Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет22/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Дәріс 1 Энтомология

Картоптың колорад қоңызы  Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.
Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.
Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны – 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.Картоп егістерін "Тізімге..." келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет