Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет2/7
Дата30.11.2019
өлшемі143.1 Kb.
#447608
1   2   3   4   5   6   7
М.Мақатаев жырларындағы анафора мен эпифора

Жұмыстың зерттеу әдісі. Поэтикалық мәтіндегі сөздердің мәнерлілігін, әсерлілігін, бейнелілігін ашатын анафоралық және эпифоралық қайталамалардың маңыздылығын, қызметін көрсету үшін лингвистикалық талдау пайдаланылды. Сонымен қатар зерттеу барысында сипаттама, салыстырмалы, контекстік талдау сияқты әдіс-тәсілдері қолданылды.

Жумыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының теориялық құндылығы лингвистикалық тұрғыда жеке ақын шығармашылығына қатысты тың пікірлер мен тұжырымдар айта алғандығында жатыр. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде "Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы", "Стилистика" "Тіл мәдениеті" курстарын окытуда арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыруда, солардың оқу бағдарламасында пайдалануға болатындығында.

Диплом жұмысының материалы. Қазақ тіл білімінің З.Ахметов, АЪІсқақов, З.Қабдолов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдардьщ ғьшыми қүнды түжырымдары басшылыққа алынды. Сондай-ақ диплом жұмысына негіз етіп М.Мақатаевтың 2001 жылы "Жалын" баспасынан шыққан төрт томдық шығармалар толық жинағы алынды.Дипломдық жұмыс.. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалык,

анафора мен эпифора

Лексикалық анафора мен эпифора М.Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын алады. Лексикалық анафора мен эпифора - қайталама түрлерінің ішіндегі ең толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін, әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып саналады.

Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде үшке топтастырылады:

  1. көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;

  2. көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік және мәтін түзушілік) атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;

  3. көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін дамыту) қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар.

Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы (ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі), тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік (усилительный) қайталамалар болып келеді.

Жалпы айтқанда, "лексика — белгілі бір тілдегі сөздік құрамы, яғни омоним, синоним, антоним, фразеологизм сөздерінің жиынтығы".[ 10,200] Сондықтан біздің басты мақсатымыз — омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер арасындағы лексикалық анафора мен эпифораларды тауып, талдау жасау, оларды қайталама түрі ретінде анықтау, омонимдік, синонимдік, фразеологиялық, антонимдік анафора мен эпифоралардың қолданылу ерекшеліктерін айқындау.

1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ,қолданылу ерекшелігі

Тіл — көркем шығарманың ең бірінші элементі. "Қалың көпшілік дұрыс бағалап жүргендей, кез келген көркем шығарма өзінше бір өмір деп қабылданатын болса, өмірде тіл арқылы қарым-қатынастың болмағы — табиғи құбылыс".[11,5] Бұл рас. Кез келген халықтың байлығы — оның тілінде. "Сөз — ойдың сәулесі" — деп жазған В.Г.Белинский. [12,1] Сөз затты немесе құбылысты атайды, ұғымды білдіреді. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.

Ақын қаламынан туған образды, соны тіркестерде сөз де тіптен тың, мағыналық жаңа реңке ие болуы мүмкін. Яғни, сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап көркемдік жасап үйлесімге келтіретін тіл байлығының көріктеу құралдары, тәсілдері бар. Омоним, көп мағыналы сөз, антоним, фразеологизм сияқты экспрессивтік-эмоционалдық сөздер - М.Мақатаев шеберлігінің негізгі арқауы, өлендерінің тілін танытудың ең бір өзекті тұсы болып саналады.

Көп мағыналы сөздер — тіліміздің байлығының көрсеткіші.
Көркем шығармада көп мағыналы сөз өте көп қолданыста жүреді.
Суреткер көркемдік үшін ойын айқын жеткізуде стильдік бояуы бар
көп мағыналы сөздерді қолданып, контекст ішінде бір сөздің
бірнеше мағынасын ашып береді. Ақын өлеңдерінен сөздің негізгі
мағынасынан басқа туынды мағынасында жұмсалған коннотативтік
қызметін /қосымша мағыналық реңктердің/ айқын көруімізге
болады. Сонымен әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз
екені бізге мәлім. Полисемия — барлық тіддерде қолданылатын
құбылыс. Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер
ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік
құбылыс қана емес, көркем дүниедегі бейне сырын ашудың
көрсеткіші.

Омонимия мен полисемияны бір-бірінен ажырата білу керек. Омонимдердің полисемиямен бір ұқсастығы бар: омонимдер де, полисемия да бірдей дыбысталып, айтылады, жазылады. Омонимдердің полисемиядан басты бір айырмашылығы: омонимдер бірдей дыбысталып, айтылып, бірдей жазылса да, мағыналары әр түрлі болады да, мағыналар арасында байланыс болмайды. Ал полисемия, яғни көп мағыналы сөз, бірдей дыбысталып, бірдей жазыла отырып, мағыналары жағынан жақын, байланысты болып келеді. Мәселен, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі көп мағыналы сөз, өйткені бұлардың арасьшда мағыналық байланыс бар. Ал, аяғыңды бас, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі омонимдер. Бұлардың мағыналары арасында байланыс жоқ. Көп мағыналы сөзде мағыналық бірлік болса, ал омоним сыртқы тұлғасымен ғана ұқсас болып келеді. Ш.Бектұров пен М.Серғалиев "Қазақ тілі" еңбегінде омонимдер мен көп мағыналы сөздерді былай ажыратады: "Сөздің көп мағыналығы мағыналары жағынан бір-біріне жақын болса, сөздің көп мағыналығы, ал сөздер мағыналық жағынан бір-бірінен қашық болса, онда оның омоним болғаны". [13,16]

Ә.Хасенов "Тіл білімі" атты еңбегінде: "Омонимдер мен полисемияның ұқсастығы — екеуінің бірдей дыбысталатындығы, айырмашылығы — омонимдер мағынасы жағынан басқа-басқа болады, полисемияға жататын сөздер мағыналары жағынан жақын болып келеді," [14,160] - деп анықтама береді.

Т.Қордабаев, І. Кеңесбаев сияқты ғалымдардың еңбектері бойынша омонимдерді мағыналары мен тұлғаларына қарай:

а) лексикалық (толық) омонимдер;

ә) лексика-грамматикалык, (жартылай) омонимдер;

б) аралас (көп компонентті) омонимдер деп үш топқа
бөлінеді.

Лексикалық омонимдер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық жағдайда бірыңғай тұлғаға ие болып тұрады. Ал лексика-грамматикалық омонимдер әр сөз табына қатысты болады, осыған орай, олар бір тұлғасында бір-бірімен сәйкес келіп, басқа тұлғаларында ажырасып кетеді. Аралас омонимдік қатар лексикалық омонимдерді де, лексика-грамматикалық омонимдерді де қамтиды.



Сондай-ақ құрамына қарай түбір және туынды омонимдер болып келеді.

Біздің жұмысымыздың осы тарауға қойылған мақсаты -М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі жай омонимдерді тауып талдау жасау ғана емес, омонимдер мен көп мағыналы сөздердің лексикалық анафора мен эпифора қайталамаларының мәнін ашу, қолданылу міндеттерін анықтау, сонымен қатар, ақын тіліндегі көп мағыналы сөз бен омонимдердің қайталануы өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына, мәнеріне қандай әсер еткендігін айқындау.

Мұқағалидың өлеңдеріндегі өте жиі қолданылған, көп мағыналы сөздердің бірі - ақ сөзі. Бұл сөзді автор әр түрлі мағынада жұмсайды, бір өлеңнің немесе шумақтың ішінде бірнеше рет қайталап, жаңа бояу, жаңа реңктер береді.

Ғ.Мұсабаев өзінің "Қазіргі қазақ тілі" еңбегінде кейбір сөздердің метафоралық мағыналарының ауыспалы немесе тұрақты мағынаға айналатынын, сөйтіп лексикалық омонимдік қатар құрайтынын айтқан болатын. Бұл ойды төмендегі көрсетілген мысалдар арқылы дәлелдеуге болады.

"Ақ" атауының: "таза, пәк, кіршіксіз, адал, әділ, әдемі, сұлу, айқын, асыл, ардақты" т.б. осы сияқты өзара сәйкес, мәндес ұғымдарды білдіруінен де анық көруге болады.



Мұқағали жырларында "ақ" сөзі мынадай тура және ауыспалы мағынада сөз тіркестерінде кездеседі: ақ бастау, ақ жан, ақ жалын, ақ кимешек, ақ қар, ақ бала, ақ улпа, аққа оранган

көшелер, ақ мамық, ақ туман, ақ тау, ақ сәуле, ақ таң, ақ шымылдық, ақ нөсер, ақ бұлт, ақ тас, ақ аспан, ақ үміт, ақ қайын, ақ көңіл, ақ жүз, ақ гүл, ақ түтек, ақ сай, ақ қырау, ақ тозаң т.б.

Ақынның "Естелік" деген өлеңінде "ақ" сөзі тура мағынада, сындық қызметте жүмсалған.

Ауылдың жаны - ақ бастау,



Ақ бастау бар да, жу бетің.

Ақ бастау түбі — ақ таста, Айнымас сенен суретің.

Мұнда автор "ақ" сөзін бір шумақта бірнеше рет қайталайды, кейіпкер өз бетін ақ бастауда жуғанда өзінің өтіп кеткен жастық шағын еске алады. Бұл жерде "ақ" сөзі таза, күнәсіз, тамаша, керемет балалық шақтың күндерін, зымырап ұшып кететін қарқынды сәттерін, бақытты кездерін сипаттауда қолданылған. Нәресте кез өтсе де, бірақ кез келген адамның есінде ол туралы естелік қалады. "Ақ бастау" сөз тіркесі лексикалық анафора жасайды. Сондай-ақ "бастау" деген сөз омоним болады. "Бастау" сөзінің бірнеше мағынасы бар. Мысалы, "бір істің бастауы", "кірісу", "сөз бастауы", "жалыға бастау" т.б. Ал мына өлеңде "бастау" сөзі "бұлақ, қайнар" мағынасында берілген.

Ал "Арманың бар ма?" деген өлеңінде ақын "ақ тауларды, ақ бұлттарды, ақ нөсерлерді" тірі жанмен салыстырып, олардан арманын сұрады.

Армандап Адам сұрады.

Ақ таулар — іштен тынады,

Азан сап тұрып ақ бұлттар,

Ағылда — тегіл жылады.

Ақ нөсер, бар ма арманың?...



Акынның сұрағына "ақ таулар" үндемеді, "ақ бұлттар" "ақ нөсермен" жылады. Мұнда "ақ" сөзінің тура мағынасы берілгенмен, ауыспалы мағынасын айқындауға болады. "Ақ нөсер" сөз тіркесі бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа созылған, ұдайы қайталанып тұратын құбылыс сипаты ретінде пайдаланылған. "Ақ тау" сөз тіркесі "кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз" мағынасында жұмсалған. Ал "ақ бұлт" "аппақ, қардай ақ, таза" мәнін береді. Өлеңде автор «ақ" сөзін қайталап, ардақты, таза, асыл арманды суреттеу үшін шебер қолданды.

М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі түсті білдіретін көп мағыналы сөздердің қайталануы өте маңызды бейнелі компонент. Лексикалык бірліктердің қайталануы мәтіндегі эмоционалдық айшықты сөздердің тойымдылығын, бейнелі айбындылығын көтереді. Мысалы, "Жаздың таңы" өлеңінде "ақ" сөзінің анафоралық қайталануы басты рөл атқарады, автор осы түсті аяулы және нәзік таңның түсімен байланыстырып отырады.

Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,

Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік.

Ақ сәуле үяма кеп үйығанда,

Ақ таңға қанатымды қаққам келіп.

Бұл өлеңде автор "ақ" көп мағыналы сөзін 8 рет қайталайды. Осы бір-ақ омоним сөзі арқылы Мұқағали жаздың таңының сұлулығын, қайталанбас көрінісін сипаттайды. Келесі үш жолда: "Ақ таудың бөлеп мен бесігіне, ақ таңның сүтіменен асыраған, Күн — менің асыл анам, асыл анам", - деп, автор "ақ таң" сөз тіркесін, "күн" сөзін асыл ана бейнесімен салыстырып отырады, "ақ тау" оны бесігіне бөлеп, "ақ таңның сүтіменен" асырайды.

Анафора қолданылуымен бірге өленде тұйықты қайталама кездесіп отырады. Бұл жердегі "ақ таң" сөзі қайталанып отыратын сөздердің қатарында бастамасы және аяқталуы ретінде беріледі. "Ақ таң" сөзінің мағынасы өлеңнің негізгі тақырыбы, автор ақ таңның келгендігін сипаттайды.

Өлеңнің бірыңғай дауысты "А" дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Бұл ассонанс қайталаманың түрі стилистикалық тәсіл ретінде өлеңге ерекше экспрессивтік-эмоционалдық әсер береді.

Лексикалық анафора мен эпифораны белгілі бір өлеңде
анықтау, айқындау ретінде пайдалануға болады, ол арқылы автор
поэтикалық мәтіндегі авторлық ойды сергіте алады, баяндау
жүйелілігін жүзеге асырады. Сондықтан өлеңде түстің реңін,
қоршаған ортадағы кездесетін құбылыстардың қыр-сырларын бір
тұтастыққа біріктіреді және бір табиғат суретінің сипаттамасын
көрсетеді. Мысалы, автор "Қар жауып тұр" өлеңінде "ақ аспан",
"ақ мамық", "аққа оранған көшелер, ағаштар", "ақ тұманға оранған
қала", "ақ қыс" деген сөз тіркестерінде "ақ" сөзін қайталап, мәтінде
автордың сөздеріне бейнелілік, әсерлілік енгізіп, қар басқынын
нақты, көлемді, толық суреттейді.

Заңды ғой,

Заңды бәрі, талас барма,

Аққа оранған көшелер, ағаштар да.

Бар табиғат өзара жарасқан ба?

Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.

Қала жатыр оранып ақ тұманға,

(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да).

Мұнда ақ сөзі "таза, кіршіксіз, жаңа, аппақ, ашық" деген мағынада қолданылып тұр.

Мұқағали поэтикасында түс — заттардың, нәрселердің шынайы өңдерін суреттеумен қатар, ақынның сол нәрселерге көңіл-күйін, ойын, яғни эмоциялық бағасын білдіру үшін құрал ретінде қолданылады, белгілі бір нәрсе жайындағы жеке пікірді, субъективтік пайымдауды білдіреді. Мысалы, "Сағындым ғой дедімау, жаным" жырының "Сол менің ақ, жанымның ақ жалыны" деген өлең жолында ақ сөзі — адал, күнәсіз, әділетті, арамдығы жоқ мағынасында жұмсалып тұр.

Анафоралық және эпифоралық қайталамалар лирикалық кейіпкердің көңілі мен ой дүниесінің диалектикасын сипаттайтын поэтикалық әңгімелеуді ашу, айқындау үшін мүмкіндік туғызады. Мысалы, Мұқағалидың төмендегі өлеңінде "ақ кимешек" қайталанылатын анафоралық сөз тіркесі символға айналдырылған. Автор "ақ кимешекті" көргенде, өзінің ардақты, сүйікті әжесінің бейнесін көреді, таныс дауыс, таныс сөз есіне түседі. Мұнда "ақ" -қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына салатын жаулығының түсі екені айтылған.

Әже, сен бірге жүрсің менімен,



Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кишешек киген бір кемпір көрсем,

Ак кимешек астынан сені көрем.

.... Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса,...

Нені көрем???

Сөйтіп ақын өлендерінде ақ сөзінің мағынасы әр алуан екендігін және өте көп ұшырасатындығын айқын көреміз. Қайталанатын көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Ақ сөзі - адалдықты, тазалықты, әділеттілікті, күнәсіздікті суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақ сөзі табиғат, құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта жырланғандықтан, сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлық десек те болады. Ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ тас, ақ нөсер, ақ тұман және т.б. тіркестер бірнеше рет қайталанады.

Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығаны қазақ тілінде "ақ" сөзінің антонимі - қара сөзі. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдануына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түс, бейне, қайғы-қасірет, қаралы сәт, көңілсіздік т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазақ, қара су, қара ниет, қара қобыз, қара шаңырақ, қара жұлдыз, қара орман, қара жорға, қара күз, қара бас, қара.жау, қара түнек, қара қайғы, қара уайым, қара шалғын т.б. осы сияқты 30-дан астам туынды мағыналардың қалыптасқандығын көреміз. Сонымен бірге қара өлең, қара шал, қара шаңырақ, қара домбыра т.б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарды біддіре алады.

Бұл сөз тіркестері — тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған мағыналы, образды сөз тіркестер.

"Қара" сөзі көбінде сындық мағынада қолданылып, зат есімді анықтайды.

Мысалы:

Қап-қара ғажап сиқырлы

Қашпаңдар қара бояудан!

Қандырып уыз-ұйқымды,



Қап-қара түннен оянғам.

Кап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә, мен мүлде,

Аппақтың нарқын сезбеспін.

Қап-қара көзді бір қыз бар,

Қашпаңдар қара бояудан !

Аспанда қара жұлдыздар



Кап-қара түнде оянған.

Мына өлеңде автор қара сөзін 11 рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп, стильдік бояуын нақтылайды. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң "қ" дыбысынан басталуы, яғни аллитерация тәсілін қолданылуы ерекше эмоциялық әсерге ие етеді. Шумақтың екеуінде "қап-қара" секілді күшейткіш шырайда түрған сөз қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі. Бүл жерде "қашпандар қара бояудан"өлең жолы, "қап-қара" сөзі лексикалық анафораға айналған. Поэтикалық мәтіннің мазмұнына қара түстің реңктері әсер етіп, өлеңді қара түске бояйды. Қара түс өлеңнің басынан аяғына дейін доминант түс ретінде қолданылған. Өлең "қара" сөзімен басталып, "қара" сөзімен аяқталады. Қара түс - әр түрлі киындықтардың түсі, адам өміріндегі бүкіл қарама-қайшылықтың белгісі. Ақын осындай қайшылықты сөздерді қолдану арқылы өмірде кездесетін келеңсіз жайттарды сипаттап жеткізуге тырысқан. Адамның рухани сезімдерін осы сөздерді қолдану арқылы сездірген.



Бұл жерде автор анафорамен бірге сақина қайталаманың түрін қолданады. "Қашпаңдар қара бояудан" деген қайталанып отыратын сөйлемнің мағынасы поэтикалык мәтіннің ішінде ашыла түседі, дамытып отырғаннан кейін, өлеңнің аяғында басқаша естіледі, жаңа мағыналық реңктерді қабылдап, ұран, насихат сияқты айтылады.

Көп мағыналы сөздер, омонимдердің қайталамаларын ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Қара сөзінің қайталануына тағы бір мысал келтірейік:

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,



Қарасазда жүруші ең, қара шалғы,

Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,

Талай-талай көріп ем тамашаңды,

Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.

Бұл үзінді Мұқағалидың "Қара шалғы" дейтін өлеңінен, осы лирикаға Н.Үркімбаева: "Әдетте, қара бояу хақында жағымсыздық ұғымы қалыптасқан. Ал сол қара бояуға ерекше сәуле құйып, құбылтып әкеп, үлкен арнаға салып жіберген де Мұқағали. Мысалы, жоғарғы шумақтағы қара шал - қарапайым еңбек адамы көргенінен түйгені көп, бір өзі шежіре-дастан, әрі бір шаңырақтың ұйтқысы, береке басы. Қара шалғын - кәдімгі түгін тартсаң май шығатын құйқалы өріс, оты қалың өңір. Сол өңірде, шаруақор қара шалдың қолында "қаншама аласұрған", "қаншама рет қапырық күн өткеріп, түн жамылып, қаншама таң асырған" қара шалғы жай ғана еңбек құралы қалпында қалмай, "Сонау жылдар қара шалды қара шалғын ішінде жетелеп" жүрген жырдың негізгі лейтмотиві.

Қазақтың "қара шаңырақ", "қара қазан" сияқты берекелі ұғымдары қатарында "қара шал", "қара шалғын", "қара шалғы" да оқырман танымына жаңа ою-айшықтарымен ой қосатын жанды, қимыл, суреттерге айналған" [15,51] — деп өте дұрыс құнды тұжырым жасаған. Бұдан да басқа Мұқағали шығармашылығы жайында пікір айтқан белгілі ақын О.Асқарды оқиық: "Поэзия сәулесі шарпығанда қандай сөз болса да құлпыра түседі".

Ақынның "Қара суық" өлеңінің атауында



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет