Кіріспе Қазақстанның табиғат ресурстары



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі422 Kb.
#123995
1   2   3   4   5

Қ о р ы т ы н д ы
Қазақстан өз жерінің табиғат ресурстарына толық ие болған шақта, оларды игеру мен өндіруге бұрынғы қалыптасқан көзқарасын түбегейлі өзгертіп, өзінің негізгі байлығының бірі – табиғат шикізатын пайдалануда үнемділік, аймақтық экономикалық және экологиялық қауіпсіздікпен республика экономикасының тұрақты дамуына негізделген жаңа экономикалық саясат қалыптастыруы қажет. Осындай кезек күттірмес келелі мәселені жүзеге асырудың бірден-бір құралы табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау төлемдері мен салық жүйелерін ғылыми тұрғыдан негіздей отырып іс-тәжірибеге енгізу болып табылады.

Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі – табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға, сол аймақтың экологиялық теңдігін сақтауға жауапкершілікті арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды төлемсіз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтырғанын көп жылдық тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.

Еліміздің егемендік алған шағынан бастап табиғат ресурстарына төлем белгілеу мәселесі негізінен эмпирикалық түрде, яғни шетелдердің, әсіресе Ресей Федерациясының тәжірибесін механикалық көшіру жолымен шешілді. Әрине бұл жүргізілген тәжірибе Қазақстан Республикасы экономикасының жұмыс істеу жағдайына толық сәйкес келмеді, сондықтан оның қолданбалы жақтары біздің еліміздің жағдайында қажетті нәтиже бермесі сөзсіз. Мұнда ерекше бір атап айтатын жай бар, ол нарық экономикасы дамыған елдердің жағдайындағы (тәжірибелері Ресесй Федерациясымен бірге жүргізілген) бар төлемдер мен салықтың құрылымы және шамалары сол әрбір елдің көптеген ғасырлар бойы ешбір ғылыми зерттеулерге негізделмей бірнеше рет қателіктерді түзету барысында енгізілген тәжірибелері арқылы белгілленді. Сондықтан осындай эмпирикалық тәжірибеге негізделген механикалық көшірме түріндегі салық әдістері тек шыққан жеріне ғана жарамды, олар сол елдің, сол жердің даму жағдайындағы ерекшелікті көрсетеді.

Бөтен елдердің тәжірибесін қолданудың пайдасы тек сол тәжірибені енгізерде аналогия әдісі толығымен білікті түрде қолданылғаны жөн, яғни тәжірибесі қолданылмақ болған елдің экономикасының жұмыс істеу жағдайындағы ерекшеліктері мен негізгі факторларының ұқсастық деңгейі біздің елдікімен салыстырғанда қаншалық екендігі ескерілгені дұрыс.

Біздің ойымызша, қарастырылып отырылған мәселенің түйіні нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланумен қатар, өз еліміздің экономикасын жұмыс істеу ерекшелігін ескерген жағдайда, яғни аналогия әдісін қолданып, сонымен бірге түбегейлі ғылыми тұрғыдан негізделген жолды (белгіленетін шамамен оны қалыптастыратын факторлар арасындағы байланысты зерттеу арқылы) қолданғанда ғана шешіледі. Осы тұрғыда әрбір төлем мен салықтың шамасын белгілеуде табиғи-географиялық және экономикалық факторлардың қаншалықты тигізетін әсерін анықтау мақсатында әліде зерттеулер жүргізген абзал.

Нарық экономикасы дамыған елдерде біздегі бар мәліметтер бойынша, табиғат ресурстары үшін төлем белгілеудің бірыңғай әдісі жоқ. Авторлардың мәліметтері бойынша дамуға экономикалық жәрдем беру Ұйымына (ДЭЖҰ) кіретін 14 елде табиғат ресурстарын қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі 150-ге жуық экономикалық тетіктердің қолданбалық түрі бар. Олардың жартысынан көбі әртүрлі рангідегі төлемдер болса, ал 25 %-і субсидиялық сипатта.

Теориялық тұрғыдан алғанда біздің елімізде төлемді табиғат пайдалану принципі, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын пайдаланудан төлем алу еліміздің экономикасының нарық принциптеріне өтуімен байланысты тауар-қаражат қатынастары маңызының күшеюімен түсіндіріледі. Осы тұрғыда табиғатты төлемді пайдаланудың дұрыстығы, яғни табиғат ресурстарын пайдалану үшін оларға төлем белгілеу таптық политэкономиядан туындайтын принциптерге сүйенбей жүзеге асырылуы қажет. Ол, өндірістің үш факторының қазіргі заманғы теориялық принциптерінен шығып, яғни эконометрия және шекті пайда теориясынан (оның қазіргі заманғы өзгертілген түрінен), сонымен бірге қазіргі заманғы өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі теориясынан жасалуы мүмкін. Табиғат пайдалануға төлемдер мен салық мәселесін шешуді неғұрлым тереңдеткен сайын табиғи жағдай мен ресурстарды тиімді пайдаланудың дәрежесіне ықпал ететін төлемдердің атқаратын қызметін күшейте түскен дұрыс. Бұл тек аталған ұғымдардың атқаратын қызметін теориялық көзқарас тұрғысынан шектеу үшін ғана емес, табиғи жағдай мен ресурстарды тиімді пайдалануды экономикалық жағынан ынталандырудың өлшемін анықтауға болатын ғылыми негіз де.

Әсіресе жер қойнауының ресурстары Республикамыздың негізгі ұлттық байлығы және оның ерекше меншігі болып табылады. Сол себепті мемлекет оның қорғалуы мен үнемді пайдаланылуына қамқорлық көрсетуі тиіс. Осыған орай жер қойнауының ресурстарын жаңғырту үшін белгіленетін төлемдерді қайта назарға алу қажет. Олар ГБЖ аударылатын қаражат, тау-кен өнеркәсібінің минералдық шикізат базасының формасын қабылдауы мүмкін.

Теориялық тұрғыдан, егер табиғат ресурстары үшін белгіленетін төлемдер мен салықтар мемлкеттің осы ресурстарға меншік титулын экономикалық тұрғыдан жүзеге асыруының көрінісі болып табылады десек, онда отандық жер қойнауын пайдаланушыларға, олар біздің еліміздің азаматтары болғандықтан шетел компанияларына қарағанда әлдеқайда төмен болып белгіленуі тиіс. Осыдан келіп табиғат ресурстарына, оның ішінде минералды-шикізат ресурстарына төлем белгілеу әдістемесінің екі өзгертілген түрін жасау қажет. Бірінші, өзгертілген әдістеме отандық жер қойнауын пайдаланушыларға төлемнің ғылыми негізделген шамасын анықтауы үшін қолданылса, екіншісі – шетелдіктер үшін.

Пайдалану құқы үшін төлемге сәйкес келетіндей шама салалар бойынша нормативті пайданың он екіден бір бөлігі сияқты анықталуы тиіс, ал олардың нақты өлшемі табиғат пайдаланудың жекелеген объектілері бойынша саудалау барысында анықталуы қажет. Жер қойнауы ресурстарына қатысты пайдалану құқы үшін төлемдер (роялти) өндірістің қамтамасыз етілу дәрежесін ескеріп, минералды-шикізат ресурсының сол түрінің, типінің, сортының және маркасының, яғни осы табиғат ресурсы қорының сарқылу, қайта қалпына келмеу қасиеттерін ескеретін нормативті пайданың он екіден бір бөлігі ретінде анықталуы тиіс. Шетел компанияларына арендалық немесе басқа да негізде берілген объектілер бойынша роялтидің шамасын белгілегенде жоғарыда анықталған сызба бойынша роялтидің шамасына осы кәсіпорындардың табиғи объектіні игеріп пайдаланудан түсетін монополиялық рентасы да қосылуы қажет.

Қазақстан экономикасын реформалаудағы экономикалық кризис, әсіресе, ойланбай салық салу мен төлем алу жүйесі нәтижесінде экономиканың жетекші саласы – тау-кен металлургия өнеркәсібіне қатты соққы болып тиді. Қазіргі уақытта тұтынуға шығарылған заттың бір данасына жер қойнауын пайдалану үшін салынған салық пен төлемнің жалпы сомасы ұлттық экономиканың басқа салаларындағы соған ұқсас көрсеткіштерден шамамен 1,5 есе асып түседі. Осылайша кемсітушілкпен салық салу және төлем алу елдің тау-кен металлургия өнеркәсібінің жазықсыз жапа шегуіне әкеп соқты.

Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану саласыел экономикасының тұғыры болып есептелетіндіктен салық салу мен төлем алу саясатында жұмыс орнының көзі ретінде, болашақтағы елдің өндірістік және экономикалық потенциалының ең мықты көзі ретінде оның барынша сақталу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Мұндай саясат іс жүзінде қазіргі уақытта да, тығырықтан шыққаннан кейінгі уақыттарда да табиғат пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере ғылыми-негізделген салық салу мен төлем алу арқылы, өндірісті экономикалық тұрғыдан ынталандыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.



Біздің нақты ұсыныстарымыз, атап айтқанда, жер, су, орман, минералдық шикізат ресурстарына негізгі төлем түрлерінің оптималды шамасын белгілеу туралы жүргізген ғылыми зерттеулеріміз кең көлемде эксперименталдық тексерулерді қажет етеді. Төлемдер мен салықтардың құрылымы, төлемдердің негізгі түрлерін белгілеу әдістеріндегі мүмкіндіктер мемлекеттік көлемде, қажет болған жағдайда аймақтар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі:


  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы: Жеті жарғы 1995.

  2. Қазақстан республикасының Орман Кодексі;

  3. Қазақстан республикасының Су Кодексі, Алматы жеті жарғы 1995.

  4. Жер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, заң күші бар. Алматы, 1996.

  5. Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикізатты өңдеу туралы кодексі. Алматы, 1992.

  6. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995.

  7. Сатыбалдин С., Төлемісов О., Мұқаев С. Табиғат байлығына егеменділік және оның құны. Алматы. Ғылым, 1992.

  8. Мұқаев С. Байлығымызды дұрыс пайдалана білейік. Ақиқат., 1995. №2.

  9. Мұқаев С. Табиғат пайдаланудағы ренталық қатынастар. Ғылыми конференция материалдары. ҚазМБА, Алматы. 1996.

  10. Минц А.А. Эконимческая оценка естественных ресурсов. М.,Мысль. 1972.

  11. Ферсман А.Е. Занимательная минералогия. Свердловское книжное издательство, 1954, с.182.

  12. Федоренко Н.П. Экономические проблемы оптимизации природопользования. М.,1973, с.16.

  13. Вечерняя Алматы, 1995, 15 мая.

  14. Методические рекомендации по определнию нормативов платы за пользование недрами и расчет проектов. М., 1990, (Госкомитет СССР по охране природы); Методические рекомендации по определнию нормативов платы за пользование недрами. Алма-Ата, 1991 (Госкомитет КазССР по экологии и природопользованию), Республиканский научно-производственный центр «Казэкологияң.

  15. Сборник нормтаивно-методических документов по введению платного природопользования в регионе. Раздел ІҮ.-Недра,М.: Институт экономических проблем природопользования (ИЭПП), Министерство экологии и природопользования РСФСР. 1991.

  16. Теория и методика установления платы за исользование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). Алма-Ата, 1992.

  17. Эффективность затрат экологического назначения (вопросытеории и методологии).-Москав: Институт экономики АН СССР. 1990.

  18. Боев В. Совершенствование ценообразования на продукцию сельского хозяйства//Вопросы экономики, 1988, №1.

  19. Ленин В.И. Полн.собр.соч.т.25, с.21.

  20. Маркс К., Энгельс Ф. Соч.2-е изд, т.25.,ч.2,с.172.

  21. Маркс К., Энгельс Ф. Соч.2-е изд, т.25.,ч.2,с.212.

  22. Советский Казахстан. 1995, 30 июня.

  23. Методические рекомендации по определнию нормативов за землю. Москва, 1990. Госкомитет СССР по охране природы, Закон Республики Казахстан «О земельном налогең. 1991.

  24. Каргажаноз З.К. Платежи за право пользования минеральносырьевыми ресурсами. Комплексное использование минерального сырья, №4.

  25. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). Алма-Ата. Институт экономики АН ССР, 1992.

  26. Каргажанов З.К., Абилова Р.Г.Методические вопросы установления платежей за изменение плодородия пахотных угодий //Известия АН КазССР, серия общественных наук, 1991. №5.

  27. Починкова С.В. Цена на лес в условиях рынка. –Лесная промышленность, 1992, №4, с.8.

  28. Более подробно о выводе формулы см.Каргажанов З.К. Платежи за право пользования минерально-сырьевыми ресурсами комплексное использование минерального сырья, 1993, №4, с.83-89.

  29. Каргажанов З.К.Определние величины в условиях нефтегазовой промышленности Республики Казахстан. Комплексное использование минерального сырья. №2, с.80-82.

  30. Закон Казахской ССР «Об охране окружающей среды в Казахской ССРң//Экокурьер, 1991, 19 сентября.

  31. Типовая методика определния экономической эффективности и экономического стимулирования осуществления природоохранных мероприятий и экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды. М., 1987.

  32. Временная типовая методика определения экономической эффективности осуществления природных мероприятий и оценки экономического ущерба, причиняемого народному хозяйству загрязнением окружающей среды. М.: Экономика, 1986.

  33. По Постановлению Совета Министров КазССР от 14 февраля 1990 г. №38 годовые убытки по данному району составляют 2 тыс.тенге/га.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет