Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет158/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНДАҒЫ 
РУХАНИ ФАКТОР 
 
 
Азмұханова А. 
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
Астана, Қазақстан 

Дешті Қыпшақ даласында ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІҮ ғасырлардағы 


рухани дағдарыс жағдайында ислам дінінің қайта қалпына келуі мен даму 
мазмұнын ашып көрсетуде халықаралық байланыстар факторы ерекше орын 
алары сөзсіз. Мұны дәлелдеу барысында деректік қордың өзін кешенді 
талдай отырып, яғни тарихшылар, лингвистер, әдебиетшілер, философтар 
және заңгерлермен бірлесе шешу/1/, бірнеше топтамаға бөлінген 
классификациялық дереккөздерді негізге алуымыздың өзіндік маңызы зор. 
Соның ішінде мұсылмандық тарихи шығармалардың авторлары: Ибн Батута, 
аз-Захаби, әл Муфаддал, Ибн Абд аз-Захир, ан Нувайри, Вассаф (хулагуидтік 
тарихшы) т.б. Бұл дереккөздерде әсіресе Берке мен Өзбек хандар тұсындағы 
исламдану оқиғалары, Дешті-Қыпшақтың Мысырмен дипломатиялық, 
мәдени байланыстары мәселелеріне қатысты мағлұматтар беріледі.  
Тәуелсіздікпен бірге келген өркениеттік тұрғыдан зерттеу бағыты 
Қазақстанды ортағасырлық ислам өркениетінің шет аймағы және Орта 
Азиямен біртұтас мәдени кешен негізінде қарастыру мәселесі әрине 
халықаралық байланыстарсыз кең көлемде ашылуы мүмкін емес. Сол сияқты 
діннің, рухани фактордың тарихта дербес орны, өзіндік ықпалы бар 
қозғаушы күш (саясатқа, экономикаға өз тарапынан әсер беретін) деген пікір 
және әсіресе исламның өміршеңдігі мен икемділігін мойындау да нақты 
дәлел бола алады.А. Дж. Тойнбидің «ислам ХІІІ ғасырда өркениеттік 
шабуылдарға тамаша түрде төтеп беріп, жаулаушылардың өздерін 
(моңғолдарды) исламға тізе бүктірді» деген пікірін басшылыққа ала отырып, 
осы нақты-тарихи дәуірде, моңғол империясында мәдени күрес діни-
өркениеттік негізде жүргенін, ал этникалық, тағы басқа көрсеткіштердің 
маңызы одан төмен болғанын бүгінгі күн зерттеушілері айқындауда /2/. 
Мәселен, 
түркі-мұсылмандар 
түркі-христиандарға 
(немесе 
түркі-
буддистерге) қарағанда, нәсіл жағынан үш қайнаса сорпасы қосылмаса да 
парсылармен, тәжіктермен, тіпті сол заманда қалыптасып жатқан қытай 
мұсылмандармен (дүнгендер) де бірігіп, ортақ рухани мүдделерін қорғап 
жатты. Жалпы, нәсіл, ұлт үлкен империяларда, әсіресе ортағасырда маңызды 
болмаған. Оған дәлел, мысалы Мысырдың Алтын Ордаға жіберген елшілері 
түрік, хорезмийлік, ирандық, араб немесе тіпті моңғол да бола берген /3/. 
Шындап келгенде Шынғыс хан империясында зерттеуші А. Семенов 
көрсеткендей,«мұсылман мен будда-қытай мәдениеті сайысқа түсті. Яғни 
тарихымызда 3-ші рет (Атлах шайқасы, Қарақытай жаулауынан кейін) екі 
өркениет аймақта қақтығысады. Қазақстан ислам әлемінің бір бөлігі екенін 
күрес нәтижесі айғақтайды. 


Исламмен қатар діндер ретінде буддизм, христиандық дін, манихейлік, 
тәңіршілдікте (шаманизм) болғаны белгілі. Моңғол жаулаушыларының 
басым бөлігі (батыс ұлыстардың әрбіреуінде ондаған мың этникалық 
моңғолдар қоныс аударған) ұстанған ескі шаманизм түркі-мұсылман 
дәстүрімен салыстыруға келмеді. Сондай-ақ тәңіршілдік те моңғолдарға 
толыққанды этика, сол сияқты ғылым, білім бере алмады. Сондықтан да
дағдарыс тереңдей берді (жүгенсіздік, рушылдық, қатыгездік, әсіресе 
ішімдікке берілу). Мәдени жағынан дамыған аймақтарды басқару үшін де
моңғол хандарына саяси идеологиясы бар дамыған діни жүйеге сүйену 
қажеттігі туды. Жалпы, өз жұртында қалған моңғолдар да кейіннен 
буддизмді қабылдап, Төлейдің ұрпақтары (Юань династиясы) қытайланып 
кеткені - осы заңдылықты дәлелдейді /4/. 
Рас, сол заманның өзінде Шыңғыс хан ұрпақтары арасында буддизм мен 
христиан дінін қолдайтындар, ежелгі наймандар мен ұйғырлар арқылы 
аталған діндермен танысып, сол нанымдарға көңілі ауған ханзадалар да 
кездесті. Бірақ, олардың да исламнан жеңілуі заңдылық еді. Күрес барысында 
буддистер мен христиандар қалай қарсыласса да, қоғамдағы еркін 
конфессиялар сайысы жағдайында «ислам ақыры өзінің шаманизмнен, 
буддизмнен, христиан дінінен артық екенін дәлелдей алды» /5/. Орта Азия 
мен Қазақстандағы ислам діні моңғолдармен қоса еріп келген жат діндердің 
шабуылына төтеп беріп, тіпті моңғол мен ұйғыр келімсектерін 
мұсылмандыққа иландыруға күші жетіп асқаны назар аударарлық құбылыс. 
Бұның жалпы заңдылығы: исламның соңғы жас дін болғаны, оның белгілі 
артықшылықтары яғни тұтастық сипаты, интегративтік функциясы, 
әмбебаптық, ғылыми негіздері, моральдық, интеллектуалдық қуатын әлі 
жоғалтпағаны. Мысалы, Рашид ад Дин келтірген 1295 жылы Иранда исламды 
қабылдаған Ғазан ханның сөздері моңғолдардың исламның интегралдық 
сипатын бағалағанына дәлел : «шынымен, ислам бір берік әрі ап-анық сенім 
(дін) және ол рухани һәм дүниеуи құндылықтарының барлығын бойына 
қамтыған». Сондай-ақ, нақты-тарихи заңдылықтарын айтсақ, ислам - 
жергілікті халықтың діні болғаны, яғни ХІІІ ғасырға дейін Дешт Қыпшақта 
ислам 
жеткілікті 
дәрежеде 
дамып 
орныққаны: 
«татарлардың 
шапқыншылығынан бұрын половецтердің басым көпшілігі мұсылмандықты 
ұстанған еді» /6/. Дешті Қыпшақ пен Жетісудың байырғы халқы, түркі 
тайпаларынан құралған қалың жұртшылық (қыпшақтар, қаңлылар, 
қоңыраттар, арғындар, наймандар дулаттар, т.б.) Шыңғыс ханға дейін ислам 
дінін бойына терең сіңіріп, Йассауи, Кубрауи сопы-әулиелері арқылы 
шариғат негіздерін түркі мәдениетімен ұштастыра отырып қабылдады. 
Әйтпесе, ХІІІ ғасырға дейін Қазақстан түркі тайпалары әлі де «шала 
мұсылман» болса, моңғолдардың түркіленуімен қоса мұсылмандануын қалай 
түсінуге болады? Әрине, Шыңғыс ханның шапқыншылығы жылдарында 
қыпшақтардың мұсылмандығына аздап нұқсан келуі ықтимал, халықтың діни 
сауаты төмендеуі, т.с.с. Бірақ, жалпы алғанда, Йассауи заманында шындыққа 
айналған, өркениеттік күшке ие болған «түркі исламы» феномені шығыстан 
соққан рухани дауылды тоқтата алды дей аламыз.


Қазақстанның Мауреннахрмен (сол сияқты Еділ өңірімен) сол кезде 
біртұтас мәдени-өркениеттік кешен құруы да – Дешті Қыпшақта исламның 
қайта қалпына келуінің бір факторы. Саяси жағынан қайшылықтар болып 
жатқанымен, рухани тұрғыдан екеуі біртұтас, түркі-мұсылман әлемі болды. 
Иранмен, басқа мұсылман елдерімен сонау Фараби заманынан келе жатқан 
рухани байланыстардың да маңызы зор.
Мәдени үрдістердегі негізгі фактор болған халықаралық байланыстар 
объективтік түрде болды. Бірақ импульс берген хандардың саясаты екендігін 
естен шығармаған абзал. Берке мен Өзбек хандар тұсында Қазақстанның 
далалары мен Орта Азияның қалған аймақтары арасында (атап айтқанда 
Шағатай ұлысымен) діни-рухани, сауда, саяси байланыстар дамыды. Алтын 
Орда мәдениетінің өрлеуін сол кездегі Мауреннахр жеріндегі Әмір Темір 
мемлекетінде басталған мәдени ренессансты толық ескермей терең түсіну 
мүмкін емес. Алтын Орда мемлекеті (сол сияқты Моғолстан) мен 
Мауреннахрдың қарым-қатынасын тек қана белгілі саяси күрестер 
тұрғысынан емес, күллі түркі мұсылман жұртының ортақ рухани 
құндылықтарын ескере отырып қарастыру абзал. Алайда, біздің ғылыми 
әдебиетте ХІҮ ғасырдағы Қазақстан териториясындағы мәдени процестерге 
Әмір Темір мен оның мұрагерлері тұсындағы Орта Азиядағы ғаламат рухани 
өрлеудің игі әсері ашылып көрсетілмейді. Бұл әсіресе рухани-діни ықпалдар, 
ғылыми жаңалықтар мен идеялар, және ең бастысы Мауреннахрдағы 
софылық бауырластықтардың Қазақстан көшпенділеріне бағытталған 
қызметіне қатысты.
Сонымен бірге, Дешті Қыпшақ түркілері мен Египет арасында 
байланыстар жақсы жолға қойылды. Берке хан сол заманда Египетте тұрған 
мұсылмандардың рухани басышысымен (халифа) хат алысып тұрды. Халифа 
Беркеге жақсы көзқарас танытып, әртүрлі сыйлықтар жіберген, солардың 
ішінде аңыз бойынша халифа Османның өз қолымен көшірген Құран кітабы 
болды. Мысырда ол кезде түркі жұртынан шыққан сұлтан Бейбарыс (1260-
1277) билік құрған еді. Бейбарыс Мысырда бой көрсете бастаған кейбір 
исламға қайшы әдеттерге (шарап ішу, апиын тарту) қатаң тыйым салып, 
шариғат заңын күшейтті. Бейбарыс тарихи отанымен мейлінше тығыз 
байланыс орнатуға мүдделі болғандықтан және Беркенің діни-
реформаторлық саясатынан хабардар болған соң, Дешті Қыпшақты рухани, 
саяси қуаттандыруға еш көмегін аямайтынын білдірді. Екі патша үнемі хат 
жазысып тұрды, елшіліктер алмасты. Мысырмен, Сириямен байланыстар 
Өзбек ханның тұсында да жалғасын тапты. Соңғы елшілік Алтын Ордаға 
Тоқтамыс кезінде 1395 ж. келген еді. Патша әулеттері арасында некелік 
одақтар құру да ынтымақты нығайтты. 
Елшіліктер құрамы, саны жағынан ықпалды болды: мысалы, 1314 ж. 
Египетке Өзбектен келген елшілік 174адамнан тұрды /3, 75 б./. Иранмен де 
тек әскери қақтығыстар емес, бейбіт саяси, мәдени байланыстар дамыды. 
Ұлжайту мен Тоқтының тұсында бейбіт қатынастар орнады.
Ерте замандағы Әбу Насыр әл Фараби сияқты, Дешті Қыпшақ, Хорезм 
мұсылмандары Таяу Шығысқа, әсіресе Қаһираға (Каирге) ғылым іздеп, 
сонымен қатар өздерінің де білімдерін мұсылман әлеміне таратуға ұмтылды. 


Египет тарапынан да Алтын Ордаға білім іздеуші ғұламалар келіп жатты. 
Арабтар (ғалымдар) Мұхтар ибн Махмұд әз Закиди, Махмұд ибн Ахмед ибн 
Мұса Алтын Ордаға қоныс аударып, Сарай қаласында қызмет етті. Ираннан 
шыққан фиқх ғұламалары Мұхаммед аш Шировани, Мұхаммед әл Харави, 
ғалым-энциклопедисттер ат Тахтани, Әл Хорасани Алтын Ордада қызмет 
етті. 
Алтын Ордадан Қаһираға қоныс аударған түркі ғалымдары мен өнер 
тұлғаларының ішінде Махмұд әс Сараи, Әл Қырыми, Шехаб ад дин ас Сараи, 
Махмұд ибн Абдаллах Әбу Тина ас Сараи әл Қаһири сынды қайраткерлер 
болды /7/. Махмұд ас Сараи әл Қаһири туралы «ол араб, парсы, түркі тілдерін 
жетік білді, әрі өз заманының ең оқымысты адамдарының бірі болды» деп 
жазады. Қос тілді адамдар, сол сияқты түркілер мен арабтар арасында аралас 
некелер саны көбейді. Мұсылман мерекелері кезінде Қаһира қаласының 
орталығында қыпшақтар сәнді киіз үйлер тігіп, қымыз ішетін. Египетте араб-
қыпшақ сөздіктері жарық көрді. 
Сол дәуірде Мысыр сияқты дамыған қуатты мұсылман өлкелерімен 
байланыс орнату Қазақстан, Еділ өңірі, Хорезм түркілерін ислам 
өркениетінің орталықтарымен бұрынғыдан да тығыз байланыстыруға, 
олардың ең озық жетістіктерін қабылдауға ғаламат зор әсер еткен. Бұл 
Қазақстандағы исламдану үрдісіне әсер еткен басты фактор болып табылады. 
Мысыр билеушісі Алтын Ордаға ашық саяси қолдау көрсетіп отырғаны 
белгілі. Таяу Шығыстан Дешті Қыпшаққа ағылып келіп жатқан қымбат 
сыйлықтардың өзі психологиялық жағынан көшпенділерді мұсылман 
өркениетіне қызықтыруға бағытталған еді. Бірде Бейбарыс жіберген
сыйлықтардың арасында қымбат қолөнер бұйымдары, қару-жарақтың неше 
түрлері, сәнді кілемдер, араб сәйгүліктері мен нубиялық түйелер, үйретілген 
маймылдар мен тоты құстар, жираф, қара нәсілді жас құлдар мен шығыс 
тағамдарының түр-түрін әзірлеуге дайын аспаз күңдер болғаны туралы 
деректер беріледі. 
Қазақ 
хан-сұлтандарының, 
Жошы 
ұрпақтарының 
сауаттылығы, 
діндарлығы, қожаларды қадірлеуі, халықаралық байланыстары, Бұхара, 
Самарқанд, Хиуада орналасқан ірі ислам орталықтарымен, дінбасылар және 
софы-пірлермен берік одақ құру саясаты, суфизмде дәстүрлілік пен 
көшпенділіктің тамаша үйлесуі, дін мен көркем әдебиеттің синтезі- осы 
сияқты қазақ халқының қоғамдық- мәдени өмірінде кейінгі кезеңдерде айқын 
көрініс берген сипаттар шын мәнінде Алтын Орда тарихының заңды 
салдары, мұрасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет