Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде
қолданылуы.
Әрбір тілдің кемеліне келіп жетілгендігінің белгісі оиың бай синонимикасы арқылы да білінеді. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөздер қолданылады. Ана тілінің синонимдік байлығын білу арқылы ғана көңілдегі көрікті ойды барлық реңктерімен өз мәнінде дәл және анық етіп шеберлікпен жеткізуге мүмкіндік аламыз. Ғалым Ә.Болғанбаевтың айтуынша: "Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер". [17,23]
"Синонимия - ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыс. Тілдегі синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын ақын-жазушы жоқ. Синонимдерді қайталау - автор тілін әсерлендірудің тұрақты тәсілі. Сөздердін, мағынасы мен эксирссиясын күшейтіп, көркем дәлдік жасау тәсілі болады. Көркем шығармаларда бір кезде синоиимдер жинақтык ұғым, бейнелілік машнасын бере тіркессе (қайғы - мұң, қалжың - тәлкек), енді бір кездс дәл керек мағыналық қырды, белгіні дәлдеу, күшейту үшін қайталанады." [6,82]
Синонимдер — ойды қайталамаудың негізі ғана емес, суреткердің көркемдеу құралы. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер — поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Ақын көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білсе, ол оның шеберлігінің бір қыры.[2,22]
Синонимдср мынадай бслгілсрінс қарай топтастырылады: 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы қажет. 3. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі тиіс, Бұл үш белгі — сөздерді синоним деи танудағы басты шарттар. [18,104]
Синонимдерің мағынаналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге коңіл аударылады: Синонимдср градация жолымен
өзгеріп отырады.Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің мағыналық салмағы күтірек екендігін сезуге болады. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең т.б.
Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай реңктері байқалады:
І.Қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер. Мәселен, отағасы үй иесі сөзінен, науқас ауру сөзінен, қаза өлім сөзінен, перзент бала сөзінен жоғарылау.
2.Поэтикалық реңктер. Асқар деген сөздің биік деген сөзге қарағанда реңкі басым. Сол сияқты қол әскер сөзінен, мәртебе атақ сөзінен, қаһарман кейіпкер сөзінен жиірек қолданылады.
З.Кекесін-мысқыл мәніндегі реңктер. Біреудің істеген ісі, қылығы басқа бір адамға ұнамағанда айтылады. Мәселен, қожаңдау, кісілік көрсету деудің орнына қодыраңдау, жеңілтектену деудің орнына тұштаңдау деп кекетіп айтады.
4.Салтанат құру мәніндегі реңктер. Жүлде сөзі бәйге сөзінен асқақ, мерекелеу тойлау сөзінен көтеріңкі.[17,37]
Синонимдердің грамматикалық табиғатына келсек, қазак тілінде синоним кездеспейтін бірде-бір сөз табы жоқ. Барлық сөз табынан синонимдер табылады. Алайда сан мөлшері жағынан келгенде әр сөз табының синонимге молшылығы әр түрлі. Кейбір сөз табы синонимге өте бай (етістік, зат есім, сын есім), екінші бір сөз табының синонимі соншалықты кедей (сан есім).
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді:
Мағыналық синонимдер;
Стилъдік синонимдер;
Мағыналық-стилъдік синонимдер. ,
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән реңкі бар. Жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасын, жалпы ойды анық, әрі дәлме-дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады. Мәселен, абырой — бедел - қадір деген сөздердің жалпы мағынасы адамдардың қызмет бабында, я өмір сүрген ортасында құрметке бөленуін, ілтипатқа ие болуын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |