1- қадам. «Өткел»
1) Киімдер пайдалануына қарай неше топқа бөлінеді? (тұрмыстық, өндірістік, формалық)
2) Тігін бұйымдары қандай негізгі талаптарға жауап беру керек? (гигиеналық, пайдалану, экономикалық)
3) Қандай сән журналдары бар?
4) Сәнді кім жасайды? (көркемдік сәнгер)
5) Сәннің неше түрі бар? (техникалық, көркемдік)
6) Қазіргі кезде сәннің неше түрі көзге түсіп жүр? (ретроспективалы, өткенге бағытталған, перспективалы болашаққа бағытталған)
7) Еліміздің танымал сәнгерлері кімдер? (Құралай Нұрқаділова, Аида Қауменова, Айгүл Қосымова, Кенже Девятко, Салтанат Баймұханбетова, т.б.)
2- қадам. «Бәйге» (тест сұрақтары)
1) Үлгінің суретінде не көрсетілген?
а) Тігістер мен бөлшектер
ә) Суреттер
б) Сызбалар
2) Материалдық шығын. Мұнда үлгі дайындауға нелер берілген?
а) Кіріс қосымшалары
ә) Шығын мәліметтері
б) Мүлде берілмеген
3) Қосымша парақ - пішім беттері, контурлы сызықтар «Бурда» журналында қалай берілген?
а) Рим цифрымен
ә) Жазумен
б) Әріптермен
4) Пішімнің кішірейтілген сызбасы нені көшіріп алу жайлы түсінік береді?
а) Сызықтар мен цифрлар, шартты белгілер
ә) Мәтінді түсініктер
б) Өлшемдер
5) Жайылма жоспары- қағаздағы пішім бөлшектерінің матада орналасуы қалай көрсетіледі?
а) Сызықтар мен цифрлар
ә) Барынша тиімді
б) Нақты белгісіз
6) Үлгінің атауы, өлшемі, мата шығыны, бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы қай жерде берілген?
а) Қосымша парақта
ә) Үлгінің суретінде
б) Түсініктеме мәтінде
3- қадам. «Бекет» (жұмбақ жасыру)
1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні (киім)
2. Қолында ине, жаңқадан түйме (тігінші)
3. Дөңгелек өзі, төртеу көзі, ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан (түйме)
4. Белгілі уақыт танымал болған, адамдар оның соңынан қуған (мода)
5. Екі тышқан бірігіп, қиып- пішіп береді екеуінің керегі - ерге тиер көмегі (қайшы)
Достарыңызбен бөлісу: |