- Уильям Гарвей (1578-1657) – ағылшын ғалымы, дәрігер, эмбриолог. Гарвей ашқан қанайналым желісі жануарлар физиологиясының негізгі бастамасы болып саналып, осы кезде де өзгерусіз қолданылады. Оның “Жануарлардың пайда болуын зерттеу” атты еңбегі эмбриология ғылымының негізін қалады.
- Рене Декарт (1596-1650) – француз философы, жаратылыстанушы, рефлекстік ілімінің негізін қалаушы.
- М.В. Ломоносов (1711-1765) 1748 жылы тұңғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын ұсынды. Ол түрлі түсті ажырату теориясын және дәм сезудің қазіргі қайталанып отырған жіктелісін (классификациясын) жасады.
- Луиджи Гальвани (1737-1798) электрофизиология саласының ірге тасын қалады.
- Герман Гельмгольц (1821-1894) аспаптық зерттеу әдісінің, биофизика ғылымының негізін жасады.
Физиологияның даму кезеңдері - И.М. Сеченев (1829-1905) – “орыс физиологиясының атасы”, еңбек физиологиясының негізін салушы, орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді ашқан.
- И.П. Павлов (1849-1936) организм ағзаларының қызметін нервизм тұрғысынан зерттеп, реттелу заңдылықтарында жүйке жүйесінің жетекші мәнін көрсетті.
- Н.Е. Введенский (1852-1922) парабиоз (тіріге жуық) ілімінің негізін қалады, қозу мен тежелудің арақатынасын көрсетті.
- А.А. Ухтомскийдің (1875-1942) маңызы зор күрделі ілімі – доминанта (1932).
- Л.А. Орбели (1882-1958) эволюциялық физиологияныңнегізін салды.
- П.К. Анохин (1898-1974) әрекеттік жүйе теориясының түбегейлі негізін қалады.
- В.В. Парин (1903-1971) медицина ғылымының жаңа: клиникалық физиология, ғарыштық және авиациялық медицина, биокибернетика салаларының негізін қалаушы.
Физиологияның даму кезеңдері - Халел Досмұхамедов (1883-1939) ұлттық және әлеуметтік психологияның негізін қалаушы.
- А.П. Полосухин (1901-1965) Отандық физиологияның ірге тасын қалаған.
- Н.У. Базанова (1911-1993) – ғалым-физиолог, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі.
- Т.Ш. Шарманов – нутрициология ғылымының жаңа бағыттарын, тиімді және тірліктік (функциялық) тамақтану қағидаларының, клиникалық диетологияның негізін жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |