ІІ Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі фразеологиялық анафора мен эпифора.
2.1.Поэтикалық мәтінде антонимдік анафора мен эпифораның қолданылуы.
"Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасының артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады." [23,45]
М.Мақатаев жырларында қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарды, адамның сан алуан қасиеттерін қарама-қарсы ұғымда бейнелейтін антоним сөздерін көп қолданады. Мұқағалида антонимдердің берілуі сөздердің семантикалық-стильдік колоритін айқындап, өлеңнің көркемдігін арттыра түседі. Оның лирикалық шығармаларында тілдік антонимдермен қатар, контекстік антонимдер жиі ұшырасады. Бұл антонимдер белгілі бір мақсатпен қолданылғанын өте айқын көреміз К.Аханов "Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді", - деген еді.['22,133]
Антонимдердің негізгі қасиеті — контраст суреттер беруде. Антонимдер дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, көлемін, мөлшерін салыстырып, қарама-қарсы қоюдан шығады. М.Мақатаев өлеңдеріндегі антонимдер ойды тереңдетіп, мәтіндегі бейнелерді ашу үшін қызмет етіп тұрғанын байқаймыз. Антоним сөздер өлеңнің бір шумағында, кейде екі шумағында, енді бір өлеңдерінде тұтас мәтінде келіп, қайталанып, ақынның айтпақ идеясына поэтикалық түр береді. Ақын лирикасында адам психологиясын таныту үшін, табиғаттың сан алуан құбылыстарын суреттеуде зат есімнен, сын есімнен жасалған антонимдік қайталамаларды жиі ұшыратамыз. Мысалы: "дос пен дұшпан", "қуаныш пен қайғы", "жақсы мен жаман", "адам мен арам", "күн мен түн".
Поэзияда антонимдік қатынаста тұрған сөздердің семантикасы бізді қоршаған ортада, дүниеде болып жатқан қайшылықтарды дәл береді. Қарама-қайшылық ұғымы болмаса, өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты қиын болар еді.
Зат есім антонимдердің қайталануына біраз мысал
келтірейік.
Тамшыңды да қалдырмай, төкпей сені,
Жиырма жыл достастым, жетпей мен енді?
Дұшпан деген дұшпан ғой, табаласын,
Доғарыл, досқа күлкі етпей мені.
Бұл жердегі "дос-дұшпан" — лексикалық антонимдер. Ақын шумакта антонимдерді қайталау арқылы, нағыз достың дұшпаннан айырмашылығын көрсеткен.
Мұқағали өзінің достық жайлы терең де идеялы, өрелі ойларын, нәзік сезімдерін жыр жолдарына түсіріп көркемдік бейнеде суреттеген.
Сыйластықтың биік тұғыры - достық. Оны қадірлей, құрметтей білу қарыз. М.Мақатаев лирикасында бейбітшілікті, достықты өте қастерлеп, төбесіне көтере жырлайды. Осындай тақырыптарға жазған өлендерінде өзіндік ақындық тұлғасына сай әділдікті, ешкімге жалтақтамай, айтар ойын ашық та бүкпесіз түрде бейнеледі. Ақынның қайсыбір өлендер жинағын алын оқысақ та, достыққа байланысты жыр жолдары молынан ұшырайды. "Шын бақыт - достықта", - дейді қазақ халқы. Шынайы достар қашанда бір-біріне қол ұшын беруге әзір. Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі. Мұндай достық - мәңгілік. Мұндай достыққа ақын жастарды үйретеді.
Мысалы:
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең.
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін,
Өзіме өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
Достардың барып ауласында өлген мың артық.
Осы өлең жолдарындағы ақын "дос" сөзі мен "дос болам десең", "достыққа жүрмін" сияқты анафоралық сөз тіркесіне бір ғана "жауыз" деген антоним қолданады. Жалпы айтқанда, "дос" сөзіне
жағымды, ұнамды мағына берілсе, ал "жау" сөзі жағымсыз бейнеде суреттеледі. Сондықтан автор "дос", "достық" сөздеріне ерекше мағынаны береді, оларды өленде қайталайды.
Антонимдік қайталамалар поэтикалық мәтіндегі сөздердің эмоциялық бейнелілігімен бірге, лирикалық шындығын күшейтеді, оқырманға ықпал жасайтын ашықтықты айқындайды. Антоним сөздері қайшылық, қарсылық мәтіннің мазмұнын тереңдетеді, өлеңдегі негізгі бөлшектерді нақтылайды, автордың айтпақ ойының маңыздылығын күшейтеді.
Мысалы, "Күн ауысып барады" өлеңінде "күн" сөзі "түн" сөзіне қарама-қарсы мәнінде берілген. Күн — жарық, нұр, сәуле, тіршіліктің, өмірдің астарлы бейнесі болса, түн - қараңғылық, адамның жан дүниесін жабырқатып тұратын үрей, қорқыныш ұғымында жұмсалған.
Достарыңызбен бөлісу: |