Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды. Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер. Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек? - Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
- Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
- Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
- Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
- Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
- Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері: - Мектепке барғысы келмейді;
- Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
- Көңіл-күйі түсіп жүреді;
- Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
- Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
- Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
- Үйден қашып кетуге тырысады;
- Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
- Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
- Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
- Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
- Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
- Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.
Кибербуллингке тап болғанда: - Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
- Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
- Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.
Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия – негізінен ауру түріне жатады. Оның үстіне «көңіл күйді түсірер сырқат» ретінде қарастырады. Негізінен адам баласының депрессияға ұшырауын психологиялық ауытқулардан немесе өкпе, реніштерден туындайтын процесс ретінде санайды. Ол бірнеше уақытқа адам баласының қатты жабығып, күйзеліске түсуін, одан әрі адамның эмоционалды тепе-теңдіктен шығуына кері әсерін тигізетін көрінеді Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы. - Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия – негізінен ауру түріне жатады. Оның үстіне «көңіл күйді түсірер сырқат» ретінде қарастырады. Негізінен адам баласының депрессияға ұшырауын психологиялық ауытқулардан немесе өкпе, реніштерден туындайтын процесс ретінде санайды. Ол бірнеше уақытқа адам баласының қатты жабығып, күйзеліске түсуін, одан әрі адамның эмоционалды тепе-теңдіктен шығуына кері әсерін тигізетін көрінеді Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |