Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет162/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Абдукамалова Э.С. Орта ғасыр жазба ескерткіштер тілінің зерттелуі. 
Халықаралық Түркология академиясының журналы. Астана, 2013 ж, 6-б 


2.Сабыр М.Б. Көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі. – Орал, 2009 10-
16-б. 
3. Құрысжанов Ә Ескі қыпшақ тілі. Алматы, 2007. 316- б. 
4. «ХVІ ғасырдағы половецтер тіліндегі құжаттар», Москва, 1967, 58-б 
5. Кенжебаев Б. Кодекс куманикус. Қазақ әдебиеті, 1968. 14 қаңтар. 4-б.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ кітап. Редаксиясын басқарған Сәтбаева Ш. 
Алматы: Ғылым, 2000. 566 - б. 
7. Х. Сүйіншәлиев «Ғасырлар поэзиясы» Алматы: Жазушы, 1987. 216- б. 
8. Кенжебаев Б. Кодекс куманикус. Қазақ әдебиеті, 1968. 14 қаңтар. 4-б.
9. Кенжебаев Б. Кодекс куманикус. Қазақ әдебиеті, 1968. 14 қаңтар. 4-б.
10. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиет тарихының мәселелері. Алматы: Қазақ 
ССР-ының ғылым баспасы, 1973. 165-б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ҚЫПШАҚ ТIЛIНIҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 
 
 
Айткожина Ш.М.,
Қарағанды, №34 жалпы білім
беретін орта мектеп 
 
VII–IX ғасыр көне түркі жазбалары жайлы қысқаша мәлімет беріліп, 
ескерткіштердің лингвистикалық тұрғыдан зерттелу деңгейі анықталады. 
Орхон, Енисей, Талас жазбалары тілін қазіргі қыпшақ тілдерімен 
сабақтастыра қарастырудың тарихи – лингвистикалық негізі дәйектеліп, 
түркілік түбіртанудың теориялық – методологиялық негіздері сараланады.
Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерін зерттеудің бастапқы кезеңі 
негізінен рунологиялық, текстологиялық мақсаттарға, мәтіндерді оқып, 
транслитерациялау, аудару жазудың генезисi мәселелеріне арналса, таза 
лингвистикалық тұрғыдан зерделеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан 
басталады. Көне түркі жазба мұраларының тілін зерттеудің көш басшысы 
В.В.Радловтың ескерткіштер тілінің фонетикалық жүйесі, морфологиялық 
құрылымы жайлы, көне түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінің 
агглютинациялық табиғаты, аффикстердің шығу тарихы туралы құнды 
пікірлері түркітану ғылымының ғылыми қағидаларына айналып, кейінгі 
зерттеушілердің бағдаршамы қызметін атқаруда. П П.М.Мелиоранскийдің 
көне түркі жазбалары тілінің фонетикалық жүйесі, лексика-грамматикалық 
құрылымы 
жайлы 
зерттеулері 
қазіргі 
түркі 
тілдерінің 
тарихи 
грамматикасының қалыптасуына негіз болды, ескерткіштер тіліндегі
синкретикалық жұптардың күрделі табиғаты туралы алғаш пікір білдірген 
ғалым түркі түбірлерінің полисемялық сапасы жайлы тұжырымдардың 
теориялық негізін қалады. А.Н.Самойлович түркі тілдерін жіктеуде негіз тіл 
ретінде Орхон-Енисей жазбаларының тілін алып, ескерткiштер тiлiнiң 
фонетикалық белгілерін жіктеудің басты критерийі ретінде қолданды. Осы 
тұрғыдан алып қарағанда А.Н.Самойлович Орхон-Енисей жазбаларының 
тілін түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасында қолданудың 
методологиялық қырларын жетілдіруге үлес қосқан ғалым.
С.Е.Маловтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көне түркі тілінің 
теориялық іргетасы қаланды. Ғалым ескерткіштер тілінің фонетикалық 
жүйесіне талдаулар жасау негізінде түркі тілдерінің тарихи–хронологиялық
жіктемесін ұсынып, lt, nt, nč үнді–қатаң дауыссыздар тіркесін, γ, g  
дыбыстарының сақталуын көне құбылыстар ретінде қарастырса [1, 5-7], 
1958, 1959 жылдары жазылған кейінгі еңбектерінде көне түркі тілінің 
диалектілік ерекшеліктеріне сараптама жасайды И.А.Батмановтың көне 
түркі жазба ескерткіштерінің тілі жайлы зерттеулері көне түркi ескерткіштері 
тілі деректерін жинақтап, жүйеге түсіруімен ,сөздiгiн түзуiмен,дыбыстардың 
комбинаторлық өзгерістерін, лексикалық сәйкестіктерді, лексикалық–
тақырыптардың ортақтығы мен айырмашылықтарын саралап беруімен 
құнды болса [2.13], В.М. Насиловтың еңбектері өзіне дейінгі зерттеушілер 
көп бара бермеген ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылымы, сөздердің 
байланысу тәртібі, сөз тіркестерінің жасалуы, сөйлем мүшелерінің орын 


тәртібі мен ойды жеткізудегі қызметіне айрықша мән беруімен ерекшеленеді 
[3.49]. ҮІІ-ІХ ғасырдағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін оғыз, ұйғыр, 
қырғыз, қыпшақ басқа да көне түркі тайпалары бірдей қолданған әдеби 
қалыпқа түскен тіл ретінде қарастырған Э.Р.Тенишевтің «у огузов и кипчаков 
эти были j – языки, у уйгуров d – язык, у киргизов z – язык» [4,165] деген 
пікірі аса маңызды. Ескерткiштер тiлiнiң грамматикасын түзу барысында 
көне түркi тiлiндегi түбiрлердiң фонетикалық құрылымы, бiр буынды етiстiк 
– есiм омонимиясы, сөзжасамның фонетикалық тәсiлi тәрiздi түркiлiк 
түбiртанудың маңызды мәселелерiне арнайы тоқталған зерттеушi көне түркi 
түбiрiнiң ең шағын тұлғасы дауысты, дауыссыз – дауысты, дауысты – 
дауыссыз құрылымды түбiрлерден тұратындығын көрсетеді, қазiргi түркi 
тiлдерiне кеңiнен таралған дауыссыз – дауысты – дауыссыз дыбыстардан 
тұратын үш құрамды моносиллабтарды Э.В.Севортян, Б.М.Юнусалиев 
тәрiздi белгiлi түркологтар негiзiн қалаған грамматикалық синкретизм немесе 
етiстiк – есiм мәндi түбiр-негiздер мәселесiне қатысты қарастыруды 
қолдайтынын бiлдiредi [5,76]. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде көне 
оғыз, көне ұйғыр тілдерінің ықпалы сақталғанын көрсеткен Н.А.Баскаков 
Орхон, Енисей жазбаларын көне оғыз және көне қырғыз тілдерімен 
байланыстырса, манихей жазбаларынан көрініс беретін көне ұйғыр тілін п  
диалектісіне және j диалектісіне жіктейді [6,165-166]. В.Г.Кондратьев көне 
оғыз ескерткіштерінде де, көне ұйғыр ескерткіштерінде де Орта Азияда 
жүздеген жыл бойы қолданылған біртұтас түркі тілі сақталған деп санайды. 
[7,26].
Көне түркі мұраларының тілі жайлы алғаш пікір айтқан қазақ 
ғалымдарының бірі – С. Аманжолов ҮII-ІХ ғасыр ескерткіштер тiлi негіз тіл 
ретінде барлық түркі тілдері жайлы тарихи-салыстырмалы зерттеулердің тіні, 
арқауы қызметін атқаруы қажеттігін көрсетеді [8, 131-133]. Көрнекті 
түрколог-лингвист Ғ.Айдаров көне түркі жазбалары мәтінінің қазақ тіліндегi 
лингвистикалық аудармасын жасаған әрі көне түркі тілі мен қазақ тілінің 
сөздігін түзген, көне түркі тілінің грамматикасын қазақ тілінде жазған 
тұңғыш ғалым. Түркі рунологиясында өзіндік орны бар А.Аманжоловтың 
еңбектері тек рунолог ретінде көне мәтіндерді оқып, транслитерациялау, 
аудару, жазудың генезисін зерттеу ісінде сіңірген қажырлы еңбегімен ғана 
емес, көне түркі тілі деректері негізінде жалпы түркі тілдерінің тарихи 
грамматикасының күрделі теориялық мәселелері жайлы, көне түркі тілінің 
диалектілік ерекшеліктері туралы тұжырымдарымен, сөз этимологиясын 
ашудағы дәйекті ой-пікірлерімен де құнды. Қазақ тіл біліміндегі 
А.Есенқұлов, Е.Ағыманов, Қ.Өмірәлиев, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, 
Т.Қордабаев т.б. сынды белгілі ғалымдардың көне түркі жазба мұраларының 
тілі жайлы әр жылдары айтқан ой-пікірлері ескерткiштер тiлi мен қазақ тiлiн 
салыстыра зерттеудiң теориялық-әдiснамалық негiзiн қалыптастырып, 
түркiтану ғылымына қосылған қомақты үлес болды. Жалпы көне түркi 
ескерткiштерiнiң лингвистикалық тұрғыдан кеңiнен зерттелуi өткен 
ғасырдың 50-90 жылдары аралығына сәйкес келедi. Осы кезеңде Орхон, 
Енисей, Талас ескерткiштерiнiң жекелеген мәселелерi жөнiнде, қазiргi түркi 


тiлдерiне қатыс-дәрежесi, сабақтастығы жайлы бiрнеше диссертациялар 
қорғалып, көптеген мақалалар мен iрi монографиялар жазылды. 
ҮІІІ ғасырдың мұрасы Мойун-Чур ескерткішінде түрік-қыпшақтардың 
елу жыл қағанат басында отырғаны жайлы деректің сақталуы қазіргі қыпшақ 
тілдерін көне мұралар тілімен сабақтастықта қарастырудың тарихи негізін 
көрсетеді, осы дерек негізінде қыпшақтар ҮІІ ғасырдың соңында-ақ көне 
түркі тайпалары ішіндегі дербес те беделді ірі тайпалардың бірі болғанын 
байқаймыз. 
ХI-ХҮ ғасыр аралығындағы қыпшақ тiлiнiң деректерiнен мәлiмет беретiн 
мол жазба ескерткiштер қоры жинақталып отыр, олардың iшiнде қыпшақ 
тiлiнiң табиғатын терең танытатын грамматикалық, лексика-грамматикалық, 
лексикографиялық-грамматикалық еңбектер де бар. Орта ғасыр түркi 
ескерткiштерiн жинау, жариялау, оқу, аудару, тiлiн зерттеу мәселелерiнiң 
көш 
басында 
Г.Ю.Клапрот, 
В.В.Радлов, 
П.М.Мелиоранский, 
А.Н.Самойлович т.б. тәрiздi ұлы тұлғалар тұрса, кеңестiк дәуiрде, одан 
кейiнгi кезеңде орта ғасыр ескерткiштерiнiң лингвистикалық тұрғыдан жан-
жақты зерттелуi Э.Н.Наджип, А.К.Боровков, Э.Фазылов, А.М.Щербак, 
Ә.Құрышжанов. Б.Сағындықұлы, А.Ибатов, Р. Сыздық, Ә.Керiмов, 
Т.И.Грунин, А.Н.Гарковец сынды т.б. зерттеушiлердiң есiмдерiмен 
байланысты. Аталған мәселе бойынша еңбек етiп жүрген кейiнгi буын 
өкiлдерiнен С.Құдасов, М.Сабыр, С.Дүйсенов т.б. зерттеушiлердiң еңбегiн 
атауға болады. Орта түркi жазба мұраларының тiлiн талдау нәтижелері оғыз, 
қыпшақ тілдері сараланып шыққанға дейін жалпытүркілік қыпшақ-оғыздық, 
оғыз-қыпшақтық жағдайдың орныққанын көрсетіп бергені белгілі. Орта түркi
дәуiрiнiң алдындағы көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен орта түркi 
дәуiрiнен кейiнгi дәуiрде қолданылып жүрген қазiргi қыпшақ, оғыз тiлдерi 
деректерi де қыпшақ  оғыз тiл бiрлестiгiнiң iздерi сақталғанын көрсетедi. 
Қыпшақ тобына кіретін тілде сөйлейтін түркі халықтары тіліндегі ортақ 
белгілердің біразы қыпшақ бірлестігі кезінде қалыптасса, енді біразы Алтын 
Орда дәуірінде қалыптасып, көне түркі дәуірінде-ақ өзіндік ерекшеліктері
аңғарыла бастаған қыпшақтық белгілер тереңдей түсті. Қазақ, ноғай, 
қарақалпақ халықтарының тарихи тамырластығына олардың этникалық 
құрамындағы ортақ ру-тайпалар, салт-дәстүріндегі, ауыз әдебиеті 
үлгілеріндегі, жалпы мәдениетіндегі ортақтықтар дәлел бола алады. Әуел 
баста қыпшақ тілінің диалектілерінде сөйлеген қазіргі қыпшақ-ноғай
топшасына енетін тілдерді Алтын Орда, Ноғай ордасы кезіндегі лингво-
этникалық процестер жақындата түсті. Ал қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец 
топшаларындағы тілдерде сөйлейтін халықтардың этногенездік тарихында 
біраз өзгешеліктер бар. Татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым татарлары өз 
тарихын негiзiнен Ғұн мемлекеті ыдырағаннан кейін қалыптасқан Бұлғар 
мемлекетімен байланыстырады. Кезінде Н.И. Ашмарин ұсынған «бұлғар-
чуваш» теориясына қарсы М.З. Закиев көне бұлғар тілінің жазба мұралары 
тілінің деректері негізінде бұлғарлар о бастан-ақ қазіргі татар тілінің кейбір 
белгілері бар z тілінде сөйлеген, ешқандай ротацизм, ламдаизм белгілері 
болмаған деген қорытындыға келеді. Ғалым пікірі бұлғар тілі z тілді оғыз-
қыпшақ тілінен жаңа z тілді қыпшақ-оғыз тіліне ауысып, кейіннен 


қыпшақтық сипат алған дегенге саяды. [9,110]. Башқұрттардың этникалық 
құрамындағы 
угро-финдердің, 
мадьярлардың 
үлесіне 
байланысты 
қалыптасқан «мадьяр-башқұрт» теориясы әлi шешiмiн таппай келе жатқан 
мәселе. Башқұрттардың венгерлiк тегiне негiзделетiн «мадьяр-башқұрт»
теориясын этногенетикалық зерттеулер толық қуаттап отырған жоқ, сондай-
ақ башқұрттар құрамындағы мадьяр/мажар компонентін де жоққа 
шығармайды. 
Зерттеушілер 
Орал 
бойы 
башқұрттарының, 
Волга 
бұлғарларының, ІХ—Х ғасырдағы венгрлердің ортақ этникалық компоненті–
түркі тілді мажар-мишарлардың тілі деп таниды [10,139-140]. Тарихи 
әдебиеттерде қарашай-балқарлардың этногенезі, глоттогенезі жайлы түрлі 
теориялар ұсынылып жүргенімен, олардың көне бұлғарлармен генетикалық 
байланысын қолдаушылар басым. Қарашайлар мен балқарлардың 
қыпшақтану процесі кумандардың біраз бөлігі қарашай-балқарлардың 
арасына сіңіп кетуімен түсіндіріледі [11,16-19]. Батыс қыпшақ тобына 
жататын қырым татарлары тілі оғыз ықпалына ұшыраған тілдер қатарында 
қарастырылады. Қырымды билеген қыпшақтардың ұрпағы саналатын қырым 
татарлары тіліне оғыз тілдерінің ықпалы Қырым өлкесінің Түркияға қосылу 
кезеңінен басталып (1475 жылдары), Қырымды Ресей патшалығының
отарлауынан кейін де үзілмеген [12,26-30]. Шағын этнос – қарайымдар да 
хун тайпаларының құрамында, кейін бұлғар-хазарлар тобында болып, соңғы 
кездерде қыпшақтық сипатқа ие болған тілдерге жатады. Құмық тiлiнiң 
табиғаты жайлы да көзқарастар екi бағытта өрбидi, бiрiншi бағыттағы 
зерттеушiлер ХIII ғасырға дейiн-ақ қалыптасқан қыпшақ тiлi ретiнде таныса, 
екiншi топтың пiкiрi монғол шапқыншылығынан кейін қыпшақтық сипаты 
басымдыққа ие болды дегенге саяды [13,119]. Түркі тілдеріне қатысты 
барлық жіктемелерді салыстыра қарағанда, қазіргі қыпшақ тобына жататын 
тілдердің фонетикалық жүйесі мен морфологиялық құрылымының ұқсастығы 
сол тілде сөйлеуші этностардың генетикалық немесе тарихи жақындығы 
ғалымдар тарапынан принципті түрде ажыратылатын пікір қайшылығын 
тудырмайтынын байқауға болады. Жалпы бір негізден тараған тілдердің өзі 
де түрлі ішкі, сыртқы факторларға байланысты негіз тілдің белгілерін бірдей 
дәрежеде сақтай алмауы лигво-эволюцияның заңдылығы. Қазіргі қыпшақ 
тобына енетін тілдердің бір бөлігінің негізінде оғыздық сипаты бар көне 
бұлғар тілінің жатуы, қыпшақтану процессінен кейін де басқа туыстас 
тілдермен қатынаста болуы олардың лексикалық қорындағы қыпшақтық 
қабаттың өзгерістерге түсуіне алып келді. Мұндай өзгерістер негізінен сөз 
тұлғаларындағы дыбыс сәйкестіктері арқылы айқындалады. Қазіргі қыпшақ 
тілдерінің ішінде қыпшақтық белгі қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдерінде, татар 
диалектілерінде басым екенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр (С.Е.Малов, 
Қ. Жұбанов, Н.Сауранбаев, т.б.).
Оғыз және қыпшақ тілдерінің дербестік сипатқа ие болуы тұстас бір 
тілдің екіге жарылуы нәтижесінде емес, бұрыннан өздеріне тән мүддесін 
қорғау ыңғайында, яғни өздеріне тән белгілерді сақтап қалу ыңғайында
қалыптасқанын байқаймыз. Орта ғасырдағы оғыз-қыпшақтық аралас тілдік
жүйедегі қыпшақ тілдерінің дербестік сапасының айқындала бастауы бір 
ғасыр шеңберінде ғана қалыптасқан құбылыс емес түркi тiлдерi дамуының 


алғашқы кезеңдерiнде-ақ оғыздық немесе қыпшақтық белгiлердiң сiлемдерi 
қолданыста болуы әрi олардың арасында дифференциациялық және 
интеграциялық процестердiң кезең-кезеңiмен бiрнеше мәрте қайталануы да 
мүмкiн. Сондықтан көне түркi дәуiрi мен орта ғасыр дәуiрiндегi түркi жазба 
әдеби тiлi арасындағы сабақтастық та аралас тiлдiк жүйе арқылы 
айқындалады.
Түркітану ғылымындағы түбір сөз проблемасының зерттелуі өзіндік 
дәстүрі мен қағидалары қалыптасқан, мақсат-мүддесі айқындалған 
классикалық сала болып табылады десек те, тілдің негізін құрайтын бір 
буынды сөздердің табиғаты толық ашылып болмағаны белгілі. Түбір 
проблемасының күн тәртібінен түспей отыруы алғашқы дыбыстық тілдің 
сұлбасы байқала бастаған кезден бастау алатын түркі түбірінің бірнеше 
сатылы даму жолы мен қайшылыққа толы қат-қабат күрделі табиғатына 
байланысты. Түркі сөздері тұлғасының қарапайымнан күрделіге қарай дамуы 
басты ерекшелік болғанымен, фонетикалық заңдылықтарға орай кезең-
кезеңімен кері процестерді де (ықшамдалу, редукция, элизия т.б.) басынан 
өткізуі, одан қайта күрделенуі тәрізді мәселелер де түбір табиғатын 
айқындауда қиындықтар туғызады. Фонетикалық құбылыстар гаплалогия 
мен редукция, үнемдеу принципi жаңа дыбыс тiркесiмiн, жаңа фонологиялық 
жағдайды тудырады. Фонетикалық жүйедегi өзгерiстер моносиллабтардың 
тұлғасына әсер етiп, семантикалық даму барысында қарапайым фонетикалық 
өзгерiстер фонологиялық құрылымға да ықпал етуi мүмкiн. Осы процестiң 
нәтижесiнде дыбыс сәйкестiктерiнiң екiншi дәрежелi фоно-морфо-
семантикалық қырлары қалыптасады. Сөздің шынайы болмысын танып-білу 
әрдайым тұлға мен мазмұнды бірлікте қарауды талап ететіндіктен жалпы 
түркі 
лексикалық 
қорының 
негізін 
құрайтын 
моносиллабтардың 
семантикалық дамуы да адам санасымен, дүниетанымымен тікелей 
байланысты құбылыс ретінде семасиологиялық жүйенің сан қырлы 
заңдылықтарына 
орай 
психо-физиологиялық 
процестермен 
өзара 
сабақтастықта жүріп отыруы мәселені одан әрі күрделендіре түседі. 
Кез келген тілдің лексикалық жүйесінің даму жолын, басқа тілдермен 
туыстық деңгейін анықтау ең алдымен түбір құрылымын айқындап алуға 
негізделетіндіктен түркі түбірлері жайлы алғашқы пікірлер де түбір 
құрылымын анықтауға бағытталып, моносиллабтық, дисиллабтық бағыттар 
қалыптасты. 
Түркі 
тілдеріндегі 
дисиллабтар 
мен 
полисиллабтар 
құрамындағы алғашқы буынды бастапқы тұлға ретінде қарауға теориялық 
негіз бар. Сондықтан моносиллабтық бағыт көптеген ғалымдар тарапынан 
(Н.Сауранбаев, Б.Юнусалиев, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак, Э.В.Севортян, 
А.Н.Кононов, Ә.Т.Қайдар, Ә.Ибатов, М.Томанов, Б.Сағындықұлы, Ж. 
Манкеева, Е. Қажыбек т.б.) қолдау тауып, зерттеу нәтижелері түркі тілдері 
бойынша түбір және түбір-негіздер жүйесін құрайтын 6 құрылымдық 
модельді – V, VC, VCC, CV, CVC, CVCC – негізгі тұлғалар деп танығанмен, 
осы модельдердің қайсысы алғашқы (этимон түбір, этимологиялық түбiр, 
архетүбір, өлі түбір, ілкі түбір, бастапқы түбір, т.б.) деген мәселе үлкен 
пікірталас өзегі болып отырғаны белгілі. 


Түркi тiлдерiндегi түбiр морфемалардың фонетикалық құрылымын әр 
қырынан қарастырған Н.А.Баскаков түркi түбiрiнiң CVC тұлғалы болып 
келетiнi жайлы алғашқы ойын қарақалпақ тiлi деректерi негiзiнде көрсетiп, 
В.Котвичтің «Исследования по алтайским языкам» (1981) еңбегіне жазған 
алғы сөзінде түркi түбiрiнiң екi дыбыстан тұратын ашық буынды болып 
келетiнiн негiздеген В.Котвич теориясына қарсы аргумент ретiнде 
созылыңқы дауыстыларды мысалға келтіру түркі түбірінің шынайы 
табиғатын ашып бере алмайтынын айтады. Н.А.Баскаковтың көзқарасына 
қарсы А.Зайончковский орта ғасыр ескерткiштерi тiлiнде CV тұлғалы 
модельдердiң көп мөлшерде кездесетiнiн, тарихи түркi түбiрi V, VC, CV, 
CVC тұлғаларында қолданылғанын көрсетеді [14,28-29]. Бұл пікір Б. М. 
Юнусалиев, А.Н.Кононов, Э.В.Севортян, А.А. Юлдашев т.б. ғалымдардан 
қолдау тауып, тереңдетіле түсті. СVС тұлғалы моносиллабтар құрамындағы 
соңғы дауыссызды аффикстiк деңгейде қарастырған А.Н.Кононов түркi 
түбiрiнiң ең шағын тұлғасы V, СV, VС модельдерi екенiн морфологиялық 
талдау нәтижелерi көрсетiп отырғанын айтады. Э.А.Макаев түркiлiк түбiр 
құрылымы жөнiндегi даулы пiкiрлердi шешудiң жолы ретiнде хронологиялық 
стратиграфия әдiсiн қолданудың қажеттiгiн ұсынса [15,108], И.В.Кормушин 
СV тұлғасын тектiл дамуының алғашқы кезеңiне, (СV + С >) СVС екiншi 
кезеңiне сәйкес келсе, келесi кезеңiнде кейбiр түбiр құрамындағы соңғы 
дауыссыздар қайта түсiп қалуы мүмкiн деген болжам ұсынады [16,11-13]. 
Қазақ тiлiндегi қарт, қария, кәрi; айт, айтыс, айқай т.б. сөздерiнiң 
құрамынан қар, ай тұлғаларын түбiр морфема ретiнде ажыратып, -т, -йа, -i, -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет