Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады



бет14/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Білім беру

3.2 Өрт жағдайының анализі


Университет 600 орынға есептелген. Ғимаратта негізгі өрт ауртпалығын құрайды: жиһаз, маталар, бөлмелердің, холлдардың, көмекші аппаратураның және коридорлардың жасалуы.
Ағаш келесі өрт қауіпті қасиеттерге ие: - бұл жанғыш материал. Жану жылуы – (18731-20853) кДж/кг. Жанғыш көрсеткіші 2,1; тұтану температурасы 2550С, өздігінен тұтану температурасы -3990С. Жылулық өздігінен тұтануға қабілетті; өздігінен жану кезінде бықсу температурасы 295 0С, НКПРП –34 г/м3; жарылыстың максималды қысымы 520 кПа.
Ситетикалық алаша «Мимоза» (Швеция): жанғыш материал. Жалынның таралу индексі – 27,2.
Жүннен тоқылған алаша (80% жүн) «Вельвет» (Финляндия): жанғыш материал, биіктігі. Жалынның таралу индексі -10,8.
Ағаш еменді, жанғыш материал. Ылғалдылығы 8,9 % (масс); тығыздығы 600-700 кг/м3; жылуөткізгіштігі 0,35-0,81 Вт/ (м.К); жанып кету жылуы – (18221-19874) кДж/кг. Жанғыш көрсеткіші 2,1 артық; өздігінен тұтану температурасы – 3750С, өздігінен тұтануға қабілетті; бықсу температурасы - 2980С. Қызу көзінің әсерінен қорғау 1000С температурамен.
«Реверанс» матасы, жартылай жүнді, артикул 49278 (ТУ 17 РСФСР 42-85-22-76), жанғыш материал. Құрамы процент (масс): жүн 40, ацетохлорин 60. Жалынның таралу индексі 43,2.
Мата «Карбимид» талшығынан, жанғыш материал. Жалынның таралу индексі 5,1.
Синтетикалық заттардан жасалған бөлгіш материалдардың көп болуы, өртке қарсы қызметінің жеке құрамына ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуге бөгет жасайды. Пластмасса негізіндегі тауарлар бар болғандағы жану кезінде түтін түрінде жанудың улы өнімдерін көп мөлшерде бөледі, сонымен қатар жоғары ортакөлемдің температура да сипатты.
3.3 Жану таралуының сызықты жылдамдығын, от сөндіргіш құралдарды беру қарқындылығы мен түрін түсіндіру

Жану таралуының сызықты жылдамдығы – бұл уақыт бірлігінде берілген бағытта жалын майданының бағыттаушы қозғалысын көрсететін физикалық шама, м/мин.


Ол жанғыш материалдар күйі мен қасиетіне, жанғыш ауыртпалық пен жану температурасына, жылудың берілу жағдайына, өрт түрі мен орнына, жанғыш беттіктің орналасуына, жанғыш материалдың тұтану қабілеттігіне, ылғалдылық дәрежесіне, материалдардың беттік күйіне және басқа да факторларға тәуелді. Бөлмелердің үлкен ауданында жанғыштардың көп болуы өрттің тез таралуына жағдай жасайды. Статистикаға сәйкес, қоғамдық ғимараттарда сызықты жану жылдамдығы 0,8-1,5 м/мин жетеді.
Университеттің негізгі жанғыш материалдары болып табылады: ағаш, пластиктер, пенопласттар, қағаз және т.с.с.
Жанып жатқан материалдар мен заттарды сөндіру үшін суыту әдісін қолданған жөн. Суыту жылдамдығы от сөндіргіш заттар түріне, температуралар айырмашылықтарына және жылу қабылдау коэффициентіне тәуелді. Ең үлкен үдемелі беттікпен газдар мен сұйықтықтарды суытады. Ең тиімдісі жоғары жылу сыйымдылығы бар сұйықтықтарды қолданған жөн. Мұндай от сөндіргіш зат ретінде суландырғышы бар суды қолданады.
Су ең кеңінен таралған құралдардың бірі және өте әмбебап құрал болып табылады. От сөндіргіш зат ретінде судың жетістігін анықтайтын факторлар арзандылығы, жылусыйымдылығы, жоғары бкланы жылуы, химиялық нейтральдық және удың жоқ болуы болып табылады. Жақсы қозғалғыштық оны жеткізу мен суды транспорттау жеңілділігін қамтамасыз етеді тұтас ағыс түрінде.
Су әрекетінің негізгі от сөдіргіш тиімділігі суыту болып табылады, нәтижесінде зат тұтану температурасынан төмен суытылады, бұл жағдайда өрт ошағынан алынатын жылу сумен жұтылады және су буымен шығарылады. Оның жоғары температурасы 4,19 Дж/кг х град суға жақсы суытқыш қасиетті береді. Өртті сөндіру нәтижесінде буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу түзіледі) су әрекеттесуші затты араластырады. Судың буға айналуының жоғары жылуы (2236 кДж/кг) өрт сөндіру процессінде жылудың көп мөлшері жоюға мүмкіндік береді.
Төмен жылу өткізгіштік жанғыш материалдың бетінде берік жылу оқшаулағышын құруға мүмкіндік береді.
Судың жоғары термиялық төзімділігі (ол 1700°С кезінде оттегі мен сутегіге ыдырайды) қатты материалдардың көбін сөндіруге, кейбір материалдарды, булар мен газдарды ыдыратуға, аэрозольдерді жұтуға қабілетті.
Ол өрт сөндіру мақсаттары үшін жеткілікті, заттар мен материалдардың көбіне қатысы бойынша инертті, өте үлкен сыбайластыққа, қысылмауға ие. Өртті сөндіру кезінде суды компактты және шашыранды ағыстар түрінде қолданады.
От сөндіргіш зат ретінде судың негізгі жетіспеушілігі, жоғары беттік тартылудан (0,07275 Дж/кв.м) ол электрөткізгішті, ол қатты материалдарды нашар суландырады. Судың беттік тартылысы ондағы беттік-белсенді заттарды еріту жолымен төмендеуі мүмкін. Суландырғыштар қоспасы судың беттік тартылысын 36.4 Х 10 Дж/кв.м. дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Осындай түрде ол жоғары өту қабілеттігіне ие, осының әсерінен өрттерді сөндіруде үлкен тиімділік қалыптасады. Суландырғыштардың сулы ерітінділері су шығынын 30-50% азайтады, сол сияқты өртті сөндіру ұзақтылығын. Жануды тоқтату үшін суландырғыштар ерітінділерін қолдану қажет, олар оның қатыстық концентрациясы кезінде суландырудың үлкен уақытына ие.
Суландырудың оптималды уақыты 7-9 секунд қабылданған. Осы уақытқа сәйкес келетін суладыру концентрациясы оптималды деп аталады және өрттерді сөндіру үшін қолдануға ұсынылады.
Ең кеңінен таралған суландырғыш КТ-1 болып табылады, оның оптималды концентрациясы 0,035-0,045.
Өрттің табысты сөндірілуіне әсер ететін негізгі фактор от сөндіргіш затты беру қарқындылығы болып табылады. Суды беру қарқындылығы, уақыт бірлігінде берілетін жану беттігінің бірлігімен түсіндіріледі.
Тәжірибелерді жалпыландыру, өрттерді сөндіру практикасының, ҚР ТЖМ жарлықтары негізінде қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру үшін суды беру қарқындылығын 0,1л/кв. м х с деп қабылдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет