Кіріспе 1 геологиялық БӨлім


Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер



бет8/23
Дата28.05.2023
өлшемі0.86 Mb.
#474411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
диплом жумыс

1.10 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер
0 – 550 м аралықта ( кондуктор) стандартты каротаж ( КС, ПС, ДС ), ГК, НГК және инклинометрия жүргізіледі. М 1:500
550 – 1200 м аралықта (техникалық құбыр) стандартты каротаж (КС, ПС, ДС), ГК, НГК , кавернометрия және инклинометрия жүргізіледі. М 1:500 және БК, МБК, МКВ, МКЗ, АК, ИК (ВИКИЗ) және термометрия м 1:200 жүргізіледі.
1200 – 2100 м аралықта стандартты каротаж ( КС, ПС, ДС ), ГК, НГК және инклинометрия жүргізіледі. М 1:500.
2000 – 2100 м аралықта керн алу үшін аралық каротаж КС, ПС, ГК және НГК жүргізіледі
800 – 1200 м аралықта толық геофизикалық жұмыстар кешені (БК, МБК, МКВ, ИК, АК, ГК, НГК, ГГК, термометрия, кавернометрия) жүргізіледі. М 1:200
1700 – 2100 м аралықта толық геофизикалық жұмыстар кешені (БК, МБК, МКВ, ИК, АК, ГК, НГК, ГГК, термометрия, кавернометрия) жүргізіледі. М 1:200
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ


2 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Бұрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу
Бұрғылау тәсілінің бір түрін қолдану туралы шешім қабылдау, ұңғыманы жобалау мен ары қарай қазу технологиясының бірден-бір жауапты кезеңі болып табылады. Бұл шешім сонымен қатар көптеген төмендегідей: әртүрлі бұрғылау тәсіліндегі өнімділіктің бір метрінің құны, геологиялық шарттар, қабат қысымдары, температуралары, бұрғыланатын тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері, өнімді қабаттардың сипаты, бұрғылау тәртібі, гидравликалық бағдарламаны, бұрғылау аспабын, бұрғылау қондырғысының түрін және ұңғыманы бекіту технологиясын таңдаушы көптеген технологиялық шешімдерді қабылдауға әсер етеді.
Жаңа кен орындарында бірінші ұңғымаларды бұрғылауда бұрғылау тәсілін, көршілес геологиялық жағдайлары ұқсас, бұрғылау нәтижелері бойынша жобалап содан кейін сол жерде қазылған барлама және тіректік ұңғымалардың нәтижелері бойынша анықтауға болады. Қазіргі кезде бұрғылау тәсілін таңдау тәртібі түпкілікті толық жетілдірілді деп айтуға болмайды. Кейбір негізгі ережелер жетілдіріп қолдануға ұсынылды. Біздің елімізде мұнай және газ ұңғымаларын негізінде роторлы, гидравликалық түптік қозғалтқыш пен және электробурмен бұрғылаудың үш түрі қолданылады. Алғашқы екі түрі негізгі болып саналады. Жоғарыда айтылған факторларға байланысты және де берілген алаңда турбобурды жөндеуші базаның жоқтығын есепке ала отырып, бұрғылаудың роторлы тәсілін қолдану тиімді екеніне көз жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет