2.2 Ауызекі сөйлеу диалогінің синтаксистік ерекшеліктері
Стильдік жүйені құрайтын компоненттердің бірі – грамматикалық формалар. Ол – морфологиялық, синтаксистік және морфологиялық-синтаксистік тәсілдер.
Тілімізде қалыптасып, орнығып қалған грамматикалық ережелер, грамматикалық категориялар қаншалықты көп болып, олардың қолданылу аясы соншалықты кең, бай болғанмен, жеке ақындар, жазушылар шығармаларының лабораториясында олардың қызметі, көрінісі әрқилы болып көрініс береді. Олар әдеби тіліміздің қалың қорын, мол байлығын пайдалана отырып, грамматикалық ережелерге, нормаға бағынбай кететін тұстары болады. "Грамматикалық нормалар грамматикалық ережелер, негізінде, әдеби тілдің қалыптасу барысында жасалады", -дейді ғалымдар [45, 55] Әрине, қазақ тілі – грамматикалық ережелері орныққан, қалыптасқан тіл, дегенмен ақын-жазушылар оларға өз тараптарынан өзгешеліктер де енгізіп отыратыны сөзсіз. Осы мәселеге қысқа тоқталып өтейік.
Ж.Қаңлыбаева кез келген сөйлесімнің семантикалық – синтаксистік құрылымынан туындайтын тура мағынасы және нағыз"сөйлеу" мағынасы бар, - дей келіп, бұл жағдайда лингвистикалық контекст пен коммуникативті жағдаятқа сүйенетіндігін айтады[1, 21].
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процессті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді. Л.В.Щерба белгілі бір мәліметті хабарлап тұрып, өз тыңдаушысын сол мәліметпен таныстырады да, оған жауап беруге ықпал жасайды деп көрсетеді [46].
Автордың сөз қолданысы, тілдік тәсілдерді, сөз оралымдары мен сөйлем қүрылысын кейіпкер тілі арқылы береді. Образ жасау тәсілін тікелей кейіпкер тілімен байланыстырамыз. Жазушы кейіпкерді сөйлету арқылы оған стильдік жүк артады, ал кейіпкер болмысын танытатын бірден-бір тілдік құрал диалог екені лингвист-ғалымдар Л.В.Щерба, В.В.Виноградов еңбектерінде айтылған. Кейіпкер тілінде қалыптасқан бірізділік жоқ, ол ауызекі сөйлеу тіліне жақын. Ал ауызекі сөйлеу тілі жөнінде тіл білімінде жүйелі зерттеулер бар. Атап айтқанда, Р.Әміров «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» атты еңбегінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын коммуникативтік жағдайлардың басты-басты жақтарын атап өтеді. Олар: 1. Пікір айту ауызша әрі сөйлеуші мен тыңдаушының жүзбе-жүз отырып қатысуы; 2. Пікір айту диалог түрінде, яғни екі немесе бірнеше адамның қатысуы; 3. Пікір айту ешқандай дайындықсыз, емін-еркін әңгіме үстінде құралады [45, 55]. Осы үш шарт ауызекі сөзге бірдей тән болғанмен, оның лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда соңғы екеуінің мәні ерекше. Ауызекі сөйлеудің диалог түрінде жүруі оның синтаксистік құрылымында, лексикасына көп әсер етеді, себебі, біріншіден, сөз айтуға, түсінуге ыңғайлы құрылуға тиіс. Осы коммуникативтік талап ауызекі сөзде сөйлемдердің, сөз тіркестерінің үнемді болып құралатын варианттарының күрделі ойды білдіретін сөйлемдердің мағыналық бунақтарға таратылып айтылуынан, осыны іске асыратын синтаксистік тәсілдерден т.б. көрінеді, екіншіден, диалог сөзде репликалар (диалогке қатысушы екі жақтың сөзі) өзара ұштасып, сабақтасып жатады.
А.Ысқақов былай дейді «Форма тудыратын жұрнақтарды мағыналары мен қызметтері жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаудың екі арасындағы, екеуінің де ерекшеліктеріне жуықтайтын категория деп қарауға болады» [47, 31], - деп, сөз түрлендіруші жұрнақтардың қызметінің өзіндік әмбебаптық ерекшеліктеріне назар аударады. Дегенмен, сөз түрлендіруші жұрнақтардан гөрі сөз тудырушы жұрнақтардың лексикалық қорымызды байытуда атқаратын қызметінің зор екендігі белгілі. Бұл жөнінде ғалым Б.Момынова: «Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздер дербес лексикалық единицаға айналып, сөздіктерде реестр сөз ретінде қарастырылады. С.Исаев көрсеткендей, осы туынды мағыналарына сай сөз тудырушы жұрнақтар лексикологияның да, грамматиканың да зерттеу нысаны болса, форма тудырушы жұрнақтар тек морфологияның нысаны болып қалады», - деп көрсетеді [48, 102].
Стилистиканы қолдану аясына қарай зерттеу әр түрлі сөйлемде бірінші кезекте функционалды-стильдік аспект тұрғысынан болмақ, дей келіп, И.Б.Голуб оны стилистикалық тұрғысынан бағалауда сөйлемнің әр түрлі сөйлеу стиліндегі қолданысын білу керек деген тұжырым айтады [49,152]. Жалпы функционалдық стиль жай, құрмалас, атаулы сөйлемдердің қолданысын іріктеумен сипаттайды. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, сөйлеу тіліне өзіндік жеке коммуникативтегі қарым-қатынас ситуативтілігі тән екеніндігін айтпақпыз. Бұл экстралингвистикалық факторлар әр түрлі тілдік деңгейде көрініс береді. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері коммуникативтің жекелеген тәсілдері арқылы синтаксистік құрылым деңгейінде айқындала түседі. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымға тән бірден-бір белгі – сөйлемнің толымсыздығы. Толымсыз сөйлем құрылымдық жағынан сөйлеу тілінің, ал сөйлеу тілі болған соң кейіпкер тілінің де ерекше синтаксистік көріністерінің бірі бола алады. Сөйлем диалогке / ал диалог біз сөз етіп отырған кейіпкер тілі көрінісі құрылғанда бірқатар мүшені «қабылдаушының мүддесіне қалдырғанмен», сөйлемнің синтаксистік байланысы үзілмейді, яғни алдыңғы сөйлемдерден ол байланыс қалпына келтіріледі.
«Кейбір зерттеушілеріміз толымсыз сөйлемді ауызекі сөйлеудегі сөйлемдердің құрылымдық түрі, сондықтан ондай сөйлемдерді толымсыздық жағынан емес, құрылымдық және функциялық ерекшеліктері жағынан қарастыру қажет деп санайды. Осы тұрғыда келгенде, толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдермен салыстыру қажет емес, өйткені ол синтаксистік норманы бұзады. Толымсыз сөйлемдерді жіктеуде олардың мағына-мазмұн толықтығы я формалды-грамматикалық құрамының толықтығы емес, мынадай үш жайт есепке алынады: 1) толымсыз сөйлемнің пайда болуындағы мәнмәтін мен ситуация факторы; 2) қатыспай тұрған сөйлем мүшесінің синтаксистік қызметі; 3) сөйлемнің нақты формальды-грамматикалық құрамы. Осыған сәйкес толымсыз сөйлемдерді тіл білімінде мәнмәтіндік, ситуациялық, эллипсистік деп үшке бөледі. Осы үшеуіне де мәнмәтіннің ықпалы күшті екенін, демек, бұлардың қай-қайсысы болсын сөйлеумен байланысты екенін байқадық. «Сөйлемді толымсыз етіп құрау айтылыстың коммуникативті орталығын анықтаудың басты жолының бірі» деген пікірді қолдай отырып толымсыз сөйлем пьеса тіліндегі диалог құрылымының бір амалы. Толымсыз сөйлем бірқұрамды сөйлем түрі. Ондағы қатыспай тұрған мүшені мәнмәтін немесе ситуация арқылы тауып аламыз [50, 57 ].
Әлсіз ресімделген құрылыстың көптеген ерекшеліктері ғылыми әдебиеттерде кездеседі. Біздіңше, әлсіз ресімделген деп, синтаксистік дәрежесін айқындау қиынға түсетін баяндамаларды ғана емес, сонымен қатар, еркін біріккен байланысы бар құрылымдарды, әрі тегіс құрылыстарды, фразаларды жатқызуға болады. Ауызекі диалогтегі синтаксистік құрылымдардың әлсіз рәсімділігі оның құрамындағы диалогтің әсері болып табылады. Ол көп жағдайда қосымшалардың, жұрнақтардың басым мөлшерімен бейнеленеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |