7–кесте. Бұрғылау ерітіндісі және оны өңдейтін, ауырлататын компоненттердің қажетті мөлшері
Бұрғылау аралығы,м
|
Бұрғылау ерітіндісін дайындауға қажетті компоненттер
|
Бұрғылау ерітіндісі шығынының нормасы, м3/м компонент, кг/м3
|
Норма
лар
|
Бұрғылау ерітіндісі мен оның компоненттерінің мөлшері, м3, кг
|
550
|
Техникалық су
Кальцинирленген сода
КМЦ
Бентонит
Бор
Гивпан
|
890
10
1.5
70
80
0.5
|
Техн.регл
|
164472
1848
272.2
12936
14784
92.4
|
1200
|
Техникалық су
КМЦ
NaCl
кг/м3
Палыгорскит Кальцинирленген сода
Каустикалық сода
|
780
2
312.5
50
20
10
5.5
|
Техн.регл
|
256620
658
102812.5
14094
6580
3290
1809.5
|
2100
|
Техникалық су
Бентонит
КМЦ
Кальцинирленген сода
Каустикалық сода
|
881
20.5
2
10
2
|
Техн
регл
|
412660.4
9602.2
936.8
4684
936.8
|
2.4.3 Жуу сұйығын дайындау, химиялық өңдеу үшін және ұңғыма сағасына саңылаусыздыққа орнатылатын жабдықтарды таңдау
Бұрғылау ерітіндісін дайындау ұңғыманы жуу технологиясының бір бөлігін құрайды. Бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін келесі жабдықтарды қолданамыз:
Ерітінді дайындау блогы (БПР), шығарылатын гидроэжекторлы араластырғыш, гидравликалық диспергатор, сыйымдылықтар, механикалық және гидравликалық араластырғыштар, поршенді насос. БПР тұтас тасымалданатын рамадан тұрады, рамада екі цилиндрлі телескопиялық сыйымдылықтар орнатылған. Сыйымдылықтың екі жағы да бір-бірімен тығыздалып бекітілген.
Бұрғылау ерітіндісі келесідей дайындалады:
саз ерітіндісін дайындау үшін гидроараластырғышқа сораппен су береміз. Гидроараластырғыш камерасында еру басталады, араластыратын ұнтақты бірқалыпты қосамыз. БПР цемент ерітіндісін дайындағанда да қолданылуы мүмкін.
Ерітінді дайындау блогының қысқаша техникалық көрсеткіштері:
Өнімділігі,м3/сағ:
ерітінді дайындау кезінде 60;
ерітіндіні ауырлатуда 3-60;
блоктағы сыйымдылықтар саны 2;
сыйымдылықтар көлемі,м3 50;
тұтынатын қуат,кВт 1,5;
блоктың габариттік өлшемдері, мм 7500 2800 4000;
салмағы, кг 1200.
Бұрғылау ерітіндісі көбіне механикалық араластырғыш (сазараластырғыш) көмегімен дайындалады.
Г2П2-4 сазараластырғышының техникалық сипаттамасы
сыйымдылығы, м3 4;
білік саны, 2;
айналу жиілігі, айн/мин 70;
өнімділігі, м3/сағ 2-4;
қозғалтқыш қуаты, кВт 21,5;
габариттік өлшемдері, мм 3700 3015 1445;
салмағы, кг 3900.
Саз араластырғышта ерітінді периодты немесе үзілмей дайындалады. Ерітіндіні дайындап барлық қажет материалдарды араластырады. 40-55 минуттан кейін ерітінді қасиетін тексереді. Ерітінді көрсеткіштері реттелген соң машинаны тоқтатып, дайын ерітіндіні төменгі люк арқылы қабылдау резервуарына береміз. Кейін қажетінше цикл қайталанады. Ерітіндіні үзіліссіз дайындау тәсілінде сазараластырғышқа ерітінді деңгейіндей етіп ағу құбырын дәнекерлейді. Сазараластырғышқа үзіліссіз люк арқылы реагент төгеді,төменнен су беріледі. Жоғарғы ағу құбыры арқылы дайын ерітінді науа жүйесіне үзіліссіз беріліп тұрады. Ерітіндіні үзіліссіз дайындаудың келенсідей артықшылықтары бар: дайын ерітіндіні айдау үшін уақыт кетпейді, үзіліссіз жұмыс істеу кезінде сазараластырғыш өнімділігі үш есе өседі.
Саз ерітінділерін химиялық реагенттермен, әсіресе сілтілі және қышқылды реагенттермен өңдеу кезінде жұмысшылар резина қолғап, көзілдірік, етік, фартук киіп жұмыс қажет.
Бұрғылау ерітіндісін бұрғыланылған тау жыныстарынан тазалау. Ерітіндідегі бұрғыланылған тау жыныстары оның негізгі технологиялық қасиетттеріне кері әсерін тигізеді. Одан басқа ерітіндідегі түрпілі бөлшектер қашау, түптік қозғалтқыш, бұрғылау сораптары және тағы басқа қондырғылар жұмыстарын нашарлатады. Осыған байланысты бұрғылау ерітіндісін тазалауға аса назар бөлу керек.
Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазартуда әр-түрлі механикалық қондырғылар: дірілдеуіш елек, гидроциклонды шлам айырғыштар, сепароторлар, центрифуга қолданылады. Айналым жүйесінде осы аталған механикалық қондырғыларқатаң ретпен орнатылады. Бұрғылау ерітіндісінің айналымы келесі технологиялық тізбекке сай болуы тиіс: ұңғыма –газ сепаратор, шламның ірі бөлшектерді айыру блогы (дірілдеуіш елек), дегазатор, ұсақ бөлшектерді айыру блогы (құм және лай айырғыштар), қатты фаза құрамын реттеу блогы, бұрғылау сепараторы, ұңғыма.
Бұрғылау ерітіндісін шламнан дірілдегіш електер арқылы тазалау- механикалық процесс. Тазалау шамасы тор тесіктерінің өлшеміне байланысты.
ВС-2 дірілдеуіш елегінің техникалық сипаттамасы:
өткізу шамасы:
Тор өлшемі 0,16 0,16 мм, 0,028 м3 дейін.
Тор өлшемі 1 5 мм, 0,06 м3 дейін.
Жиілігі 1 минутта 1600-2000.
Жұмыс бөлігінің өлшемі, м:
Ұзындығы 1,27.
Ені 0,97.
Електің горизонтпен бұрышы 12-180.
Гидроциклондар ортадан тепкіш сепаратор, онда қатты бөлшектер ортадан тепкіш күш әсерінен бөлінеді. Бөлінетін бөлшектер өлшемдері гидроциклон өлшеміне, қысымына, ерітіндінің беру қысымына байланысты.
ПГК гидроциклонды құм айырғышының қысқаша техникалық сипаттамасы:
- өткізу шамасы, л/с 60;
- сұйықтан бөлінетін бөлшектің ең кіші өлшемі, мм 0,06;
- гидроциклондар саны 4;
- айдау сорабы ВШН-150;
- электроқозғалтқыш қуаты, кВт 28;
- габариттік өлшемдері, мм 2600 1150 2150;
- салмағы,кг 1310.
Лай айырғыш:
- гидроциклондар саны 12;
диаметрлері, мм:
гидроциклондікі 100;
құмды сұғындама 17,5;
габаритті өлшемдері, мм 1720 1020 1520.
Ұңғыма сағасының саңылаусыздығы газ қабат сұйықтарының ағып шығуын тойтарып шығуы тиіс. Ұңғыма сағасын герметизациялау үшін атқылауға қарсы қолданылатын қондырғылар қолданамыз. Олар мұнай-газдың атқылау кезінде ұңғыманы басқару үшін және оларды жоюдағы технологияның қажетті операцияларды орындау және кері айналым жүйесін іске асыра т.б. үшін арналған.
Превенторлық қондырғы, превенторлар (қыстырмалы, айналмалы) және жоғарғы қысымды арматурадан тұрады. Превенторлық қондырғыны орналастыру мұнай-газдың атқылау кезінде және қабатқа қарсы қысым тудыру арқылы ұңғыманы басқару үшін арналған. Монифольдтің екі жолы бар, жұмыстық және апаттық. Жұмыстық режим ұңғыманы басқарудың барлық операцияларына арналған,ал апаттық режим жұмыстық режимнің істемеу жағдайында қолданылады. Электр энергиясының жоқ уақытында және гидравликалық аккумулятордың разрятталған кезінде қыстырмалы превентор қолмен басқарады.
Жобаланылған ұңғыма үшін ПУГ-230 320 және ОПП-350 210 превенторларын қабылдаймыз. Олар сағалық құбырлардың тізбектік фланеціне орнатылады. АФК-65 140 245 320 фонтанды арматурасын ООК - 3 146 350 тізбектік қақпақшасын тағайындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |