Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Оқытудың жаңа технологиялары- кәсіптік лицейдің оқыту үрдісінде



бет15/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1.3.2 Оқытудың жаңа технологиялары- кәсіптік лицейдің оқыту үрдісінде

Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты- өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет ететін әдістерін үйретіп, шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды басты назарда ұстаймын. Оқыту әдістері- оқыту процесінің барлық кезеңдеріне оқытудың түрлі мақсат- міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аударамын.


Оқыту әдістерін жетілдірі бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігінің арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттілігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз берілді. Алайда, оқыту әдісін қайта құру- күрделі процесінің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде дайындау керек. Бұл әдістемелік оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды, өз бетінше ойлануға, еңбектенуге үйретеді. Сонымен қатар, олардың, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әркімнің қабілетіне қарай тапсырма беремін.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен оқушылар толығымен жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмы жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей қабілітті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы ғана көтеріле алады. Осы деңгей ерекшеліктерін пайдалана отырып, әрбір тарауды аяқтаған соң, оқушылардың қалай меңгергенін тексеру үшін қиындығы әртүрлі деңгейде құралған тест жұмысын міндетті түрде алып отырамын. Қазіргі кезде оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау талап етілуде. Инновация- жаңарту, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Модификациялық инновация- бұл қолда барды дамытуымен, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет