Кіріспе. Физиология пәНІ, зерттеу әдістері мен объектілері


Павлов физиологиясының негізгі принциптері



бет4/5
Дата04.01.2024
өлшемі1.11 Mb.
#488499
1   2   3   4   5
1 дәріс стом

Павлов физиологиясының негізгі принциптері

  • Павлов физиологиясының негізгі принциптері
  • Тірі ағза - біртұтас.Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін- өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.
  • Зат алмасу- өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады. Адаптация- органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.

Негізгі физиологиялық түсініктер

  • Негізгі физиологиялық түсініктер
  • Жануарлар мен адамның белсенділігі қызмет (функция) және физиологиялық акттар түрінде көрінеді. Қызмет (функция), тірлік- нақтыланған ( диференцияланған) жасушалардың, тіндердің, ағзалардың арнамалы іс-әрекеті. Қызметтер өзгергенде ағза қошаған ортаға тіршілік жағдайына бейімделеді. Барлық қызметтер (әрекеттер) соматикалық (soma-дене) және вегетативтік (vegeto - қоздыру, тірілту, күшейту, өсу) болып екіге бөлінеді. Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке жүйесімен жүйкеленеді. Вегетативтік қызметтер- зат алмасумен, қанайналумен, демалумен, ас қорытумен, сыртқа шығарумен, өсу және өрбумен байланысты. Олар ішкі ағзалар жұмысымен атқарылады да вегетативтік жүйке жүйесімен (ВЖЖ) жүйкеленеді. Физиологияық акт- күрделі үрдіс.Ол ағзаның әртүрлі физиологиялық жүйелері қатысуымен іске асырылады. Сонымен, дем алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қозғалу ж.б. физиологиялық акттарын ажыратады.
  • Ішкі орта туралы түсінік
  • Бұл түсінікті ХІХғ. Француз физиологы Клод Бернар ендірді. Қан, лимфа, тіндік және церебро-спиналдық (ЦСС) сұйықтықтар адамның ішкі ортасын құрайды. Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен қасиеттерінің өзгерушілігі және негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз биологиялық константалармен сипатталады. Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН) Қандағы қант мөлшері қоректік заттар осмотикалық, онкотикалық қысымдар және қан қысымының мөлшері, дене температурасы. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет