Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет21/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

....Еркекшора!

Жаны да, сыры да ашық.



Еркелетер еді оны жылы халық.

Сендер әкім болсаңдарөлмеспін, - деп,

Жылқы бағып кеткен-ді құрық алып.

Еркекшора!

Ол маған жалт қарады.

/Еркекшора/

Ақын анафоралық қайталама қолданып, оқырманның назарын "Еркекшора" деген өлеңнің атауына аударады да, Ырысжанның сипаттамасын жасауда оның сыртқы келбетін, ішкі жан дүниесін, мінезін, жүріс-тұрысын айқын, ашық суреттейді.

Кейде фразеологизмдер жалпы мағынаны білдіріп, зат пен құбылысты тек атап қана қояды. Мұндай тұрақты сөз тіркестері бейтарап қолданылатын фразеологизмдер деп аталады. Мысалы:
Күн аяз.

Қантарда ма, ақпанда ма,


Із кәсіп, қан сонарға аттанғанда...
...Қызыл түлкі қырқадан қылаң етсе,
Құмай тазы соңынан құйыңдаған.
Қанды басың бері тарт, бұйыр маған!

...Қан сонардан қасқыр да емес, түлкі де Қайтасың бірді-екілі қоян аулап.

"Қан сонар" сөз тіркесін алатын болсақ, бұл тек заттың аты болғандықтан, оның экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ. Осы бейтарап қолданылатын фразеологизмнің қайталануы арқылы автор өлеңді ерекшелеп отырады. Жалпы "қан сонар" фразеологизмінің мән-мағынасы қазақ халқының аңшылық деген ескі кәсібімен байланысты. Жерге алғаш жауған қарды халқымыз "қан сонар" деп атаған. Аңшылар осы "қан сонарда" аңға шығады. Сондай-ақ өлеңде "қанды басың бері тарт" деген сиқыр, арбау мағынасында айтылған тұрақты сөз тіркесі кездеседі. Бұның мәні де қазақ халқы дәстүрлерінің тамырында жатыр.

Кейде Мұқағалида екі есімнен жасалған зат есім мағыналы тұрақты сөз тіркестері қайталанады.

"Мына қасқа" өлеңінде "тас жүрек" деген екі зат есімнен тіркесіп құралған фразеологизм бар. Бұл фразеологизмді қолданып ақын қатал, қатыгез, зәлім, жансыз, рақымсыз кейіпкердің түрін сипаттаған. Фразеологиялық анафораның қолданылуы өлеңге өзгешелік әкеледі.
Сезгіштігін білдіріп алам ба деп,
Тас жүрегін жасырар қына басқан.
Аламын деп қасқаның тас қамалын,
Тас жүрекпен қашанғы тас боламын.
Тас жүрекке табынтып тастамағын,
Жүрегін бер, тәңірім жас баланың!

Сондай-ақ "тас жүрек" сөз тіркесі фразеологиялық тұтастық немесе идиома болып келеді. "Фразеологиялық тұтастықтар — семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының негізгі мағынасынан басқа мағына беретін тізбектер."[14,75] Мағынасы жағынан алғанда, "тас жүрек", "су жүрек", "жүрек жұтқан" деген фразеологиялық тұтастықтар өзін құрастырушы әр сөздің бірде-біреуінің мағынасымен байланыспайды, әңгіме жүрек туралы да, жүректі жұтқандығы туралы да емес. Бұл фразеологиялық тұтастықтар бүтін қалпында "тас жүрек" - "қатал", "су жүрек" - "қорқақ", "жүрек жұтқан" - өте батыл" деген мағыналарда жұмсалады.

Қазақ тілінде етістік мағыналы фразеологизмдер өте көп қолданыста жүреді. Олар адамның қимылын, іс-әрекетін астарлап, бейнелеп суреттейді. Есім мен етістіктен тіркесіп құралған етістік мағыналы фразеологизмдер Мұқағали өлеңдерінде жиі ұшырасады. Олар семантикасы жағынан да әр түрлі болып келеді. Осы ойымызды бірнеше мысал келтіре отырып, дәлелдей түсейік.

Жұртты өзіндей қу көрген,

Шошып кеттім құлқыңнан.

Садаға кет бұл жерден,

Садаға кет жұртымнан!

немесе:


Садаға кет!

Садаға! Шуақты елден!

"Садаға кет" - ислам тағылымына байланысты етістік мағыналы фразеологизм. "Садаға я садақа, қайыр" сөздері жетім-жесірге, қаріп-қасерлерге не дін жолына бағышталып берілетін құдайы деген ұғымды білдіреді. Садақа беру мұсылмандық белгісі. Ал Мұқағалида "садаға кету" — "құрбан ету, жанды қыю, қатерлі іске бел буу" деген мағынада қолданылған. Сондай-ақ бұл тұрақты сөз тіркесінің құрамында қарапайым, діни, ескі қоғамға тән сөз тіркесі жатқандықтан, ол сөйлеу тілінің фразеологизмі болады.

Анафоралық қайталама өленді ерекше көмкеріп тұрады, айрықша рең, экспрессивтік бояу береді, фразеологизмнің бейнелілігін күшейтеді.

Ақын келесі өлеңінде фразеологиялық эпифораны ұтымды пайдаланған.

Момын жұрттың арқа сүйер,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет