Кіріспе бөлімі Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы



бет3/3
Дата10.06.2016
өлшемі326 Kb.
#126491
1   2   3

Әр турлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан ба-ланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мумкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.

Нәтижелі шығармашылық қызмет принципі.

Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол ушін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

Экологиялық принцип. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыруы, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.



Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауы жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл әрине мүғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.

Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып бағдарламаны жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің бастауыш буынындағы оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай тумақ. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар: баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінінің, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуы қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті. Ең басты көңіл аударылатын мәселе - бул баланың денсаулығын сақтау. Баланың ақыл-ой резервтері мен мүмкіндіктерін асыра бағалап алмай, оларды дамытуға лайықты қарым-қатынас әдістерімен қарулану.



Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, оны жүзеге асыру үшін мектеп жағдайында әлде де болса, бірнеше мәселелердің шешімін табу міндеттері туындайды:

Біріншіден, мектеп мұғалімдерін қайта дайындау. Оларды теориялық тұрғыдан да, әдістемелік түрғыдан да қаруландыру. Бұл тұрғыдан Республикада азды -көпті жағдайлар жасалуда. Әсіресе, эксперименттік мектептер мұғалімдері соңғы 3 жыл ішінде бірнеше рет дайындықтардан өтті. Бұл жағынан Республиканың бүкіл облыс орталықтарының және эксперименттік сыныптары бар аудандары мен ауылдарындағы мұғалімдердің бәрі дерлік авторлар қауымымен тікелей кездесіп, бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында өз пікірлері мен ойларын еркін ортаға салу дәрежесіне жетіп отыр. Олар алты жасар балалармен жұмыс істеудің біраз ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес.

Екіншіден, мұғалімдер қауымын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Бұл турғыдан да біраз мәселе бастауыш сыныптарға байланысты жасалды. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешендер дайындалды. Осы тұста айта кетерлік жағдай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының "Мектепке дейінгі және бастауыш білім" кафедрасының бір топ оқытушылары 12 жылдық білімнің бастауыш буын стандарты, бағдарламасы, оқулықтары және оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде көптеген ғылыми әдістемелік еңбектер беріп қана қоймай, Республика бойынша келешекте жаңа жүйемен жұмыс істейтін мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан дайындау ісіне белсенді түрде атсалысып отыр.

Үшінші, яғни 12-жылдық білімге көшудегі басты мәселелердің бірі-оқушыларды керекті оқу құралдарымен қамтама-сыз ету. Бұл мәселе бойынша әр сыныптың әр пәніне арналған оқулықтар мен оқушыларға арналған дәптерлер берілді. Бірақ, мұнымен оқу әдістемелік кешендер қамтамасыз етілді деп қарау қиын. Себебі, әлде де болса оқу ісін күшейтуге, білім берудің тиімді жолдарын іздестіріп, белсенді әдістерді қолдануға жол ашатын көмекші көрнекі құралдар жеткіліксіз.

Бұрынғы кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның киностудиясының көмегімен талай оқу фильмдері, диафильмдер әр пәннен жарық көрген болатын. Қазір олар оралмасқа кетті, тозды, мазмұны ескерді т.б.

Ал осы таңда, бейнелі суреттер, таратып беретін дидактикалық материалдар, қазақ тілінде лотолар (зоологиялық, био-логиялық т.б.), диафильмдер мен кино-фильмдер, хрестоматиялар шығаруға көңіл бөлінбей отыр. Оқу кешеніне оқулықпен бірге дәптер, әдістемелік нұсқау, ең жақсы деген жағдайда, кейбір пәндерден хрестоматия берілсе, соған қанағат етудеміз. Білімге аямай қаржы бөліп отырған жағдайда керекті құралдарға мұндай немқұрайлы қарауға болмайтындығы белгілі. Сондықтан да, бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі тарапынан көңіл бөлінуге тиіс деп ойлаймыз.

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (1 наурыз, 2006) төртінші басымдық білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру жәнет.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.

Қазір өркениетті елдерде білім берудін, аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұлғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.

Ғылыми-зерттеу барысында Еуропа елдерінде бастауыш білім берудің сапасының жоғары екенін байқадық. Еуропа елдерінде бастауыш білімді неғұрлым ерте жастан бастауға, балаға өмір сүру дағдыларын меңгерту ұстанымдарына басымдық беріліп, ал шет тілдерін екінші тіл ретінде кешірек оқыту ойластырылуда.

Жапония, Корея, Сингапур сияқты Шығыс елдері математика пәнін меңгеруден алдыңғы қатардан көрінуде. Австралия елдерінде кіші жастан көптілділік пен көпмәдениеттілік тәрбие беру өмір салтына айналған. Американдықтар балабақшада және бастауыш мектепте еркіндік пен тәртіп арасын теңестіруге тырысады. Олардың от басындағы бағаланатын құндылықтар мектепте жалғасын табады. Атап айтсақ, балалардың ақыл-ой жағынан аса жоғары дамыған болуы, тәуелсіз болуы, әр нәрсені білуге құштарлығы, ұшқыр қиялды, жақсы сыпайы мәнерінің қалыптасуы, әлеуметтендірілген, ынтымақтасуға дайын болуы жәнет.б. идеяларын қалыптастырады. Кіші жастан балаларды сөз бостандығына, өз пікірін, өз ойын айтуға, өз сөзін қорғауға уйретуге басты назар аударылып, сабақта өте көп сұрақтар қойылады, олардан өз сезімдерін әртүрлі айтулары сұралады. Мектептің алғашқы сатысынан бастап-ақ қазіргі американдық саяси жүйе бойынша сабақтар көптеп ұйымдастырылады. Мұғалім сабақта шығарманың, ойтолғаудың бағытын ғана анықтап береді, одан әрі оқушылар өз ойларын жеткізу түрлерін өздері таңдап, пікір сайыс, талқылаулар, рөлдік ойындар түрінде өткізеді. Пікір талас нәтижесі алдын ала жобаланбайды, оқушылар өздері бірлесіп айқындап, әр оқушы өзінше орындап, өз пікірлерінде қалады. Америка мектептеріндегі сұрақтар тасқыны, креативтілікті, ойлау қабілетін дамытады.

Америкада қазіргі ең белгілі оқыту әдісі- құрандылық жол (конструктивистік подход) кең тараған. Бұл әдістің тиімділігі бала өз қолымен жасағанды, ұзақ есте сақтайды, баланы өз қолымен білімге жетуге үйретеді. Ғылыми жобалау бағыты құрылған: балалар қандай эксперименттер көмегімен өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алатынын өз бетінше ойлап табады, берілгендерді сараптайды, қорытындылар жасайды, келесі проблемаларды айқындайды. Ал үлкендер (мүғалім, ата-ана, бекітілген ұстаз және т. б.) жолын айтады, кеңес береді, қауіпсіздігін бақылайды, бірақ дайын шешуін бермейді. АҚШ-та "негізгі өмірлік стратегиялық дағдыларды меңгеру "тұжырымдамасына негізделіп, бастауыш мектептегі бағдарламаны реформалау жүргізіледі. Олардың базалық мазмұны ең қажет деген оқу, жазу, есептеу, дағдыларын берік меңгеруді, АҚШ-тың әлеуметтік-саяси құрылысы туралы ілгері түсініктер қалыптастыруды, қоғамдық мораль мен мінез-құлық нормаларын, география, табиғат және оны қорғау туралы түсініктерді қарастыра-ды. Элективті курстар (таңдауы бойынша) ерте жастан орта сатыдағы білімге енуге дайындық база ретінде ойластырылған.

Жапонияда баланың жалпыға ортақ білімді меңгеруге және жеке қабілеттері, бейімі, мүдделері бойынша алынатын диверсификациялық білім беруге көңіл бөлінеді. Онда білім беру жүйесі демократиялық сипаттарға ие: қоғам мүшелерінің білім алудағы теңдігі, мектеп жүйесінің орталықсыздандырылуы, білім беру жүйесінің барлық сатыларының бір-бірімен сабақтастығын қамтамасыз ететін ашықтығы, оқу үрдісінің еркін, шығармашыл ойлап, жұмыс істей алатын адам қалыптастыратын сипатта ұйымдастырылуы. Бастауыш мектепте (1-6 сыныптар) жапон тілі мен арифметикаға оқытуға уақытының негізгі бөлігі берілген. Қалған уақыттарында жаратылыстану, қоғамтану, музыка, адамгершілік сабақтары, дене тәрбиесі, көркемөнер, қолөнері оқытылады Сонымен бірге, "өмір тура-лы" (сейкацу) интегративтік бағдарлама бойынша жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тығыз байланыста варитивті түрде оқытылады.

Қытайдағы бастауыш мектепте баланы дене жағынан, интеллектуальдық, моральдық, эстетикалық тұрғыдан дамытуға, тән саулығы мен ақыл-ойын тәрбиелеуге жағдайлар жасауды міндеттейді.

Қытайда бастауыш мектепте оқу жоспарының жаңа құрылымында мектептегі пәндердің кешенді жүйесі жетекші рөл атқаратындығына бағдарланған.

Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды:

- ойын арқылы оқытуға басымдық беру;

- оқушының өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту;

- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту;

- оқытуға ақпараттык, және коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.

Ж.Аймауытовтың пікірінше оқыту - білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөнінде түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әртүрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге, өзінің ісіне өзі жауап беруге кіші жастан дағдыланады.

З.И.Калмыкова "Жеке басты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті оқу, білім алу. Сондықтан, баланың дамуы оқу барысында болмақ "-деп пікір айтқан.

Л.С.Выгодский - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айта келіп, бірінші зона - бүгінгі қолы жеткен сатысы, екінші зона – оған жақын түрған зона, олардың бұрында алған білімдерінің негізінде оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажеттігін алға тартады.

Ауыл мектебінің бастауыш сатысындағы оқыту процесінде білім беру іс-әрекет түрінде

жүзеге асырылып, өмір дағдыларына қалыптастыру, шығармашылықпен жүмыс істеуге,

балалардың өздерінің ізденуіне, зерттеу және тәжірибе жүргізуге бағыт беруі қажет.

Мұғалім белгілі іс-әрекетке оқушыларды ынталандырып отырады.

Леонтьевтің парадигмасы бала психологиясы дамуындағы төмендегідей генетикалық

сабақтастықты айқындайды:

- сезімге байланысты қарым-қатынас (жаңа туған балада);

- манипулятивтік іс-әрекет (ерте балалық шақта);

- ойын (мектепке дейінгі кезеңде);

- оқу (кіші жастағы оқушыларда);

- қарым-қатынас (жас өспірімдерде);

- оқу-кәсіптік (жоғары сыныптарда)

-2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізілді. Онда мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойын-ша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1 -сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінін, міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған. Дегенмен, ауыл мектептері оқушыларының білім жетістіктері қала мектептері салыстырғанда төмен екендігі байқалған.

Ауыл мектебінің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

- диалогтық: қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мүғалім - оқушы, оқулық - оқушы, оқушы - оқушы);

- эвристикалық: өз бетінше іздену, іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;

- зерттеу: объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау;

Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік - дамытушы, баланың жеке сапаларын кең салада қалыптастыруға өте қажет болып отыр. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, оқушының танымдық , шы-ғармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыдағы баланың жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мүғалімдерден білім-тәрбие алу, түрлі кітаптарды оқу болады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып , білу. Баланың қызығушылығын арттыру үшін: назарын аудару, еліктету, білуге ұмтылу, өзіне-өзі сенімді болу, тең қарым-қатынас жасауы қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс-әрекет: пәндік, ойын, оқу, қарым-қатынас, бейімделу. Бұнда білім, білік, дағды бірінші орында. Базалық деңгейде білімді меңгеру - ойға тоқу, қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек, сонда оның ой өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.

Ауыл мектебінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын жетілдірудегі проблемалар айқындалды:

- бастауыш сатыдағы оқу процесін ұйымдастырудың бір сарындылығы. оқытудың қазіргі технологияларын тиімді қолдану және оқыту әдістерін іс -әрекеттік тұрғыда жетілдіруде, нәтижеге бағдарлап оқытуда түсінбеушіліктің болуы қиындықтар туғызуда.

- мұғалімнің қазіргі технологияларды өзі оқып үйренуі үшін оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі;

- білімін көтеру мақсатында арнаулы курстардың аз ұйымдастырылуы, сонымен бірге семинарлардың өз дәрежесінде өткізілмеуі;

- мұғалімнің қазіргі технологияларды тиімді пайдалануды, оқыту әдістерін іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруді, нәтижеге бағдарлап оқытуды өзі меңгеріп, оны одан әрі дамытып, нәтижесін тексеруге толық дағдыланбауы ;

Сонымен бірге, оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға, қорытынды жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу қажет.

Мектептің материалдық базасын оқушыларға қажетті қазіргі талапқа сай көрнекі және техникалық , оқу-әдістемелік құралдармен және балалар әдебиетінің жаңа басылымдарымен толықтыру қажет.

Қорыта айтқанда, өркениетті елдер мен отандық тәжірибеде ауыл мектептерінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, одан әрі жетілдіру арқылы еліміздегі оқушылардың білім деңгейін бәсекеге қабілетті елдердегі білім деңгейіне көтеруге болады.

Қазіргі жалпы орта білім беру жүйесі өтпелі кезең қасиеттерімен сипатталады. Себебі оның бойында бұрынғы жүйеге тән кемшіліктер мен сол кемшілікті жою бағытындағы жаңа бастамалар қатар кездеседі.

Бұрынғы орта білім жүйесінің негізгі сипатын үздіктерге, озық тәжірибелерге бағдарлану; эксперименттік бағдарламалардың енгізілуі, оқу-материалдық базаның нашарлауы және біртекті бағдарлама құраса, білім сапасының көрсеткіші ретіндс мектептегі бірнеше таңдаулы мұғалім; түрлі конкурстар жүлдегерлері; нәтижені ішкі бағалау болып келді. Өтпелі кезеңнің жалпы орта білім жүйесінің негізгі ұстанымы барды сақтау, оны жетілдіру, серіктестерге бағдарлану, барша үшін жоғары тиімділіктегі педагогика болып отыр. Сонымен қатар білім беру үрдісінде нәтижені іштей және сырттай бағалаудың қатар жүргізілуі, жергілікті оқу жоспарын құрастыру мен бағалау жүйесін жетілдіру бағытында ізденіс жмыстарының қарқынды басталуы өтпелі кезеңнің орта білім жүйесінің сипатын толықтыра түседі.

Жаңа заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты оқушыларда басты құзіреттіліктердің қалыптасуы, яғни балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, олардың бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қапыптастыру.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттер жүктейді:

оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субьектісі ретінде тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие субъектілері арасындағы пайдалы диалогтық "тең дәрежеде" жүргізуге негізделген ынтымақтастық педа-гогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру. Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастыларының бірі - 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 1 1 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық түрғыда жаңғырып өзгеруі, қайта қалыптастырылуы. 12-жылдық оқыту мерзімін енгізудегі негізгі мақсатты анықтайтын факторлар бар. Олар: білім беру парадигмасының өзгеруі, (бұрын ең жақсы оқушы терең білімді, тәртіпті болса жарайтын болса, қазір бұл талаптарға қоғамдық белсенділік, әлеуметтік бейімделу, өз бетінше білім алу сияқты қасиеттер қосылып отыр)

- білім сапасын арттыру қажеттілігі, (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы пән бағдарламаларына өзгеріс енгізу, нәтижелі білім беру тактикасын басшылыққа алу, оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру)

- оқушылардың денсаулығын сақтау, (апталық жүктемені жеңілдету, пән мазмұнын оқушының физиологиялық, психологиялық ерешеліктеріне сәйкестендіру т.б)

- оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді.

12 жылдық жалпы білім беретін мектеп - бұл негізгі сатыда бейіналды оқыту (оқушыларды кәсіби бағдарлы оқуға дай-ындау мақсатында) және жоғарғы сатының 12 сыныптарында беиіндік оқытуды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.

Жоғары сыныптарында оқушыларда бейіндік оқыту мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді. Біріншіден, бұл материалдық-техникалық базаны бейіндік оқыту талаптарына сәйкестендіру; екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден, педагог кадрларды арнайы даярлықтан өткізу, төртіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен тусіндіру жұмыстарын өткізу. Жоғарыда келтірілген мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын алдын-ала жүргізгенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізе алмақпыз.

Жоғары сыныпта бейінді таңдау үшін, оқушы ең әуелі өз қабілетін сынап, бағытын анықтап алуы керек. Яғни, оқушы негізгі буында өз бетінше кәсіби бағдарын анықтауы керек. Осы арада төмендегідей сұрақтар туындайды. Оқушының қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін ескеру үшін оқу үрдісі қалай ұйымдастырылуы керек? Қазіргі қолданылатын оқу үрдісінің қай бөліктерін дамытып, қайсысынан бас тарту керек? Бейіналды дайындықтың құрылымы неден түруы керек? Бейіндік оқытуға көшу жағдайында оқу жоспарын қалай құру керек?

Бейіналды дайындықты ұйымдастыруда ең әуелі мектептің ресурстық мүмкіндігі зерделенуі керек, содан кейін базалық оқу жоспарын оқушыларды кәсіби бағдарлы оқыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін анықтау қажет.

12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасына сәйкес республика мектептерінде бейіналды оқытуды үш негізп бағыт бойынша жүргізу жоспарланып отыр. Ол мектептің ұсыньісы бойынша таңдау курстарын оқыту, ақпараттық жұмыс және кәсіби бағдарлау орталықтарының диагностикалық және кеңес беру қызметінен тұрады. Бейіналды оқытүдың негізгі мақсаты оқушылардың қабілеітері мен білім деңгейіне сай болашақ мамандығын таңдауына көмек беру, қолдау жасау. Қазір мектептерде оқытылып жүрген тандау курстары негізінен бір ғана мақсатта оқушы шығармашылығын дамытуға немесе белгілі бір пәннің мазмұнын тереңдетуге ғана бағытталган. Ал бейіналды оқытуда берілетін таңдау курстары оқушы танымын, шығармашылығын дамытуды, белгілі бір кәсіп саласы туралы мағлұматтар берумен қатар нақты кәсіби дағдыларды игеру барысында оқушының өз таңдауының дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізуге көмектесетіндей болуы шарт. Осыған орай біз қолданыстағы таңдау курстарының мазмұнын, оқыту технологияларын толығымен қайта қарап, жаңа талаптарға сай қайта дайындауымыз қажет.

Бейіндік және бейіналды дайындық -бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын саналы таңдауға дайындау жүйесінің екі басты бөлігі. Бейіндік оқыту 11 жылдық мектеп жағдайында негізінен гимназия, лицейлерде ғана жүргізіліп келді. Бұл мектептердегі оқу жоспарын шартты түрде басты үш бөлікке бөлуге болады.

1 -бөлік - жалпы білім беретін базалық пәндер (мемлекеттік міндетті стандарт аясында оқытылатын пәндер жиынтығы);

2-бөлік - жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытылатын пәндер (белгілі бір бейін бойынша бағдарлы пәндер жиын-тығы);

3-бөлік - таңдау принципі бойынша оқытылатын міндетті элективті курстар.

Бірінші екі бөліктің мазмұны мемлекеттік стандарт деңгейінде анықталады. Ал соңғы бөлік мазмұны оқушылардың таңдауына сәйкес мектептің ресурстық мүмкіндігі аясында шешіліп жүр. Соңғы жылдары оқушының өзіндік танымын дамыту мақсатында олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлінуде. Бірақ бұл шараға барлық оқушы тартылмай, дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы аясында шектеліп отыр. Ал, 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасында оқушының жеке ізденушілік мәдениетін қалыптастыруға нақты орын берілуі көңіл қуантарлық жағ-дай. Яғни, 12 жылдық мектепте оқушының жеке ізденушілік және шығармашылық да-муын қамтитын оқу жоспарының төртінші бөлігі міндетті болады Оқушының ізденушілік мәдениетінің ерте бастан қалыптасуы - оның өз бетінше білім алу нәтижелігінің кепілі болмақ.

Оқу жоспарының осы төрт бөлігін түрлі мазмұнда жинақтау барысында әрбір мектептің жеке оқу жоспары қалыптасады. Жоғары сыныптарда оқу жоспарының жылжымалы (вариативті) бөлігімен қоса "технология" пәніне бөлінген сағаттарды элективтік курстарды оқытуда қолдану мүмкіндігі бар. Бұл курстар өңірлік және мектептік деңгейде құрастырылып, сарапталады.

Элективті курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді:

1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;

2. Болашақ мамандықтың ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерді орындауы барысында осы ма-мандық иесі ретінде өзіндік сыналуына жағдай туғызу;

3. Оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекеін қалыптастыру;

4. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;

5. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау;

6. Оқушының білімге деген құштарлығын жоғары дәрежеде дәйектеу мақсатында, бала бойындағы қызығушылықты, шығармашылық шабытты жандандыру.

Мысалы, жаратылыстану-математика бағытының жаратылыстану - ғылыми бейіні бойынша:

- Химиялық анализ теориясы және тәжірибе;

- Экологиялық практикум;

- Тіршіліктің химиялық негіздері;

- Генетика және медицина; Биологиялық зерттеулердегі статис-

тикалық әдістер:

- Қала экологиясы сияқты таңдау курстарын жүргізуге болады. Курстардың тақырыбынан олардың өңірлік, жетімділік, таңдау және даралау қағидаларын басшылыққа ала отырып таңдалғанын көруге болады. Өңірлік сипат - жергілікті жерге қатысты материалдар (экология мәселелері) мен облыстың еңбек рыногындағы мамандықтарды (өнеркәсіпті аймаққа қажет эколог, химик-технолог, генетик) қамту. Таңдау және даралау - оқушыға курстар тізбесін ұсыну арқылы оның өз қабілеті мен болашақ, мамандығына сәйкес таңдау жасауына мүмкіндік туғызу. Қол жетімділік қағидасы - курстардың ауыл, қала оқушыларына бірдей дәрежеде берілу мүмкіндігінің ескерілуі. Оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы бейіндік оқыту. Себебі, бейіндік оқыту барысында басты мақсат оқушының қабілеті мен бейіміне сәйкес оның білімге сұранысын жан-жақты қанағаттандыру.

12 жылдық білім беру жүйесіне жаппай көшкен кезде бейіндік оқытуды жүргізуге біздің мектептеріміз қаншалықты дайын, міне, осы мәселені біз үнемі назарымызда ұстап, оң шешімін қазірден бастап қарастыруымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз, 2006.

2. Парамонова Л.А., Протасова Е.Ю. Дошкольное и начальное образование за рубежом: история и современность. - Москва, Издательский центр "Академия", 2001.

3. Сакенова Е.Н. Современные тенденции совершенствования образовательного процесса в начальном звене. - Открытая школа, №2, 2005.

4. Жұмашева Т.С. Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында қолданудың ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.

5. Жұмабаева Ә. Қазақ тілін дамыта оқытуда әңгіме әдісін қолдану. «Бастауыш мектеп»№11-12. 2006ж.

6. Құдабаева Қ. Білім берудің бағыттары. «Бастауыш мектеп»№7. 2006ж.

7. Аймағамбетова Қ. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп»№2. 2007ж.

8. Ералиева М. Ауыл мектебінің бастауыш сатысында оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру. «Бастауыш мектеп»№10. 2006ж.

9. Тойбазарова Н. Грамматикалық ұғымдарды дамыта оқыту технологиясын педагогикалық психология тұрғысынан тану негіздері. «Бастауыш мектеп» №7. 2006ж.

10. Ауесхан А. Бейіндік оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы. «Бастауыш мектеп» №. 2006ж.

11. Буняев М. Подготовка учителя – решение проблемы информатизации //Информатика и образование. 1991. №4. Стр.93-95

12. Қараев Ж. Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе. Алматы. Рауан. 1992. 90-101

13. Жүнісжанова А. Оқыту әдістері туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы. «Бастауыш мектеп»

14. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: 2006.-170 бет

15. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Дидактические основы обучения в высшей школе: Учебное пособие. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина. – Алматы,2000 г., 178 с.

16. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. Оқу құралы. – Алматы: ғылым, 2006.-280 бет.

17. Қалиев ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., О.Төлегенов. Қазіргі қазақ тілі: Жаттығулар жинағы (Көмекші оқу құралы). - Алматы: «Ана тілі», 1997-328 бет

18. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2001. – 192 бет, суретті.

19. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнінде таңдамалы пікірлері. Алматы, 195/, 72-бет.

20. Рахметова Р. Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту. Алматы, 1978.

21. Обучснис русскому языку в YII-YIII классах. Мосқва, «Просвсщснис» 1983.

22. Тсқучсв А.В. Мстодиқа русскога языка в среднсй школе. Москва, «Просвещение», 1980.

23. Балақаев М.Б. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965.

24. Из истории слов и словарей. Лснинград, 1963.

25. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі . Морфология. Алматы, 1964.

26. Горшков А.И. История русского литсратурного языка. Москва, 1965.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет