Кіріспе 1 геологиялық БӨлім


-сурет. Шегендеу тізбектерінің түсірілу тереңдіктері



бет11/23
Дата28.05.2023
өлшемі0.86 Mb.
#474411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
диплом жумыс

1-сурет. Шегендеу тізбектерінің түсірілу тереңдіктері.


2.2.1 Қашаулар мен шегендеуші тізбектердің диаметрін таңдау
Ұңғыма құрылмасының диаметриалық өлшемдерін анықтау, пайдалану тізбегінің диаметрін таңдап алудан басталады. Мұнай, газ ұңғымалары үшін пайдалану тізбегінің диаметрі қабат сұйықтары мұнай, газ дебитінің мөлшері бойынша анықталады. Жобалық ұңғыма дебиті бастапқы кезде тәулігіне 75 -60 м3 өнім береді, кесте [1] бойынша диаметрі 139.7 мм шегендеу құбырын таңдап аламыз. Пайдалану тізбегін бұрғылауға арналған қашау диаметрі:
Дқm+2 к (11)
Мұндағы:
Дm- шегендеу құбыры муфтасының диаметрі, мм.
к-шегендеу тізбегі муфтасы мен ұңғыма қабырғасы арасындағы радиалды саңылау. 139.7мм шегендеу тізбегі үшін Дm=159мм к =10-15мм.
Дқ = 159 + 2*15 = 189мм
МЕСТ 20692-75 бойынша диаметрі 190,5 мм қашауды таңдап аламыз.
Аралық құбырдың диаметрін анықтаймыз:
Дiқ+2 +2*В (12)
Мұндағы:
В -қашау мен тізбек қабырғасындағы саңылау мөлшері, (В=3 5мм)
Дарал = 190.5 + 2*(6 + 9) = 220.5 мм
МЕСТ 632 – 80 бойынша аралық құбыр диаметрі 219.1 мм. 219.1мм шегендеу тізбегі үшін Дm= 244.5мм, к = 10-15мм.
Дқ = 244.5 + 2*10 = 264.5мм
МЕСТ 20692-75 бойынша диаметрі 269.8мм қашауды таңдаймыз.
Кондуктордың диаметрін анықтаймыз:
Дкон = 269.8 + 2*( 5 + 10) = 299.8мм
МЕСТ 632 – 80 бойынша кондуктор диаметрін 298.5 мм деп таңдап аламыз. Осы диаметр үшін Дm= 323.9мм, к = 25 – 35мм.
Дқ = 323.9 + 2 * 35 = 393.9мм
МЕСТ 20692-75 бойынша диаметрі 393.7мм қашауды таңдап аламыз.
Бағыттаушы құбырдың диаметрін анықтаймыз:
Дбағ = Дк + (50 – 100) = 393.7 + 50 = 443.7мм
МЕСТ 632 – 80 бойынша бағыттушы құбырдың диаметрін 426мм деп таңдап аламыз.
МЕСТ 20692-75 бойынша диаметрі 490мм қашауды таңдап аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет