Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет11/20
Дата04.05.2024
өлшемі112.37 Kb.
#500481
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
кунделік акушерия

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Мұратова Алтынай

29.11..023



Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Жүктіліктің ерте және кеш мерзімінде қан кетулерде МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмек көрсету

8:30 10:30



2.

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмекті командамен көрсету

10:45 11:00



3.

Эклампсия талмасында МСАК деңгейінде шұғыл медициналық көмекті командамен көрсету

11:30 12:00



Мақсаты: шұғыл көмек көрсету, қан кетуді тоқтату
Ресурстар: №22 бұйрық бойынша дайындалған қан кетуде қолданатын жинақ жабдығы: №16,14 веналық катетерлер, тонометр, фонендоскоп, қуық катетері, несеп қабы, 500 мл физ ертінді 4 құты, окситоцин 2 орам, мақта шариктері, спиртті салфеткалар, резин бұрау, щприцтер 5,0 және 10,0 мл, 70% спирт
1 қадам іс-әрекеті:
1. Әрбір 5-10 минут сайын әйелдің маңызды көрсеткіштерін бағалау:
- Қан қысымын
- Тамыр соғуын
- Температурасын
- Тері жамылғысының түсін
- Тыныс жиелігін
- Шок индексін
- Кеткен қан көлемін,
2. Бос персоналды жұмылдыру (санитарка арқылы көмек қолын жинау):
- білікті акушер-гинеколог
- екінші акушерка
- анестезиолог, анестезистка
- лаборант;
3. қуықты катетерлеу, сағаттық диурезді бақылау
4. әйелді ылғалды оттегімен демалдыру – О2 сатурациясын 95% жоғары ұстау (≥10 л/мин.) үшін;
5. Шеткі екі тамырға (№14 немесе 16) венозды катетер қою;
6. Бірінші катетермен көктамырға 5 ЕД окситоцинді 10мл физ ертіндімен болюсно жіберу.
7. Келесі 10-40 ЕД окситоцинді 500-1000 мл физ ертіндімен көк тамырға 2 сағат құю.
8. Лаборант екінші қолға салынған катетер арқылы анализге қан алады: (Hb, Ht, тромбоцит, коагулограмма, қан сәйкестігіне, қан ұю жылдамдығы)
9. егер геморрагиялық шок белгілері болмаса, анализге қан алып болғаннан кейін, екінші катетер арқылы 500 мл кристаллоидтты 30 минут, келесі 500 мл-ді 60 минут ішінде құю.
10. Барлық қан кеткен әйелге 3 сағаттан кешіктірмей транексам қышқылы 1000мг (100мг/мл), минутына 1 мл жылдамдықпен 10 минут ішінде егіледі.
11. Әйелді жылыту: астындағы ылғал жаймасын құрғағына ауыстырып тұру, үстін көрпемен жылы жабу
12. Дәрігер 2 дозы ЭМ, СЗП, КРИО-ға тапсырыс беріп, дайындап қою керек.
13. Әйел жағдайы тұрақталса, бақылау, күту. Әйел жағдайы тұрақталмаса, 2 қадам іс шарасын жүргізу
Стандарт: Преэклампсияның ауыр дәрежесінде шұғыл көмекті ұйымдастыру

Қажетті құралдар: № 452 бұйрық бойынша жабдықталған шұғыл көмек жинағы:


- 25% 5 мл магнезия сульфаты - 5 қорап (25 ампула);
- шприц 20 мл - 4 дана, 5 мл – 2 дана;
- 400 мл Натрий хлорид ертіндісі - 1 дана;
- Веноздық катетер №14, 16 – 2 дана
- көк тамырдан дәрі айдайтын бір реттік жүйе – 2 дана;
- 70% спирт, мақта, спиртті салфеткалар;
- жгут (бұрау), лейкопластыр немесе тагедарм;
- Резинка қолғаптар – 6 дана
- Қуыққа салатын Фоллея катетері – 1 дана
- Несеп жинайтын қап – 1 дана
- Тонометр, фонендаскоп
Преэклампсияның ауыр дәрежесін білдіретін белгілер: бас ауыру, көз көруінің нашарлауы, көз алдының қарауытуы, жүрек айну, құсу, қан қысымының 160/110 мм.с.б артуы, эпигастрия, бауыр аймағының ауыруы.

Осындай белгілері бар жүкті әйелге медициналық білімі бар кез-келген қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуі керек.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Пациенттің жанынан кетпей, қасыңдағы мед персонал немесе телефон арқылы көмек командасын шақыру. Көмекке: дәрігер, білікті медбике немесе акушерка, санитарка, лаборант, (аурухана жағдайында -анестезиолог және анестезистка) шақырылады.


Телефон арқылы шақыру тәртібі: «Алло, № .... кабинетте преэлампсияның ауыр дәрежесімен жүкті әйел келіп отыр. Тезірек командамен, шұғыл көмек жинағын әкеліңіз!»
2. Команда жеткенше, жүкті әйелді кушеткаға сол қырына келтіріп жатқызу, қысып тұрған киімді босатып, таза ауамен қамтамасыз ету (терезе ашу), зақымданудан қорғау, тез арада көк тамырға венозды катетер қою;
3. Келген көмек бригадасы орындалатын іс шараларды өзара бөліседі:
4. 20 грамдық шприцке 25% - 20 мл магнезия сульфатының «бастапқы дозасын» алып, венадағы катетер арқылы 10-15 минут жәймен жіберу;
Ескерту! Дәрігер жоқ жерде бұл көмекті орта буын медицина қызметкері (фельдшер, медбике, акушерка) өзі көрсетеді.
5. Бұл кезде келесі медбике магнезия сульфатының «ұстап тұрушы дозасын» дайындайды. Ол үшін 400 мл натрий хлорид ертіндісінің 80 мл-ін шприц көмегімен 320 мл-ге азайтады. Осы 320 мл мөлшерге 25% 80 мл магнезия сульфатын қосып, система дайындайды.
6. “Бастапқы доза” жіберілгеннен кейін, дайын болған “ұстап тұрушы” дозаны венозды катетерге жалғап, алғашқы сағатта минутына 11 тамшы жылдамдықпен (5 секундта 1 тамшы тамуы керек) жібереді. Бірер сағаттан кейін тамшы санын минутына 22-ге дейін арттырады.
7. Осы уақыт ішінде лаборант қуыққа Фоллея катетерін қойып, несеп жинау қабына жалғайды, анализге несеп алады. Мақсат: сағат сайынғы диурезді және несептегі белок көлемін анықтау.
8. Қан қысымы түспесе, нифедепиннің 1 таблеткасын (10 мг) ішке қабылдайды. Қан қысымын бақылай отырып, 30-45 мин соң нифифдипиннің 1 таблеткасын қайталап беруге болады;
9. Әйелдің жағдайы жақсарып, қан қысымы түсе бастағанда, зембілмен, тамырдағы системамен реанимация бөліміне тасымалдайды (әйелдің өзіне жүруге болмайды!).
10. Үй жағдайында преэклампсияның ауыр дәрежесіндегі әйелге алғашқы көмекті фельдшер көрсетеді. Бұл кезде де көрсетілетін көмек жоғарыдағы тәртіппен қайталанады. Тек іс-шараларды фельдшер көмекшісімен көрсетеді. Әйел жағдайы тұрақталып, қан қысымы төмендей бастағанда, зембілмен перзентхананың реанимация бөлімшесіне жеткізеді.
11. Магнезия сульфаты терапиясы үздіксіз 12-24 сағатқа дейін жүргізіледі.
12. Ескерту: Магнезия сульфатының дозасы мөлшерден тым асып кетсе улану белгілері пайда болады:
- тізе рефлексінің жойылуы;
- тыныстың минутына 16 дан азаюы;
- бөлінген зәр мөлшерінің сағатына 30 мл-ден азаюы.
Аталған белгілер анықталса дәрі дозасын 0,5 г азайтып, антидот дәрі -глюканат кальцийдің 10% 10мл к/т егеді.
Ауыр преэкламсия болған әйелді 12-24 сағат ішінде босандырып алу керек.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ___________________________________________________________________
_ Білім алушының қолы ________________
2023ж. "29" қараша
___________________________________________________________________
( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Сахипова Б. Т
2023 ж. "29" қараша
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы. Отыншина А. О

2023ж. "28"қараша






"Техникалық және кәсіптік,орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет