Кіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері



бет5/16
Дата20.05.2022
өлшемі382 Kb.
#458134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
kur -bastauysh-mektepte-matematika-paninde-aqparattyq-tehnologijalardy-paydalanu

Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім).
Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінде немесе жаңа, төртінші деңгейде ұсынылатын бағдарламаларға қарғанда мазмұны едәуір тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі: оқудың жалпы ұзақгығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген); ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже, екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім туралы, Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді қажет етеді.
Ақпараттандыру дегеніміз мемлекеттік үкімет органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың құқықтық сұранысын қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызатын ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық процесс. Сондай - ақ, ақпараттандыру сол ресурстарды пайдалану және қалыптастыру процесі болып есептеледі.
Ақпараттандырудың даму заңдылығы - әлеуметтік кеңістіктегі, оның технологиялық білімдерін дамыту және жетілдіру. Білім беруді ақпараттандыру - Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық процестерді ақпараттандырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Оқытуды жетілдірудегі болашақ мамандар анықтаған білім мен дағдылар, болашақта қоғамды дамытудың даму жолдарын жетілдіруге көмектеседі және пайдасын тигізеді.
Білім беруді ақпараттандыру өз кезегінде экономиканы, мәдениетті және ғылымды жедел дамытудың аса маңызды буыны және негізгі көзі болып табылады.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтың дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны - алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
1997 жылдың 16-қыркүйегінде мемлекет басшысы Резиденсиясында Елбасының білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына қол қойған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөзінде бұл бағдарламаның қабылдануын сол кездің өзінде-ақ біздің еліміздің бюджеті үшін өте қымбат шешім деп атаған еді, бірақ, сонымен қатар: «Бізге бұдан да өте қымбатқа түседі, егер біз Қазақстанның келешегі-өскелең ұрпақтың сапалы білімі туралы ойламасақ» -деп атап көрсетті.
Білім жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған Концепциясы Үкіметтің қаулысымен бекітілді, онда оның негізгі бағыттары анықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4, 3, 1,9-тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайтын «Білім» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту, мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу;
Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу: дистанттық білім беруді дамыту;
Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең-кезеңмен интеграциялау.
Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі. Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла, А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде - Қазақстан Республикасының білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық жүйе ретінде қарастыруға болады.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бүл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Білімді ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жүмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет