Кіріспе 1 геологиялық БӨлім



бет7/23
Дата28.05.2023
өлшемі0.86 Mb.
#474411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
диплом жумыс

1.9 Өнімді қабаттарды ашу
Өнімді қабаттарды ашудың екі әдісі бар: өнімді қабатты ашу және өнімді қабатты екінші рет ашу. Өнімді қабатты бірінші рет бұрғылап ашқаннан кейін, көбінесе ұңғыма оқпанын пайдалану тізбегімен бекітіп, тізбек сыртын цементтейді. Осыдан кейін қабат сұйықтарын ұңғымаға келтіру үшін шегендеу тізбекті цемент тасы арқылы ұңғыманы қабатпен жалғастырушы тесіктер тесілуі қажет. Мұндай тесіктерді тесу операциясы қабатты екінші рет ашу немесе перфорациялау деп аталады. Бұл жұмыс перфораторлардың көмегімен іске асырылады. Негізінен атқыш және гидрообразивтік перфораторлар кеңінен қолданылады.
Қабат сұйықтарының ұңғымаға қалыпты ағып келуін қамтамасыз ету үшін пайдалану тізбегінде атқыш перфоратор көмегімен 1м құбыр ұзындығына 10 – 20 тесіктер тесілуі тиіс. Перфоратор бір рейісте 2 – 10 тесіктер теседі, сондықтан перфораторды ұңғыма ішіне бірнеше рет түсіруге тура келеді. Атқыш перфораторды пайдалану тізбек ішіне СКҚ арқылы түсіріледі. Перфорациялауды бастамай тұрып, құбыр басының крестовинасына перфоратор ысыриасы орнатылып, пайдплану тізбегінің шектік қысымынан аспайтын қысымға тексеріледі. Ысырма штурвалы ұңғы сағасынан 10м қашықтыққа қойылып, қалқанмен жабылады. Ұңғыма дайын болғаннан кейін пайдалану тізбегі ішіне перфоратор түсіріліп, өнімді қабат тұсынан белгіленген аралықтарда атқыланып тесіледі.
Ұңғыманы игеру деп өнімді қабаттан мұнай және газды келтіру үшін жүргізілетін жұмыстар жинағын айтады. Өнімді қабаттан қабат сұйықтарын келтіру үшін ұңғы ішіндегі қысымды қабат қысымынан едәуір төмендету қажет. Ол үшін ұңғыма ішіндегі жуу сұйығын жеңіл жуу сұйығымен алмастырамыз немесе тізбек ішіндегі сұйық деңгейін төмендетеміз.
Ұңғыма ішіндегі сұйықты жеңіл сұйықпен алмастыру тәсілі
Сораптық компрессорлық құбыр өнімді қабаттар берік тау жыныстарынан құралса, төменгі перфорациялық тесікке дейін түсіріледі, ал тұрақсыз тау жыныстарынан құралса, онда жоғарғы перфорация тесіктеріне дейін түсіріледі. Сұйықты алмастыру тура немесе кері айналым тәсілдерімен іске асырылады. Көбінесе кері айналым тәсілі қолданылады. Сорап арқылы сораптық компрессорлық құбыр мен тізбек аралық кеңістікке жеңіл сұйық айдалады. Ол тізбек аралық кеңістікте толтырылған сайын ауыр жуу сұйығын сораптық компрессорлық құбыр арқылы ығыстырады.
Ұңғыма ішіндегі сұйық деңгейін төмендету тәсілі
Берік тау жыныстарынан құралған өнімді қабаттардан, қабат сұйықтарын ұңғымаға келтіру үшін тізбек ішіндегі сұйық деңгейін компрессорлар көмегімен төмендету тәсілі кеңінен қолданылады. Ол үшін тізбек аралық кеңістікке жылжымалы компрессор көмегімен жуу сұйығы деңгейін мүмкіндігінше төмендетіп, сорптық компрессорлық құбыр ішіндегі сұйықты аэроциялап, депрессия болатындай ауа айдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет