III Бөлім. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.
Депозиттік операциялардың дамуна әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет Шетел тәжірибесіне жүгінсек , банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін , сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.
Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.
Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.
ҚБА төрағасының айтуынша қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».
Болашақта кепілдендіру қорының дамуы халықаралақ ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз жабылу кезінде тезарада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.
Қорытынды
Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының көлемі үлкен болып табылмайды. Оны банктердің ерте жұмыс істеуімен түсіндіруге болады немесе бұрыңғы мемлекеттік банктер меншікті капиталға үлкен мән берген жоқ. Себебі, олардың банкротқа ұшырауы болуы мүмкін емес болған. Қазақстан банктерінің меншікті капиталдарының (Ұлттық банктен басқа) мөлшері 100 млн долларға дейін жетеді және ол ірі әлемдік банктердің меншікті капиталдарынан 100 есе аз.
Банктің ресурсы ретінде, меншікті капитал акционерлерге дивидент формасындағы құнға ие. Бұл ресурстің өсуі екі әдіспен жүруі мүмкін: жарғылық капиталды немесе банк табысының өсуі. Банктердің кірісін қалыптастырудың талдауы көрсеткендей кірістерді қалыптастыру процессі екінші деңгейлі банктерге қиынға түсіп жатыр. Қазіргі таңда банктердің көбі үлкен емес меншікті капиталдарға ие және оны қазіргі уақытта кірістер есебінен ұлғайту қиынға түсіп жатыр.Сонымен қатар, кірістері жоғары топ банктер бар, бырақ олардың меншігінде қалатын және жинақталатын кірістер сомасын несиелік қызметтен болатын шығындарды жабуға қалыптасқан резервтер (провизиялар) кемітеді.
Ал жарғылық капиталды ұлғайту, қазіргі таңда бірнеше себептерге байланысты қиынға түсетін операция болып табылады. Яғни:
-
Ұзақ мерзімді салымдарға резиденттердің инвестициялық мүмкіншіліктерінің шектеулілігі;
-
Банктердің көбісі құрылымдық өзгерістерді басынан кешіріп жатыр, сонымен қатар меншікті қаражаттарының көп бөлігі провизияларды құруға жұмсалып жатыр;
-
Инвесторлардың көбілерін, банк қызметіне әсер ету мен қадағалау механизімінде «айқындылықтың» болмауы қорқытады және т.б.;
Осы және тағы басқа себептерге байланысты ірі банктер эмисся жүргізген кезде, әлемдік инвесторлардың назарын аударып, оларды алдын ала тартуға тырысады. Шетелдік инвесторлардың арасындағы қарым-қатынастар сұрағы әлі де болса шешілуде.
Сонымен, банктер капиталдандыру сұрағын акционерлердің меншікті қаражаттарын тарту есебінен шеше алмайтындығына көзіміз жетуде.
Сонымен, банктің меншікті капиталы – консервативтік ресурс түрі деп те айтуға болады және оны тез арада ұлғайту әр түрлі қиыншылықтарға ие.Банктердің көбісі ресурстар жетіспеушілігін, жарғылық капиталды ұлғайту арқылы шешпейді.
Дүниежүзілік тәжірибеден өзіміз білетіндей «Дамымаған банктік жүйеде дамыған банктер өмір сүруі мүмкін емес»,сондықтан да халықаралық банктердің деңгейіне жету үшін, отандық банктік жүйені дамытудағы әр түрлі іс шаралар жүргізу керек және де екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталына міндеттерді халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керек.
2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 жылдардағы депозиттік салымдардың көлеміне статистикалық талдау жасу барысында, бұл көрсеткіштер жылына шамамен 10 %-ке өсіп тұруда. Бұл еліміздегі халықтың жағдайының әлдеқайда жақсарғанына дәлел. Осы тұрғыдан депозиттерді сақтандыру қорының атқартын қызметі де зор. Бұл қордың оңтайлы жұмыс істеу дәрежесінің дамуы оның капиталының 6 млрд теңгеге жетуінде болып табылады. Жоғарыдағы бөлімдегі көрсеткендей, егер ұсыныстардың барлығы орындалса депозит нарығының Республикада даму дәрежесі жоғары болар еді. Қазақстан Респуликасында бір адам басына шаққандағы депозит көлемі 47,5 АҚШ доллар болса, ал Ресеймен салыстырса бұл көрсеткіш үш есе үлкен. Бірақ біздің елімізде де депозиттік операциялардың бірнеше кемшілікткері бар. Бұлар ел халқының банктерге деген сенімсіздігі, кепілдендіру қорындағы бірнеше проблемалар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
-
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
-
«ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
-
Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
-
Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
-
Қалғұлова Р.Ж. «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж.
-
Миржакыпова С.Т. “Банковский учет в РК” Часть1 г.Алматы, Экономика 2002г.
-
Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 1999
-
«Банки Казахстана» журналы №10 2005 жыл
-
«Қаржы қаражат» журналы №2 2005 жыл
-
Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2007 жыл. №9-2бет
-
Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2006 жыл. №11-4бет
-
Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2005 жыл. №10-16бет
-
Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2005 жыл. №12-6 бет
Достарыңызбен бөлісу: |