1.3 Ластанудың шекті рұқсат етілген шоғырлануы
Мұнаймен ластанған топырақтарды тазартудың физикалық, химиялық, биоигиялық тәсілдері және оларды шешудің проблемалары қарастырылған. Мұнай және тұзды жер асты ыза суларының топырақты ұзақ мерзімде ластауы жер құнарлылығының күрт төмендеуіне алып келді. Осындай жерлерді қалпына келтіру мен қорғау аса өзекті мәселе болып табылады. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануының қолайсыз зардаптарын барынша азайту үшін өндіру технологиясы мен оның тасымалдау ережелерін қатал сақтау қажет.
Қазіргі таңда мұнаймен ластанған топырақтарды рекультивациялау жеткілікті дәрежеде ғылыми негізделген түрде жүргізілуде. Топыраққа төгілген мұнайдың зардаптарын жою жолдары топырақтың құнарлы қабатын қайтымсыз өзгерістерге душар етеді. Мысалы, мұнайды жағу, ластанған топырақтарды үйінділерге жинау. « Рекультивациялаудың » мұндай әдістері мүлдем тиімсіз болып келеді. Механикалық және физикалық әдістер мұнай және мұнай өнімдерін топырақтан толық аластата алмайды. Себебі мұнайдың топырақтағы табиғи ыдырауы биохимиялық процесс. Мұнаймен ластанған топырақтарды микроорганизмдермен тазарту негізінде екі жолмен жүргізіледі.
1. Ортаның физика - химиялық жағдайларын өзгерту жолдарымен топырақтың табиғи микрофлорасының метаболикалық белсенділігін көтеру.
2. Ластанған топырақтарға арнайы таңдап алынған белсенді мұнай ыдыратушы микроорганизмдерді ендіру. Келтірілген әдістер бірқатар ерешеліктерімен сипатталады. Оларды іс жүзінде ендіру техникалық және экологиялық қиындықтарға душар етеді. Агротехникалық амалдардың көмегімен мұнаймен ластанған топырақтағы мұнай мен мұнай өнімдерінің ыдырауын жиі жыртып, қопсыту арқылы күшейтуге болады.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің микробиологиялық ыдырауын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - температура. Топырақтың оңтайлы температурасы арасында орын алады. Аридтік зонада орналасқан топырақтардың мұнайдан өздігінен тазалану қарқыны гумидтік зонадағыға қарағанда айтарлықтай жоғары болып табылады. Сонымен қатар топырақтың ылғалдылығын сақтау, негізгі агротехникалық тәсілдің бірі болып саналады. Ол қолайлы су режимін топырақты суару арқылы ұстап тұрады. Мұнаймен ластанған топырақтарға тарамдалған тамыр жүйелері бар люцерна және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктерді егу көмірсутектерінің ыдырауын тездетеді. Көп жылдық өсімдіктер өздерінің дамыған тамыр жүйесімен ластанған топырақтардың газ ауа режимін жақсартады. Өздерінің тамыр жүйесімен азот және биологиялық белсенді қосылыстарымен байытады. Бұл өз кезегінде микроорганизмдердің мұнай мен мұнай өнімдерін ыдыратуын тездетеді. Сонымен өсімдіктердің өзі де әр түрлі кластағы мұнай көмірсутектерін ыдыратады. Агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып, көп жағдайда ортаның физика - химиялық қасиеттерін өзгерте отырып, мұнай мен мұнай өнімдерінің ыдырауын тездетуге болады. Топырақтардағы көмірсутектердің ыдырауы көп факторларға байланысты, сондықтан әрбір нақтылы жағдайға нақты агрохимиялық шаралар жасау қажет. Бұл шараларды ортаның физика химиялық жағдайына байланысты микробиологиялық, биохимиялық және агротехникалық кешендер негізінде жүргізілуі керек. Мұнай мен ластанған топырақ экожүйесін қалпына келтіру күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс. Бұл қатаң ғылыми негіздерге сүйенеді. Айтып кеткендей, мұнаймен ластанған топырақтардың құрамы өзгереді. Топырақта қорғасын, никель, титан, молибден мен кобальттың және тағы басқа металдардың шамадан тыс жинақталуы экологиялық жағдайды күрделендіріп, адамдарға ауру тудырады. Ластанған топырақтарды қалпына келтіру жұмыстары - химиялық элементтердің уыттылығын басуға бағытталған. Мұнайдың бүлдіру және топырақ жабынының тазару жылдамдығы біршама дәрежеде микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы климатқа тығыз байланысты. Мұнай газ кен орнындағы қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының табиғи жағдайларында саңырауқұлақтар, негізінде Penisilium, Aspergillus қалыптасады. Кәсіпорындарда ластанған топырақтарды тазартудың механикалық түрін қолданып, мазуттанған топырақ массасын бульдозермен ысырып, палигонға тасудың тиімділігі шамалы. Себебі ол топырақ жабынының толық жойылуына әкеп соғады.
Дүниежүзілік тәжірибе мұнаймен ластанған топырақтарды микробтармен тазартудың тиімділігін дәлелдейді. Ал, “Оксидентал кимикл” (АҚШ), “Бейстритент” (Англия), “Биадетакс” (Германия) сияқты әйгілі фирмалар мұнаймен ластанған жер бетін микрбпен тазарту әдістерін кеңінен қолдануда. Мұнайды тазартуға арналған “Биоструктур”, “Путидол”, “Гидробак” сияқты препараттары жасалынды. Қазіргі таңда Қазақстан микробиологтары бірқатар жаңа штамдарды зерттеп, оларды бөліп алып практикада қолдануға нұсқау берді. Мұнаймен ластанған топырақтарды тазалаудың микробиологиялық әдістерімен қатар мұнай өндіруші кәсіпорындарда табиғи және жасанды мұнай сорбенттерін жете зерттеп енгізудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |