КІРІСПЕ Тақырып өзектілігі:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсеткен[1].
Қазіргі уақытта білім беруге келгенде біршама өзгерістер орын алып жатыр.Соның ішінде білімнің сапасына қойылатын талаптар күшейді.Сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін ақпараттық технологиялар,әртүрлі әдістер қолданылады.Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану сабақ барысында көрнекі бола алады,іс-әрекетті дамыту мотивациясын арттырады және білім беруді басқару процесі жетіле түседі.
Биология сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын пайдалану жалпы оқу-тәрбие үдерісінің барлық дерлік деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды негізгі нысанға алады.
2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолдануы» мақсаттық индикаторға негізделген болып табылады [2].
Заманауи сабақ-бұл ең алдымен мұғалімнің оқушының толықтай жеке тұлға болып,білімді меңгеруімен қатар,оның бойында сыни ойлау қабілетін жетілдіру,ойлау көкжиегін кеңейту,моральдық негіздерін қалыптастыру мақсатында барлық мүмкіндіктер пайдаланылатын сабақ.Яғни,сабақ өту деңгейі дәстүрлі форматтағыдай емес,енді жаңа деңгейге өсуі.Бұл өз кезегінде ақпараттық технологиялардың пайдаланудың беретін мүмкіндіктерімен іске асады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жалпы оқыту үрдісіндегі функциялары:шығармашылық қабілет,оқыту,дамыту,тәрбиелеу және де ақпараттық болжамдық қабілеттер болып табылады. Аталған технологияларды пайдалану арқылы педагог оқушының бойында ерекше көрініс табатын интеллектуалдық,ізденімпаздық,рухани азаматтық және адами келбеттің көркем түрде қалыптасуына оң әсерін тигізеді.