінде төмендегі талаптар ескеріледі:
осы мамандықты таңдау себебіңіз:
жұмыс орнын ұйымдастыра алуы, сыртқы кейпі және арнайы киімі:
қосымша жұмысты орындау тәсілдерінің дұрыстығы:
қызмет көрсету кезінде басқа жұмысшылармен қарым- қатынас жасай алуы:
таңдап алған мамандығының даму тарихын және ерекшеліктерін білуі.
Кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау нәтижесі бойынша комиссия белгілі бір разряд беруге шешім қабылдайды. Егер, білім алушы кәсіптік құзыреттілік сапасын кешенді бақылау талаптарына сай тапсырмаларды орындай алмаса, ол кешенді бақылаудан өтпейді және кейінгі емтиханға жіберілмейді. Білім алушылар кешенді бақылауды қайта тапсыру үшін қосымша практикалық дайындықтан қайта өтіп, бір ай көлемінде қайтадан тапсыра алады.
Осылайша, кәсіптік құзыреттілік сапасын бағалауды кешенді бақылау арқылы білім алушылардың практикалық әрекетке дайындық деңгейін анықтаймыз. Бақылаудың мұндай түрі білім алушылардың өндіріске барған сәттен өзбетінше жұмысты алып кетуіне ықпалын тигізеді, яғни қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті мамандар мен жұмысшыларды дайындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |