Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


Стандарт: «Денедегі ісікті анықтау»



бет7/20
Дата04.05.2024
өлшемі112.37 Kb.
#500481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
кунделік акушерия

Стандарт: «Денедегі ісікті анықтау»
Денедегі жасырын ісікті анықтаудың бірнеше тәсілі бар:
1. «Сақина» сынамасы. Бұнда әйелдің жүктілікке дейін немесе жүктіліктің алғашқы жартысында саусағына еркін киіп- шешіп жүрген сақинасы, ісік болған жағдайда саусағына симай қалады.
2. Мак Клюри Олдрич сынамасы. Бұнда әйел білегінің тері ішіне 0,2 мл физ. ертінді егіледі. Егілген жерде күлбіреу пайда болады. Осы күлбіреу қалыпты жағдайда 40-45 минутта сіңуі керек. Ал жасырын ісік болған жағдайда 15-20 минутта тез сіңіп кетеді.
3. Тәуліктік диурезді анықтау. Бұнда әйел бір тәулік бойы қабылдаған (ішкен, тамырдан құйылған) және шығарған сұйығын (несеп) қағазға жазып жүреді. Тәулік соңында қабылданған сұйық пен шығарылған сұйықтың қосындысы жеке шығарылады. Қалыпты жағдайда шығатын сұйық (несеп), қабылданған сұйықтың 80% құрау керек. Егер одан кем болса, денеде ісіктің болғаны.
4. Патологиялық салмақ жамау. Бұнда жүктіліктің 30 аптасынан кейін, әйелдің апта сайын қосқан салмағын өлшеп анықтайды. Қалыпты жағдайда әйел аптасына 350-400 гр салмақ қосу керек. Бұдан көп қосса – денеде ісік бар деген сөз. Себебі салмақ ісікпен жасалып тұр.
Әйелдің қанша салмақ қосатынын арнайы формуламен есептеп шығаруға болады. Бұнда әйелдің бойы мен бұрынғы салмақ көрсеткіші ескеріледі. Бойы бойынша анықтағанда, бой көрсеткішін 10-ға бөліп, шыққан санды 22-ге көбейтеміз. Мысалы: әйелдің бойы 180см болса: 180: 10 х 22=390 гр. Әйел аптасына 390 гр салмақ қосу керек.
Ал салмағы бойынша анықтағанда, салмақты 10-ға бөліп
55-ке көбейтеміз. Мысалы: 60кг : 10 х 55= 330гр. Бұл әйел
аптасына 330 гр салмақ қосу керек.
5. Сирақты бармақпен басып қарау. Бұнда әйелдің сирағын, тобығынан бастап тізеге қарай бас бармағымызбен басамыз. 4 саусағымыз балтырда орналасуы керек. Ісік болған жағдайда басқан жерімізде ойылып із қалады. Ісік жоқ жағдайда ешқандай із қалмайды.
Стандарт: Толғақты есептеп, бағалау
Мақсаты: толғақ күшіне, ұзақтығына баға беру арқылы, босанудың ағысын болжау.
Қажетті құралдар: секундомер (секундтық тілі бар сағат), босану тарихы
Іс әрекеті
1. Босанатын әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
2. Босанатын әйелдің оң жағынан, қарсы отырыңыз;
3. Босанатын әйелдің ішіне жылы қолыңызды қойыңыз;
4. Сағаттың секундтық тілімен, толғақтың басталу және аяқталу уақытын, жатырдың тонустағы уақытын немесе толғақ ұзақтығын анықтаңыз. Әйелдің реакциясын, жатыр бұлшық еттерінің қатаю күшін бағалаңыз. Толғақтың аяқталған уақытын белгілеңіз;
5. Қолыңды әйел ішінен алмай келесі толғаққа дейінгі үзілістің ұзақтығын анықтаңыз;
6. Толғақтардың сипатын анықтау үшін, келесі толғақты күтіп, бірінен кейін бірі қайталанатын 3 - 4 толғақтың ұзақтығын, жиілігін, күшін, ауырсыну күшін бағалаңыз. Осылай 10 минут ішінде неше толғақ ұстайтынын анықтаңыз.
7. Босану тарихына нәтижені тіркеңіз. Жатыр жиырылуын партограммаға графикалық түрде жазыңыз.
Ескерту:
20 секундтан аспайтын толғақ – әлсіз толғақ – партограммада нүктелермен бейнеленеді
20 секундттан 40 секундқа созылған толғақ - орташа күштегі толғақ
– қиғыш сызықпен бейнеленеді
40 секундтан ұзақ ұстаған толғақ - күшті толғақ – партограммада клетканың толық боялуымен бейнеленеді.
10 минутта ұстаған толғақ саны, партограмманың биіктігіне берілген клеткаларға жазылады. Мысалы 3 толғақ ұстаса биіктігіне 3 клетка, 4 толғақ ұстаса биіктігіне 4 клетка боялады.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ___________________________________________________________________
_ Білім алушының қолы ________________
2023ж. "27" қараша
___________________________________________________________________
( кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Отыншина А. О

2023 ж. "27" қараша


2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы ____________________________________
2023ж. "27"қараша



"Техникалық және кәсіптік,орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет