Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы


Төрт ноқатты бұршақ қоңызы



бет19/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Төрт ноқатты бұршақ қоңызы– Bruchus pisorum L. Қатты қанаттылар отрядының дәнек қоңыздар тұқымдасына жатады.
Денесін тотық түсті түктер басқан қара қоңыз. Ұзындығы 4-5 мм. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденең ұзындығынан 2 есе артады. Үстінгі қанаттарында ақшыл дақтармен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы(пигидий) қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.Личинкаларында аяқ болмайды, жуан денелі, ұзындығы 6 мм жетеді.
Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Солтүстік кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған.
Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді.Көбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады.
Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жпырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздардың жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалыңқы. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбриондық дамуы 6-10 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Бір дәнге бірнеше личинка кіруі мүмкін, бірақ олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды.
Личинкамен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1,5-2 айға созылады. Қуыршақтанар кезде личинка дәннің керегісін іш жағынан кеміріп, беті жұқа қабықшамен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы «терезе» арқылы сыртқа шығады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады.
Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75 % дейін төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толы болады.
Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген учаскіде оларды аз дегенде 2-3 жылдан соң ғана қайталап егу керек. Бұршақ дәнді дақылдар егісінкөпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егісінен қашықтау учаскіге орналастыру қажет. Өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту тиімді.
Жерге себілген тұқымды және жаңадан шыққан егіс көгін топырақты мекендейтін көп қоректі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан қорғау үшін себер алдында тұқымды ТМТД-мен 80%с.ұ. немесе фентиурамен 65с.ұ. молибдатпен қоса өңдейді.
Көктемде бұршақтың көгіне зиян келтіретін бізтұмсық қоңыздарға және басқа зиянкестерге қарсы күресте мына препараттардың біреуін қолданады: фосфамид 40% к.э(0,5-1 л\га), вофатокс 30 % с.ұ. (0,35-0,7 кг\га).
Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті инсектицидтермен 2 рет өңдейді. Ең алдымен бұршақ гүлденер алдында егістің көлденеңі 50- 100 метрлік шет жиектерін, одан кейін 10 күн өткен соң егісті тұтас бүркіп өңдейді. Ол үшін карбофос 50%(0,5-1,2 кг\га), немесе вофатокс 30% с.ұ. (0,35-0,7 кг\га) пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет