Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет15/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Бақылау сұрақтары:


  1. Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз.


  2. Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндылығы.


  3. Қызылша бүргесіне қарсы қандай күресу шараларын қолданады?


  4. Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндылығы.


  5. Қызылша бізтұмсығымен күресу шараларын атаңыз.


  6. Қызылша қандаласының биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Күресу шаралары.


  7. Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Онымен күресу шаралары.





Дәріс10-11

Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
Жоспар:
  1. Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері


  2. Көкеніс және бақша дақылдарын қорғау шаралары


Түсініктеме


Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан.Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері,бұзаубас,кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары ,шырыштар (ұлулар).Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар ,қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы).
Шыбынның түсі қара,жылтыр,басы қоңырқай қызыл,төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар,мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті.Қанаттары түссіз,жасыл реңді болып келеді.Денесінің ұзындығы 4-5 мм.Дернәсілдері жұқа,жылтыр ,қоңыр сары түсті.Денесінің ұзындығы -7мм.Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда),кейде көкөніс қоймаларында,тамыр жемістерінде қыстайды.Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді.Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді .Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі.Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап калады. Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер тапырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдаңған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда, 1-2 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім...» бойынша қолданылады.

Пияз шыбыны –Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).


Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген.
Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет (Қосымша).
Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall.(Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)
Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады.Оның ұзындығы 5-9 мм.Құрттары сұрғылт сары,ұзындығы 7-11 мм.Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар,екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.
Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды.Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады.Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне,қабыршақтарының астына,жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп ,ішкі бөліктерін түгел жеп қояды.Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды,ал пияз мойны шіріп кетеді.Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де,едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады.18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады.Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары.Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет