Кіріспе Биотехнология дегеніміз



бет4/4
Дата09.10.2024
өлшемі32.45 Kb.
#504505
1   2   3   4
stud.kz-81758

Қорытынды
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндірісжасушалық инженерия жөне гендік инженерия. Клондық микрокөбейту деген өсімдіктердің оқшауланған мүшелерін, ұлпаларын және клеткаларын пайдаланып, өсімдік организмдерінің жаппай жыныссыз жолмен көбеюі. Дағдылы тәсілдермен салыстырғанда клонды микрокөбейтудің бірталай артықшылықтары бар: 1) генетикалық біртекті отырғызылатын материалдар алу; 2) көбею коэфициентінің өте жоғарылығы; 3) микрокөбейту вирустар мен патогендік микроорганизмдермен сауықтырылған көшеттер алуға мүмкіндік береді.; 4) селекция процесінің жылдамдығы; 5) вегетативті жолмен көбейе алмайтын өсімдіктерді көбейтуге болады; 6) жұмысты жыл бойы жүргізу мүмкіншілігі; 7) отырғызылатын материалдарды өсіретін егіс алқабын үнемдеуге болады.
Клондық микрокөбейтуге әсер ететін факторларға: генотип әсері, эксплант түрі, алынатын өсімдік мүшесі, қоректік орта, жарық және температура, су алмасу факторлары жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Г.Ж. Уәлиханова ., «Өсімдік биотехнологиясы»., Алматы ,- «Дәуір» 2009.
2. Уиллиам Дж. Иман, Майкл А. Палладино. Биотехнологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
3. Х.Ә.Аубакиров. Биотехнология. – Алматы, 2011.
4. Б.Қ.Заядан, Г.Өнерхан. Тағам биотехнологиясы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2011.
5. А.С.Кистаубаева. Өндірістік биотехнология негіздері. – Алматы: «Қазақ университеті», 2013.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет