Агрессия түрлері - Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған;
- Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
- Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.
- Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;
- Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;
- Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;
- Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;
- Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл "инструментальді" агрессия.
- Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру.
Агрессияның алдын алу әдістері: Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |