Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет36/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
утетілуова эльмира

Кейіпкер тілі – тілдік қабаттың экспрессивті жүгін көтеріп тұрады. Жазушы жеке тұлғаның образын ашуда оны сөйлету арқылы стильдік жүк артады. Кейіпкер тілі образды ашады. Кейіпкер тілін зерттеуде, талдауда қалыптасқан бірізділік, ереже жоқ. Кейіпкерді танытатын тілдік құрал - диалог.
Драмалық шығармаларды түсініп оқудан бастап, ондағы тілдік тұлғалардың мән-мағыналары мен қолдану жайларын ашу, сөздік құрамын анықтау, экспрессивті-стилистикалық бояуын айқындаудың бәрі де шығармаға жалпы тілдік және стилистикалық талдаулар жасау қажеттігінен туындайды. Дегенмен, драмалық шығарма тілі – сөйлеу тілінің бір көрінісі екендігін айта келіп, ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері драма тілінен алшақтап кетпейді.
Стильдердің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені, адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда сөйленіп, әр түрлі жазылады. Стиль тілдің бәріне тән құбылыс, өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі. Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің сөйлеу стилі, кітаби-жазба түрлері бар. Сөйлеу тілінде еркіндік басым келеді, яғни адамдардың пікір алысуы еркін түрде жүзеге асады. Сөйлеу тілінің ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі – жағдайға (ситуацияға) байланысты сөйлеу мәнері.
Сөйлеу тілі диалогке құрылады, репликалар тізбегінен (диалогке қатысушылардың сөздері өзара ұштасып, сабақтасып) тұрады. Сөйлеуші және тыңдаушының бір-бірін тез түсінісуі дауыс ырғағы
интонация және әр түрлі ым-ишараттармен тығыз байланысты. Мысалы:
Айналайын, турасын айтайын ба? - Айтыңыз.
Өзіңмен ақылдасайын деп едім. - Не туралы?
Үйлену туралы. - Па-па, үлкен мәселе көтеріліп жатыр екен ғой.
А, сен бе едің? . (С.Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).
Драмалық диалогтің зерттелуі оның табиғатына сәйкес таңдап алынған, атап айтқанда, көркем шығарма тілінде алуан түрлі болып көріне отырып, драмалық диалог ауызекі сөйлеу тілін жазбаша түрде сипаттайды. Драмалық диалогте сөйлеу тілі қалай бейнеленеді және қарапайым сөйлеу тілінен айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Әдеттегідей, сөйлеу тілі жазба әдеби тілден ауызекілігімен, өзіндік қарым-қатынас түрімен, диалогтілігімен, бейресмилігімен т.б. паралингвистикалық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Сөйлеу тілі бірқатар экстралингвистикалық факторлық өзгеріске ұшырайды.
Зерттеушілер атап көрсеткендей, бұл көріністер ауызекі сөйлеу тілі мен көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің ара жігін ажыратады. дегенмен де, драмалық диалог көркем шығармадағы сөйлеу тілі көрінісі болғандықтан, аталған заңдылықтар оларға тән. Бір жағынан, драмалық диалог театр өнерінің бір түрі, сондықтан экстралингвистикалық факторлар өзгерісі драмалық диалогте болуға тиісті де. Келесі талдауларға айтылып отырған мәселенің бірқатар параметрлерін бөліп аламыз. Біріншіден, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігін ғалымдар сөйлеу тілінің ауызша формасы, оның іске асырылуындағы міндетті шарттар деп санайды.
Драмалық диалогтің ерекшелігі оның сөйлеу тілінің көрінісі екендігінде, алайда өзіндік сипаты жағынан драмалық диалог эпикалық диалогпен салыстырғанда сөйлеу тіліне жақынырақ, интонацияға түсініктемемен беру қажетсіздігі. Репликалардың бірлігі драмалық диалог пен сөйлеу тілі ұқсастығына дәлел бола алады.
Көркем шығарма тілінде жазушының сөз қолданысына көп көңіл бөлінеді. Кейіпкердің ішкі, сыртқы жан-дүниесі, оны сөйлеген сөзі арқылы көрініп, жеке тұлға ретіндегі бейнесі қорынан байқалады.
Драмалық шығарманың идеялық-көркемдік жүгін кейіпкерлердің өзара сөйлесуі диалог көтереді. Диалог – драманың негізгі құралы. Сөйлеу процесінде табиғи тұрғыда жүзеге асатын тілдік категория, әрі адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды формасы. Орыс лингвистері А.Я.Скшидло, Э.Косериу диалогті көркем бейнелі сөйлеудің әр алуандығын, әлеуметтік тілдік қарым-қатынастың әлдеқайда қолданымды, маңызды түрі деп қарастырады.
Диалог шекаралары ойды жеткізуде тілдік субъектілердің ауысуымен айқындалады. Басқа тілдік бірліктерден диалогтің ерекшелік, айырмашылығы – коммуниканттардың әрекеті арқылы көрінуі.
Драмалық диалогте сөйлеудің синкретикалық табиғаты алуан түрлі. Бұл синкретизм диалогтің құрылымындағы тілдік емес тәсілдердің белсенділігімен тығыз байланысты: ым-ишараттармен белгі бере отырып репликаға ұласуы, алдын-ала тақырыптың келісімдік, алдыңғы оқиға негізінде қабылданатындығы т.б. Ойды жеткізуде тілдік емес тәсілдер тілдік әрекеттермен тығыз бірлікте жүзеге асады.
Диалогті сөйлеудің өзіндік ерекшеліктері оның ситуативті және эмоционалды болуы. Пікір алысушының алуан түрлі көңіл-күйі, оның айтылып отырған ойға субъективтік көзқарасы қолданыла отырып репликалардан көрінеді. Объективті, субъективті факторлардың жиынтығы – әңгіме тақырыбы, тілдік және интелектуалдық мүмкіндіктер, коммуниканттардың жас ерекшелігі, білім дәрежесі, физиологиялық, психологиялық жағдаяттары репликаны тілдік жағынан сипаттауда өте күшті із қалдырады.
Коммуникативті қызметі бойынша диалогте мынадай әрекеттер жүзеге асырылады; ақпарат алу, оны жинақтау, ақпаратқа өз көзқарасын білдіру деп айтып өткен болатынбыз. Бұл әрекеттердің барлығы ауызша интонациялық, мимика, ым-ишараттар арқылы көрінеді. Диалог тіліндегі синкретизм оның жан-жақты сипаттамасын ашады. Дегенмен, бір ізге түскен диалогтік сөйлеудің түрі. А.К.Соловьева, X. Штайн секілді ғалымдар диалог-дау /жанжал/, диалог-унисон /келісім, құптау/ түрлерін жіктеп көрсетеді. Диалогтің жанрлық-тілдік жағынан бөлшектеуін ғалым Е.А. Земскаяның да еңбегінен көруге болады. Онда диалогтің бірді-екілі ауысып отыруы; диалогті әңгіме, полилог, микродиалог түрлерін қарастырған.
Сонымен қоса, диалогтің құрамына қатысушы коммуниканттарды әлеуметтік дәреже-деңгейіне қарай: ақсүйектер диалогі, орта дәрежелі адамдар диалогі, өндірістік тақырыптағы диалог, ғылыми-философиялық диалог, қарапайым тұрмыстық диалог деп бөліп қарауға болады. Айтылып өткен мәселелердің барлығы диалогтің әр алуандық көрінісі. Диалогтің тақырыптық, құрылымдық түрлерін жеткілікті түрде айтпасақ та, біраз сөз еттік. Жоғарыда айтып өткеніміздей диалог – драма жанрының бірден-бір аса қажетті құралы. Пьесадағы диалогтердің тақырыптық жақтары ғана емес, оның тілдік көріністері де белгілі тілдік элементтерде драмалық шығарманың мазмұнын жан-жақты аша түседі.
Драма тілі қысқа, тұжырымды, түйінді болады. Өйткені, романда бір бетке суреттелетін шындық ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Қимыл-әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма жоқ. Драматургияда образ жасауда кейіпкер тілі орасан зор қызмет атқарады. Драматургтің сөз қолдану ерекшелігі, сөз оралымдары, сөйлем құрылысы кейіпкер тілінен көрінеді.
Драмалық диалогтің зерттелуі оның табиғатына сәйкес таңдап алынған, атап айтқанда, көркем шығарма тілінде алуан түрлі болып көріне отырып, драмалық диалог ауызекі сөйлеу тілін жазбаша түрде сипаттайды. Драмалық диалогте сөйлеу тілі қалай бейнеленеді және қарапайым сөйлеу тілінен айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Әдеттегідей, сөйлеу тілі жазба әдеби тілден ауызекілігімен, өзіндік қарым-қатынас түрімен, диалогтілігімен, бейресмилігімен т.б. паралингвистикалық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Сөйлеу тілі бірқатар экстралингвистикалық факторлық өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан драмадағы диалог табиғи ауызекі диалогке ең жақын дүние. Бұлардың тегі бір, шапаны да бір, тек әшекей әркез бірдей емес. Драмадағы диалог жеңіл, әдемі болғандықтан оқырман оны тез ұғады, тез қайталайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет