Ұяң дыбыс. Дауыс ырғағы төменгі, сонымен қатар, жоғарғы болуы мүмкін. Мамандар сөйлеу техникасына байланысты төменгі дауысты жағымдырақ деп есептейді. Өйткені ол құлаққа жеңіл естіледі және оңай айтылады. Тәжірибелену арқылы әдемі жағымды сөйлеуді үйренуге болады.
Интонация (дауыс ырғағы). Ол сіздің көңіл-күйіңізді айқындайды. және әңгімелесуші ретінде өз әсерін тигізеді. Дауыс ырғағынан айырылған дауыс баяу естіліп, тыңдаушыға сіздің толық ойыңызды жеткізбейді. Егер сөйлемнің соңына қарай дауыс екпіні жоғары көтерілсе, тыңдаушы кенеттен тағы бір нәрсенің айтылуын күтеді. Ойлап қараңызшы, егер «Үйде өрт болып жатыр» деген сөйлемді қандай да бір дауыс ырғағына салсақ та қалай естілетінін. Айтайын дегені, жанып жатқан үй ме, әлде тез әрекет етуді талап ететін басқа бір жағдай ма? Ал, енді осы сөйлемді ырғақ қосып, лепті сөйлеммен айтып көрейік. «Үйде өрт болып жатыр!» Бұл кезде айтушының сөзінің рас екендігіне әрине ешқандай күмән келтірмейсің.
Сыпайылық. Күнделікті сыпайылық - жұмыс барысындағы ең қажетті нәрсе. Әсіресе телефонмен сөйлескенде яғни әңгімелесушіні көрмей тұрғанда байқалады. Сыпайы дауыс әрдайым жағымды естілуі керек.
Қатты дауыс. Жәй ғана қатты дауыс адамның ішкі дүниесін көрсетеді. Сіздің не айтқаныңыз маңыздырақ. Дауыстың шығуы сенімділікті, шынайылықты, қызығушылықты және де шыдамсыздық пен ашушаңдықты білдіруі мүмкін.
Түсінушілік. Сөйлеу барысынды сіздің ауызыңыздың бос болуын қадағалаңыз. Міңгірлеуге болмайды. Егер сіздің дыбысыңызда басқа тілде сөйлегенде сөздерді дүрыс айтпау немесе жергілікті диалект сөздер болса, егер де ол айтылған сөздің мағынасын бұзбаса, өзгертпесе, олардан арылуға тырыспаңыз.
Жылдамдық. Әдетте, 1 минуттағы жылдамдық 140 сөз құрайды. Егер сіз өте жылдам сөйлейтін болсаңыз, онда сіздің тыңдаушыңыз сөздің мағынасына емес сіздің сөйлеу тіліңіздің жылдамдығына көп көңіл бөледі. Өте жәй сөйлеу тыңдаушыны жалықтырып жібереді. Өйткені, ол сіздің әрбір сөзіңізді тыңдап, келесі сөзді тағатсыздана күтіп отырады.
Дауыс екпіні. Әрбір сөзді нақты жеткізе біліңіз. Әсіресе «т», «д», «ф», «х» әріптерінің анық естілуін қадағалаңыз. Нақты сөйлеу сіздің жұмыс адамы екенін білдіреді. Сонымен қатар, жалғауларды жұтып қалу тыңдаушының күдігін туғызады. Өйткені, сіздің жұмысқа деген ынтаңыз сөзіңіз сияқты немқұрайлы деп ойлайды. Жалпы, осы айтылғандардың
барлығы, яғни дауыстың сапалық белгілерін ауызекі сөйлеу диалогіндегі фонетикалық ерекшеліктер құрайды.
Сөйлеу диалогінің лексикалық құрамы айтарлықтай әр түрлі сипаттаулармен анықталады. Сөйлеу диалогінде бейтарап лексика кеңінен қолданылады. Мысалы:
Құрмаш: (сырттан) Шай ма? Жоқ, мен кешірек ішемін, өздерің іше беріңдер.
Кәшкен: Шай емес, өлең!
Ораз (мысқылдай) Тез, тез! Дүниеге өлең келіп қалыпты.
Кәшкен: Тезірек тыңдаңдар, өлеңмен миларың жаңарсын.
Құрмаш: Жақсы.
Кәшкен: Достарым, бұл өлеңнің аты "Арман"
Ораз: Оһо! (үнтаспадан көшірме)
Келтірілген мысалда әңгімелесушілер сөйлемде бейтарап лексика құрамын қолданған.
Бейтарап лексикадан басқа сөйлеу диалогінде лексикалық өлшем қолданылады.
Лексикалық сөйлеу топтарының ішінде: одағай, үстеу сияқты шағын сөз топтары жиі кездесетінін айтқан жөн. Мысалы:
Кәшкен: Ораз... Ей, Ораз !
Ораз: Немене?
Кәшкен: Дүниеге бір өлең келіп қалды
Ораз: Келсе қайт дейсің!
Кәшкен: Тыңда, оқимын. (үнтаспадан көшірме)
Сөйлеу диалогінде стилистикалық мағынадағы лексиканы әр жақтағы, әр түрлі мамандықтағы, білімдері де әркелкі адамдар қолдана береді.
Төмендегі біздің мысалымызда оны: студент, жас ғалым және зейнеткер өз әңгімесінде қолданады:
– Көрші-қолаң, кемпір-шалдың бәрі:
Па, шіркін, қыз өссе Назирадай болып өссін. Бір үйдің ер азаматын жоқтатпас! - деп тамсанады. Сондайда әжем келіп килігеді.
–Осы жұрт сұқтанбаса жүре алмайды-ау, деймін, түге. Қызымды
ауыртасыңдар, тфәй деңдер,- дейді. Онан кейін үйге кіріп, қазандықтың
күйесін саусағына жағып қайта шығады.
–Түу, әже-ай, осыған бола жұмысымнан бөліп. Маған ешкімнің
көзі де, тілі де тимейді.
Достарыңызбен бөлісу: |